Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы ерте жастағЫ



бет47/91
Дата06.02.2022
өлшемі1,46 Mb.
#34102
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   91
Мазмұны:
Баланың қоршаған ортада бағдарлана білуін кеңейту негізінде сөздік қорын жандандыру мен тілді түсінулерін дамыту. Табиғат құбылыстары мен алуан түрлі заттар туралы алғашқы түсініктерін дамыту, заттар және құбылыстар арасындағы қарапайым байланыстарды орната білуді қалыптастыру, балаларды көрнекіліксіз қоршаған ортадағы адамдардың тілін түсінуге үйрету.
Балаларды педагогтің ауызша сөзбен көрсетуі бойынша: заттарды түстеріне, өлшемдеріне қарай тауып әкелуге («Қызыл кубикті алып кел», «Кішкентай қонжыққа ән айтып берші»), олардың орналасқан жерін ажыратуға («Ойыншық жоғары сөреде (биікте) тұр», «Жанына қой», адамдардың әрекеттері мен жануарлардың қимылына еліктеуге («Суды қалай құятынын көрсет», «Қонжыққа ұқсап жүр»).
Балалардың сөздік қорын:
- транспорт құралдары (машина, автобус), автомобиль бөліктері (кабина, рөл, дөңгелек), өсімдіктер (ағаш, шөп, гүл), жемістер (алма, алмұрт), көкөністер (сәбіз, қызанақ, қияр), үй жануарлары (қой, ешкі, тауық) мен олардың төлдерінің аттарын білдіретін зат есімдермен;
- кейбір еңбек әрекеттерін (жуу, сүрту, үтіктеу, емдеу), өзара қарым-қатынасты (беру, көмектесу, жаны ашу) білдіретін етістікпен;
- заттардың көлемін, түсін, дәмін (үлкен, қысқа, қызыл, көк, тәтті, ащы) білдіретін сын есіммен;
- үстеумен (қазір, жақын, алыс, төмен, жоғары, жылдам, баяу, қараңғы) молайту.
Балаларды осы сөздерді қолдануға үйрету.
Балаларды суреттің мазмұны бойынша, серуенде көргендері туралы тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап беруге, тақпақтар айтуға, салынған суреттер туралы әңгімелеуге, кітаптағы суреттерді қарауға, ол жайында (екі-үш сөйлеммен) әңгімелеуге үйрету.
Суреттегі үй жануарлары (қой, сиыр, тауық және т.б.) мен оның төлдерін (қой - қозы, сиыр - бұзау, тауық - балапан) танып, атауға үйрету. Өсімдіктерді (шөп, ағаш, гүл) ажыратып, дұрыс атауға және гүлдің, шөптің, жапырақтарының түсін атауға, сыртқы түріне қарай ажыратуға, кейбір жемістер мен көкөністердің (сәбіз, қияр, алма, алмұрт және т.б.) дәміне қарай атауға үйрету. Балаларды отбасындағы, балабақшадағы, көшедегі ересек адамдардың кейбір еңбек әрекеттерімен таныстырып, оларды атау (күтуші ыдыс-аяқтарды жуып, сүртеді, анам киім тігеді, кір жуады, үтіктейді, аспазшы асханада ас әзірлейді, дәрігер балаларды емдейді, шашатаразшы шаш үлгісін жасайды, жүргізуші көлік жүргізеді және т.б.).
Айналадағы кейбір транспорт түрлерін (жеңіл және жүк автомобильдері, автобус, трамвай, троллейбус) сыртқы түріне қарап және бөлшектерін (кабина, рөл, дөңгелек, терезе, есік) ажырату.
Тәрбиеші балалармен бірге объектіні қарап, заттың бөлшектерінің (бөліктерінің) (отыратын орындықтың аяқтары, арқасы) атауларын, кейбір қасиеттерін (түс, мөлшер, түр) анықтайды, заттардың маңызы туралы сұрайды. Балалар өзінің, жақын адамдарының аты-жөнін, тәрбиешісін, тәрбиешінің көмекшісінің аты және әкесінің атымен атай білу керек; тұрмыстық заттарды білдіретін сөздерді дұрыс қолдану (киім, жиһаз, ыдыс-аяқ, ойыншықтар) және олардың қолданылуын (төсекте ұйықтайды, үстел басында тамақтанады және сабаққа дайындалады, шкаф пен сөреде - кітаптар мен ойыншықтар орналасады, тостағанға қымыз, шыныаяққа сүт, шай құяды, қасықпен тамақ ішеді) білу керек.
Балалардың заттардың санын (біреу, көп, аз, бір-бірден), олардың кеңістікте орналасуын (биік - аласа, алыс - жақын, астында, үстінде, жанында), қозғалу бағыттарын (алға - артқа) сипаттай білуді жетілдіру. Өз тілінде үстеу мен сын есімді үйлестіріп қолдану.
Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:
- педагогтің ауызша көрсетуі бойынша: заттарды түстеріне, өлшемдеріне қарай тауып, олардың орналасқан жерін ажыратуды;
- транспорт құралдары, автомобиль бөліктері, өсімдіктер, жемістер, көкөністер, үй жануарлары және олардың төлдерінің аттарын білдіретін зат есімді қолдануды;
- кейбір еңбек әрекеттерін білдіретін етістікті, заттың көлемін, түсін, дәмін білдіретін сын есімді, үстеуді қолдануды;
- сурет мазмұны бойынша, серуенде көргендері жайлы тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап бере білуді;
- суреттегі үй жануарлары мен оның төлдерін танып, атай білу, өсімдіктерді ажыратып, дұрыс атау, гүлдің, шөптің, жапырақтардың түсін атап, сыртқы түріне қарай ажыратып, кейбір жемістер мен көкөністердің дәміне қарай атай білу, отбасындағы, балабақшадағы, көшедегі ересектердің кейбір еңбек әрекеттерін атауды;
- айналадағы кейбір транспорт түрлерін сыртқы түріне қарап және бөлшектерін ажыратуды;
- өзінің, жақын адамдарының аты-жөнін, тәрбиешісін, тәрбиешінің көмекшісін атымен және әкесінің атымен атай білуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет