Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұо ақ филиалы жамбыл облысы бойынша біліктілікті арттыру институты



бет42/66
Дата18.10.2022
өлшемі4,08 Mb.
#153599
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66
Сөздік минимум: адалдық – чесность, тазалық- чистота, тұтастық- целостность, бейне- изображение, білдіреді- обозначает, елшілік- посольство, келісөз- переговоры, қарсы алу- встречать, шығарып салу- провожать, ресми- официальный, мекеме- учреждение.
Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Мемлекеттік туда не бейнеленген?

  2. Тудағы ұлттық өрнек ненің белгісі?

  3. Мемлекеттік туымызды Ұлыбританияның туымен (The Union Jack) салыстырыңыз.

  4. Ұлыбританияның туында нелер бейнеленген?Олар нені білдіреді?

  5. Америка Құрама Штаттарының туында нелнр бейнеленген?

  6. Ресей Федерациясының туында нелер бейнгеленген?

Сипаттама беріңіз.

Елтаңба
Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президентiнің “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлерүшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтыңсәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет