Айзенктің темпераментті анықтау тесті Нұсқау: Сізге өзіңіздің тәртібіңіз және сезім ерекшеліктеріңізге байланысты бірнеше сұрақтар беріледі. Әр сұрақтың тұсында «ИӘ» немесе«ЖОҚ» жауабы үшін орын қалдырылған.
Тез және мұқият жұмыс істеуге тырысыңыз. Бір сұраққа ойланып, кеп уақыт жұмсаудың қажеті жок. Сіздің тез қайтарылған жауабыңыз кымбат. Барлық сұрақтарға бірнеше ғана минут арнағаныңыз жөн. Еш сұрақ жауапсыз қалмасын. Парақты аударып, жұмысқа кірісіңіз. Тез қимылдаңыз және жауаптың «жақсы», «жаман» болып бөлінбейтіні естен шықпасын. Бұл Сіздің ақыл-ой немесе қабілет сыны емес, тек темперамент ерекшеліктеріңізді анықтау ғана.
1. Сіздің бұрын кездеспеген әсерлерге еліктеп, көңіл-күйіңізді құбылтып тұруға құмарлығыңыз бар ма?
2. Өзіңізді жақсы түсініп, ақыл айтып, істеген ісіңізді құптап, жұбатып тұратын достардың сізге қажеті бар ма?