Самал Жуанышпаева



Дата12.10.2020
өлшемі17,71 Kb.
#68354

Самал Жуанышпаева, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің қазақ тілі кафедрасының доценті


Өмірлік тәлімгерім


Мектеп – адамға біліммен қатар тәрбие беретін шеберхана. Талай баланы білім бұлағынан сусындатып, оның қоғамға бейімделуіне сүбелі үлес қосатын ұстаздардың еңбегі өлшеусіз. Алтын ұя – мектеп жайында сөз қозғағанда, облыс орталығындағы бұрынғы №2 қазақ мектеп-интернаты жайында айтпай кету мүмкін емес. Ауылдан келген талай қазақ балалары үшін жаңа өмірдің бастауы болған білім ошағындағы ұстаз-тәрбиешілер бізге үлкен қамқорлықпен қарап, үнемі қасымыздан табылатын. Олардан өнеге ала жүріп, көбіміз ұстаздық жолды таңдадық. Оқушыларға жақсы қырынан танылып, бала жүрегімізге жылылық ұялатып, оқуға деген ықыласымызды арттыра түскен педагогтер – қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Әлия Малдыбаева, физика мұғалімі Бекет Мұстафин, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің ұстазы Рәмзия Жақыпованың орны әлі күнге ерекше. Олардың сабақ өткізу мәнері де есімде жақсы сақталды. Әлия Ғалымқызы Абайдың ақындығы туралы айтқанда, оның өлеңдерін жатқа оқи жөнелетін. Ал сазгерлігі туралы сөз қозғағанда, әсем дауысымен “Желсіз түнде жарық ай”, “Көзімнің қарасы” әндерін нақышына келтіре шырқап беретін. Физика пәнінің мұғалімі Бекет Салықұлы әр сабақты формула сұраудан бастайтын. Бір қызығы, олар әлі күнге менің есімде. Мұның барлығы – білімді, білікті ұстаздардың ерекше қабілетінің көрінісі.


Ал Рәмзия Әбдірахманқызын 1987 жылы қазақ интернатында отрядтық жүйе қалыптасып, бізге жетекші болып бекітілген кезінен бастап, жақынырақ тани түстік. Ұстазымыз бізге туған балаларындай қарап, ақылшымыз, қамқоршымыз бола білді. Отрядтағы қыздар сөзі де, ісі де өзіне жарасып тұратын мұғалімімізге еліктеп, ұқсауға тырысатынбыз.

Интернаттағы оқу бөлмелерінің ішінде есімде қалғаны Рәмзия Әбдірахманқызының кабинеті. Оның іші әрдайым тап-таза болып, гүлдің иісі аңқып тұратын. Сөрелері классик ақын-жазушылардың шығармаларына, қолдан жасалған альбомдарға толып тұрушы еді. Сол альбомдардан пайдалы дүниелердің табылып шыға беретініне таңғалушы едік.

Мен Рәмзия Әбдірахманқызының көп қолдауын көрген шәкірттерінің бірімін. Зейнетке шыққан алғашқы жылдарда ол №6 орта мектепте сабақ берді. Сол кездері мен де оқу бітіріп, осы мектепке қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі болып орналастым. Сол кезде Рәмзия тәтеміз маған көп көмек көрсетті. Сөйтіп, жас маман болғанымда да, ұстаздық қамқорлығын аяған емес.

Бірде Рәмзия тәте үйіне шақырып алып, қолыма бір құшақ папканы ұстатты. Олардың ішінде көрнекі құралдар мен әдістемелік материалдар бар екен. Баяғы мектептегі альбомдар есіме түсіп, тартқан сыйын қуана қабыл алдым. Оларды әлі күнге дейін пайдаланып жүрмін.



Әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін өмірлік ұстазы санайды. Мен үшін – Рәмзия Әбдірахманқызы осындай адам. Жуырда сыныптастарымызбен жиналып, ұстазымызға қонаққа бардық. Әрқайсымыз қол жеткізген жетістіктерімізді тілге тиек етіп, интернатта өткен күндерді сағына еске алдық. Төрт баланың аяулы анасы, он немеренің ардақты әжесі бүгінде сексеннің сеңгіріне шықты. Қарттыққа аяқ басқан жан өнегелі сөзімен айналасының сый-құрметіне бөленіп отыр. Рәмзия Әбдірахманқызының еңбегіне шексіз ризамыз. Өзі де, сөзі де үлгі бола білген осындай ұстаздар қатары қалыңдай түссе, нұр үстіне нұр болар еді.
// Солтүстік Қазақстан. - 2018. - 3 мамыр
Каталог: files -> user
user -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
user -> Әлия-саптан ұмтылып, Жүгіріп шықты аптығып, Құшақтап алған мылтығын, Кіршігін қақпай қалт тұрып. Сағи Жиенбаев
user -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
user -> Пайдаланған әдебиеттер
user -> Ақын, жазушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына библиографиялық шолу
user -> Қазақстан тарихы
user -> Дулат Қожахметов Жырдың жез қанатты ақынын еске алуға арналды Облыс орталыгында Кэкімбек
user -> Ақиқаттың адамы /Бердібек Соқпақбаевтың 90-жылдығына библиографиялық шолу
user -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
user -> Қазақстан тарихы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет