Әркім азса, қатарымен азады
Елкей хан бір жиылыста отырғанда ешкім сөз бастамапты. Елкей көпшілікке қарап:
Неге үндемейсіңдер? Бұл жиында сөз кім бастауш еді? депті.
Сонда көпшілік: «Тоқта, Абан би келсе, сол бастайды» депті. Би тез келе қоймапты. Абан келгенше әңгіме өрбімейді. Бір кезде кешігіңкіреп Абан келіпті. Абан аласа бойлы, ажарсыз қара кісі екен. Елкей бұрын Абанды көрмеген екен. Жұрт «Абан, Абан» дегенде Абанды қарны қабақтай, шекесі тоқпақтай, көзге толық, көрікті кісі шығар деп ойлаған екен. Абанды көрге соң оны қомсынып, хан былай дейді:
Әлгі күн ұзаққа елдің «Абан, Абан» деп дәріптегені осы ма еді? Азған жаушымшық торғайдай шылпиған, үйрек бас немені өлгенше мақтағаны не қылғаны?
Елкей де онша көрнекі ірі кісі емес екен. Сонда Абан Елкейдің бетіне қарап былай дейді:
Елкей сөзден ұтылып, жауап таба алмай қалыпты.
Абан шешен сөйлеген соң, әңгіме қыза бастапты. Бұл жиынағының көпшілігі төрт қараның билері екен. Абанды қорашсынып: «Абанша би, топтан торай шалдырмас табанша би» депті біреулер.
Билер, ол не дегенерің? «Әлімнің билері биіктігімен Сырдан жүзіп өтті, Шөмкейдің билері аласалықтан суға кетті» деп кімнен естідіңдер? депті сонда Абан.
Төрт қараның билері ұтылып, сөз таба алмай қалыпты.
Достарыңызбен бөлісу: |