Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі шырақбек қабылбаев атындағЫ Қостанай академиясы



бет22/50
Дата08.11.2023
өлшемі265,94 Kb.
#190248
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50
Уланудың созылмалы түрі - уланудың бұл түрі жайлап, аз мөлшерде білінбей жүріп жатуы мүмкін. Ондай улану удың органызмде жиналуының әсерінен болады. Мысалы, бензонмен өткір улану болғанда негізінен жүйке жүйесі зақымданады, ал осы затпен созылмалы түрде уланса,онда қан жасау жүйесі зақымданады.
Зиянды заттар организмге түскен соң, әр түрлі химиялық өзгеріске ұшырайды: биотрансформация немесе метоболизм. Улы зат клеткалы мембранамен, ақуыз құрылымымен және клетканың басқа да құрылымдарымен тінаралық ортамен қарым – қатынасқа түсіп өзгереді – бұл удың әр жолмен өз күшін жоғалтуы.
Бірінші жол – удың химиялық құрылымының өзгеруі.
Екінші жол – улы заты уақытша бір органдарға бөліп қоюы (депонирование). Бұл жол – уақытша қанда айналып жүрген удың көлемін азайтады. Мысалы, ауыр металлдар (қорғасын, кадмии) сүйекте, бауырда, бүйректе, кейбір улы заттар жүйке жүйесінде жиналады. Бұл процесс өте күрделі және уды жоюдың негізгі тиімді жолы болып саналмайды. Себебі қан айналымына кез келген уақытта қайта түсуі мүмкін.
Үшінші жол – организмнен шығуы – бұл әр түрлі жолмен болады: тыныс алу жолдары арқылы, асқорту, бүйрек, тері, темір. Мысалы, ауыр металдар ішек - қарын жолымен организмнен шығады. Терлегенде термен де шығуы мүмкін.
Зиянды заттардың көп түрлілігіне қарамастан, олардың туғызатын сырқаттардың потологиялық процесстері ұқсас келеді.
Адамның ағзасына әсер ететін зиянды заттар;
- жалпы уландыратын – ағзаны уландыратын немесе жеке жүйелерді зақымдайтындар, сонымен қатар бүйрек пен бауырдың потологиясын өзгертеді (көміртек оксиді, қорғасын т.б.)
- тітіркенгіштік – демалу органдарының көздің, өкпенің, тері бездерінің тітіркенуі (хлор, аммиак, азот, оксид т.б.)
- сезімталдық – аллерген тәрізді қызмет атқарады.
- мутагендер – генетикалық кодтың бұзылуына әкеледі, тұқымқуалаушылықтың мәліметтерін өзгертеді.
- канцкрогендік - жаңадан қалыптасқан зияндыларды тудырады (хром, никель, асбест, хош иісті көміртектер)
Зиянды заттардың ағзаға түсу жолдары, ол негізнен демалғанда өкпе арқылы, бұл ең қауіпті жолдардың бірі, яғни зиянды заттар жан-жаққа таралатын жасуша ұлпасы арқылы қанға еніп, бүкіл ағзаға таралады,ал асқазанға тамақ пен су арқылы кіреді.Сонымен қатар улы заттардың ағзаға енуі гигиеналық ережелерді сақтамағандықтан болады, шылым шегу, кір қолмен ас ішу т.б. болып табылады.
Ас қорыту мүшелерінде оның құрамы ағзаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Химиялық заттардың көбі, бүйрекке енген кезде, аз уақыт ішінде сақталып, залалсызданады, сонымен бірге химиялық заттардың тері арқылы ағзаға таралуы оның суда ерігіштігіне байланысты.
Биологиялық тұрғыдан басқа, кейбір заттар адамға фиброгендік әсер етеді,бұл заттар өкпеге жеткен кезде, пневмокониоз ауруын туғызады.
Зиянды заттармен түйісу арқылы ағзаға еніп, уландырады,ол жалпы улану, удың қанға ену арқылы болады,ал нақтылы – белгілі бір жерде жасушалардың зақымдалуы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет