Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі шырақбек қабылбаев атындағЫ Қостанай академиясы



бет20/50
Дата08.11.2023
өлшемі265,94 Kb.
#190248
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50
Озон қабатының бұзылуы. Техногенды ластанудың анықталған мөлшері озонды қабатқа түсіп, оны бұзады. Озон қабатының бұзылуы қысқа толқынды ультро күлгін сәулелердің жердің өтуіне мүмкіндік тұғызады. Ультро күлгін сәулелену өсімдік үшін қауіпті, онкологиялық және көз науқастарының саны жоғарлайды.
Озон қабатының бұзылуына әкелетін негізгі заттар хлор мен азот қосылыстары болып табылады.Озондық қабатқа хлор мен азот түсуінің негізгі көздері: ұшақтар, ракеталар, жанартаугаздары, фреон қолданылатын технологиялар, атомдық жарылыстар.


3. Өмір сүретін ортаны қауіпті және зиянды факторлардан қорғау
Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде – 5500, дәрі –дәрмек – 4000, тұрмыс химиясында – 1500 пайдаланылады. Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 100-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр [12, 12 б.].
Зиянды факторлар - белгілі жағдайларда ауруға әкеп соқтырады.
Қауіпті факторлар - белгілі бір жағдайда травмалық зиян келтіреді.
Зиянды және қауіпті факторлар өзара келесі топтарға бөлінеді:
-физикалық - барлық қозғалатын, кесілетін, құлайтын, температураның көтерілуі мен төмендеуі, барометриялық қысым; газдану, судың деңгейі, вибрация, ультродыбыс, инфродыбыс, иондық, электромагниттік сәулелену, ультрофиолет пен ультроқызыл радиация; жарықтың, сәулеліктің пульсациясы, жарықтың жеткіліксіз болуы;
-химиялық - зиянды заттар, технологияда қолданылатын улы заттар, улы химикаттар, емдік дәрілер;
-биологиялық - бактериялар, вирустар, микроағзалардың ерекше түрлері, қоршаған ортаны биологиялық ластау;
-психофизикалық - өндірістік факторлар ойды қатты зорықтыру, еңбектің біркелкілігі, эмоцианалды зорығу;
Улы химиялық заттар, өзінің пайдалануына байланысты төмендегідей болып жіктеледі:
-өнеркәсіп улы - өндірісте қолданылатын заттар;
-улы химикаттар – ауыл шаруашылығында қолданылатын заттар;
-дәрі-дәрмектер;
-тұрмыс химикаты;
-өсімдіктер және жануарларда, саңырауқұлақтарда, құрт-құмырсқаларда болатын заттар;
-әскери улаушы заттектер.
Адам организміне әсер ету сипаты бойынша улы заттар төмендегідей болып бөлінеді:
-жалпылама улылар - организмді жалпы улайтын, жеке органдарды ауру етіп, істен шығаратын улы заттар;
-қоздырғыштар - тыныс жолдарының шырышты (слизистый) қабатын, көзді, өкпені, теріні ауру ететін заттар;
-аллергия тудыратын заттар;
-мутагендер - генетикалық кодты бұзатын заттар;
-канцерогендер - қауіпті ісіктер тудыратын заттар;
-бала жасау қызметін жоятындар - қорғасын, сынап, стирол, радиоактивті басқа да заттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет