238
қаныққан-қанықпағанына байланысты қарапайым липидтер қат-
ты жəне сұйық күйде кездеседі. Өсімдікте қарапайым липидтер
түзілетін негізгі заттар – көмірсулар, олардың ішінде, глюкоза
мен фруктоза. Кейбір микроағзалар пентозалардан қарапайым
липидтерді синтездейді. Қарапайым липидтердің синтезі тұ-
қым мен жемістің жетілген кезінде қарқынды жүреді. Ағзада
қарапайым липидтердің мөлшері көбейгенде, көмірсулардың
мөлшері азаяды. Жас жаңғақ жемісінде 3% май, 21% крахмал
болады, ал жетілген жаңғақ жемісінде 62% май, 2,6% крахмал
кездеседі.
Қарапайым липидтер молекуласындағы қышқылдарының
санына байланысты моно-, ди- жəне триглицеридтер болып
бөлінеді. Егер күрделі эфир глицериннің бір гидроксилдік тобы-
нан құралса, ол – моноглицерид, құрамына май қышқылының
екі молекуласы кірсе, диглицерид түзіледі, сол сияқты егер гли-
цериннің үш гидроксилдік тобының үшеуі де этерленсе, онда
триглицерид құралады. Табиғи майларда негізінен триглицерид-
тер ғана кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: