44
тұрады, ал күрделі белоктардың құрамында белоктың бөлігінен
басқа жанама, табиғаты белок емес бөлігі болады.
Осы екі топ өзара топшаларға, яғни шағын топтарға бөлінеді.
Протеиндерді əртүрлі ерітінділердегі ерігіштігіне байланысты
топтарға бөледі.
Альбуминдер – бейтарап тұздармен, мысалы, аммоний суль-
фатымен немесе натрий сульфатымен толық қанықтырылған
кезде тұнбаға түседі. Протеиндердің өкілдері суда еритін альбу-
миндер, табиғатта кеңінен тараған белок. Əсіресе, адамның қан
плазмасының құрамында көп, оның үлесіне плазмадағы жалпы
белок мөлшеріне шаққанда 50% тиеді. Альбумин молекуласы те-
ріс зарядталған. Құрамында глутамин қышқылы болғандықтан,
оның қышқылдық қасиеті бар. Екінші бір кең тараған өкілі - гло-
булин. Глобулиндер көптеген өсімдіктердің дəніндегі белоктың
негізін құрайды, əсіресе, бұршақ тұқымдас, майлы өсімдіктердің
дəнінде көп болады. Глобулин сəл қышқылдық қасиеті бар неме-
се бейтарап белоктарға жатады. рН = 6-7,3. Глобулин қанда көп
кездеседі.
60-80%-дық этил спиртінің ерітіндісінде еритін қарапайым бе-
лок - проламиндер. Бұлар тек қана астық тұқымдас өсімдіктердің
дəнінде кездеседі, онда олар қор ретінде жиналады. Бидай мен
қара бидай дəнінде – глиадин деген белок, ал арпа дəнінде – гор-
деин, жүгеріде – зеин деген спиртте еритін белоктар мөлшері
өте көп болады. Бұл белоктар тобында ауыстырылмайтын амин
қышқылдары тапшы.
Сілті ерітіндісінде (0,2-2% NaOH) еритін белоктар – глюте-
линдер. Бұларда өсімдіктерде тараған. Бидай дəнінде болатын
осы топшаға жататын глютелин, ал жүгеріде – оризенин деген
белоктар болады.
Протаминдер
Достарыңызбен бөлісу: