58
Қарапайым ферменттер дегеніміз – қарапайым белоктар, олар
гидролиз кезінде амин қышқылдарына ғана ажырап бөлінеді.
Қарапайым ферменттерге мыналар жатады: рибонуклеаза, пеп-
син, трипсин, химотрипсин, папаин, амилазалар жəне гидролаза
класына жататын басқа да ферменттер.
Күрделі ферменттер дегеніміз – күрделі белоктар. Күрделі
ферменттер екі бөліктен: белоктік жəне белоктік емес бөліктерден
тұрады. Ферментердің белоктік бөлігі апофермент деп, ал белоктік
емес бөлігі простетикалық топ немесе кофактор (кофермент) деп
аталады.
Кейбір ферменттердің простетикалық тобы белоктік ком-
поненттен еркін диссоцияланады жəне диализ арқылы бөлінуі
мүмкін. Кейбір тотығу-тотықсыздану ферменттері бірдей ко-
ферменттен тұрады, бір-бірінен өздерінің апоферменттері ар-
қы лы ажыратылады. Кофермент бір апоферменттен бөлініп
басқа апоферментке қосыла алады. Апофермент коферментсіз
(прос тетикалық топсыз) активті болмайды, дəл солай кофермент
апоферментсіз активті емес.
Достарыңызбен бөлісу: