61
сушада негізінен митохондрияда кездеседі. Олар екі компонентті
ферменттер. Əсер ететін субстратына қарай топтарға жіктелген.
Əрбір топ бірнеше топшаларға тармақталған. Олар бір-бірінен
сутегі протонын немесе электронын
қабылдайтын акцепторлар-
мен ерекшеленеді.
Оксидоредуктазалар катализдейтін тотығу-тотықсыздану
реак цияларының түріне жəне тотығуға ұшырайтын сутегі доно-
рымен тотықсызданатын акцептор түріне қарай 4 топқа бөлінеді.
1. дегидрогеназалар тобы.
2. цитохромдар тобы.
3. каталаза, пероксидаза тобы
4. гидроксилазалар тобы.
Оксидоредуктазалар
кең таралған ферменттер, энергетика-
лық процестерде үлкен рөл атқарады. Оксидоредуктаза класы
17 топшаға бөлінеді.
Дегидрогеназалар –
тотығу реакцияларына дегидрлеу (сутегін
бөліп шығару) арқылы қатысады. Дегидрогеназалар субстраттың
тотығуын сутегі атомы (Н) немесе электрондарын (е¯) бөліп
алу жолымен қамтамасыз етеді. Сутегін
беріп отырған субстрат
сутегінің доноры деп, ал сутегін немесе электронды қосып
алған затты сутегінің акцепторы деп атайды. Сутегін бөлген зат
тотығады, ал қосып алған зат тотықсызданады.
Лактатдегидро
CH
3
–CH–COOH+НАД
+
CH
3
–C–COOH+НАДН•Н
+
│ геназа ║
OH
O
Ағзада тотығу-тотықсыздану процестері əрдайым жүріп оты-
рады. Осы процестердің нəтижесінде энергия түзіледі.
Дегидрогеназалардың саны 150-ден асқан. Негізгі өкілдері:
Пиридин – ферменттер (ПФ)
екі компонентті, апофермент
жəне коферменттен тұрады. Олардың арасындағы байланыс əлсіз.
Апоферментті субстратты абсолюттік арнайылықпен анықтайды,
яғни субстратты таниды. Коферментті фермент молекуласының
тұрақтылығын сақтап, катализдің жүруін қамтамасыз етеді. ПФ –
коферменті никотинамидадениндинуклеотид (НАД
+
) жəне нико-
62
тинамидадениндинуклеотид фосфат (НАДФ
+
) деп аталады. НАД
+
жəне НАДФ
+
-тың құрамында никотинамид (В
5
витамині, РР), ри-
боза, фосфор қышқылы жəне АМФ болады.
Пиридин ферменттердің коферменті апоферментімен тек
тотыққан күйінде
ғана байланысады, ал кофермент тотықсыз-
данғанда апоферменті бөлініп шығады.
Флавинферменттер - тотыққанда сары түс беретін бол
ған-
дықтан, флавопротеидтер (ФП) деп аталады.
ФП – күрделі, екі компонентті, коферменттері флавинмоно-
нуклеотид (ФМН) жəне флавинадениндинуклеотид (ФАД)
болып
келеді. ФП – молекуласы өте үлкен, сондықтан бір апофермент-
ке бірнеше кофермент қосылады. Кейбір молекулалаларының
құрамында мыс (Сu
2+
) , темір (Ғе
2+
) жəне молибден (Мо
2+
) ионда-
ры кездеседі. ФП құрамындағы темірді гемсіз темір деп атайды.
Цитохромдар.
Цитохром (Ц
х
О) жүйесіне цитохромдар жəне
оттегі молекуласын активті күйге айналдыратын цитохромокси-
даза ферменттері кіреді. Цитохром жүйесінің
ферменттері - ге-
мопротеидтер, олардың геміндегі темірдің валенттілігі ауыспалы
болады. Олардың көмегімен биологиялық тотығу тізбегінде элек-
трондар тасымалданады. Қазіргі кезде 20-дан астам цитохромдар
белгілі.
е
-
Цх (Fe
3+
) Цх (Fe
2+
)
ферри- е
-
ферро-
тотыққан күйі тотықсызданған күйі
Өкілдері: цитохром b – екі компонентті фермент, простетика-
лық тобы гем.
Цитохром
С
1
– екі компоненттен тұратын фермент. Кофер-
ментті гем.
Цитохром
С
– екі компонентті фермент. Цитохром а жəне а
3
– екі компонентті ферменттер. Апоферменттері əртүрлі, кофер-
менттері ұқсас гем.
Цитохромоксидаза (Ц
х
О) күрделі белок, молекуласында екі
атомы болады. Ц
х
О митохондрияның ішкі жағында орналасқан.
Каталаза жəне пероксидаза тобы.
Достарыңызбен бөлісу: