60
қолданылып жүргeн атауларына талдау жасап бекітті.
Мұның
негізінде бірнеше принциптер сақталады:
1. «аза» жалғауымен аяқталатын атаулар, тек жеке фермент тер
үшін қолданылатын болды.
2. ферменттердің аталуы мен жіктелуі
олардың катализдейтін
реакцияларына негізделді, бұл арнайылығы бар ферменттерді
бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік береді.
3. ферменттер катализдейтін
реакцияларының типіне қарай
топтарға бөлінеді. Реакцияның аталуы субстраттың аяқталуымен
бірлесіп, жеке ферменттің аталуын құрайды.
4. Барлық ферменттер 6 класқа жіктеледі. Əрбір класс топ-
тарға, топтар топшаларға бөлінеді.
5. Əрбір фермент 4 саннан тұратын жүйелік
реттік номермен
(номенклатуралық шифрі) шифрленеді. Оның алдына фермент-
тің классификациялық (ФК) белгісі жазылады. Бірінші саны -
ферменттің класы;
екінші саны - ферменттің тобы; үшінші саны -
ферменттің топшасы, төртінші саны - ферменттің атын білдіреді.
Халықаралық биохимиялық Одақтық комиссия 1961 жылы
барлық ферменттерді 6 класқа классификациялады.
1-ші класс оксидоредуктазалар – тотығу-тотықсыздану реак-
цияларын катализдейді.
2-ші класс трансферазалар –
атомды немесе атомдар топта-
рын бір заттан екінші затқа тасымалдайды.
3-ші класс гидролазалар – заттардың гидролиз жолымен ыды-
рауын тездетеді.
4-ші класс лиазалар – қос байланыс үзілген орынға атомдар
тобының жалғасуын немесе заттардың
гидролиздік емес жолдар-
мен ыдырауын жүзеге асырады.
5-ші класс изомеразалар – бір заттың екінші затқа изомерлену
реакцияларын катализдейді.
6-шы класс лигазалар - АТФ энергиясы есебінен екі
молекуланың қосылуын катализдейді.
Достарыңызбен бөлісу: