ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 4
Тақырыбы: Фермент активтілігіне температура, рН, фермент пен субстрат концентрациясының әсерін зерттеу.
Мақсаты: Ферменттердің химиялық табиғаты, олардың активтілігіне әсер етуші факторлар туралы түсініктерді қалыптастыру.
№ 16 жұмыс. Фермент активтігіне температураның әсері.
Видео-сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=d3eQTPI3he4&feature=emb_logo
Принципі: Әдіс крахмал гидролизі жылдамдығының температураға байланысты болуына негізделген.
Анықтау әдісі: 5 пробиркаға 20 есе сұйытылған сілекейден 10 тамшыдан құйылады. № 1 және № 2 пробиркаларды мұзға, № 3 пробирканы бөлме температурасына, № 4 пробирканы термостатқа (t=450С), ал № 5 пробирканы қайнап жатқан су моншасына қояды. 10 минут өткеннен кейін барлық пробиркаларға 10 тамшыдан 0,5% крахмал ерітіндісін қосады. № 1, 3, 4 пробиркаларды сол температура жағдайында қалдырып, ал № 2-ші, 5-ші пробиркалар 5 минутқа термостатқа (t=450С) қойылады.
Одан кейін барлық пробиркаларға 1 тамшыдан Люголь реактиві қосылады.
Пробиркалар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Температура
|
00С
|
00С
|
240С
|
450С
|
1000С
|
Реактивтер
|
|
|
|
|
|
Сілекей амилазасы (1:20)
|
10т
|
10т
|
10т
|
10т
|
10т
|
10 минут инкубацияланады
|
0,5% крахмал ерітіндісі
|
10 тамшы
|
|
5 минут инкубацияланады 450С
|
Люголь реактиві
|
1т
|
1т
|
1т
|
1т
|
1т
|
Боялуы
|
|
|
|
|
|
Гидролиз жүрсе (+)
|
|
|
|
|
|
Жүрмесе (-)
|
|
|
|
|
|
Ескерту: _00С – мұз, 240С – бөлме температурасы, 450С – су моншасы немесе термостат, 1000С – қайнап жатқан су моншасы.
Крахмалдың декстринизациясы:
Крахмал
|
(йодпен көк түске боялады)
|
↓
|
|
Амилодекстриндер
|
(йод әсерінен сия-көк түстен сия түске дейін боялады)
|
↓
|
|
Эритродекстриндер
|
(йод әсерінен қызыл-қоңыр түстен қызыл-сары түске дейін боялады)
|
↓
|
|
Флаводекстриндер
|
(йодпен сары-қызғылт түс береді)
|
↓
|
|
Ахродекстриндер
|
йодпен түс бермейді
|
↓
|
|
Мальтодекстриндер
|
йодпен түс бермейді
|
↓
|
|
Мальтоза
|
йодпен түс бермейді
|
№ 17 жұмыс. Фермент активтігіне орта рН-ң әсері.
Принципі: Әдіс pH мәні әр түрлі орталарда крахмал гидролизінің жылдамдығын салыстыруға негізделген.
Анықтау әдісі: Үш пробиркаға белгілі pH мәні бар буфер ерітінділері құйылады. Одан кейін барлық пробиркаларға 10 тамшы 30 есе сумен сұйытылған сілекей қосылады. Ерітіндіні араластырып бөлме температурасында штативте 10 минутқа қалдырады. 10 минуттан кейін барлық пробиркаларға 10 тамшыдан 0,5% крахмал ерітіндісі құйылады. Ерітіндіні араластырып, бөлме температурасында штативте 5 минутқа қалдырады. Одан кейін барлық пробиркаларға 1 тамшыдан Люголь реактиві құйылады, алынған бояудың түсі кестеге жазылады.
Пробиркалар
|
1
|
2
|
3
|
Ортаның рН
|
1,5
|
6,8
|
9,0
|
Реактивтер
|
|
|
|
Буфер ерітіндісі
|
1 мл
|
1 мл
|
1 мл
|
Сілекей (1:10)
|
10т
|
10т
|
10т
|
10 минут бөлме температурасында инкубацияланады
|
0,5% крахмал ерітіндісі
|
10 т
|
10 т
|
10 т
|
5 минут бөлме температурасында инкубацияланады
|
Люголь реактиві
|
1 т
|
1 т
|
1 т
|
Бояудың түсі
|
|
|
|
Гидролиз жүрсе (+)
Жүрмесе (-)
|
Тақырып бойынша негізгі қарастырылатын сұрақтар:
Ферменттер, түсінік.
Фермент пен бейорганикалық катализаторлардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
Ферменттердің активті орталығының құрылысы, рөлі.
Аллостерикалық орталық, маңызы.
Изоферменттер туралы түсінік, диагностикалық маңызы.
Ферменттердің субстраттық және катализдік арнайылығы.
Ферменттердің әсер ету механизмі, әсер ету қуаттылығы.
Ферменттердің активтілігіне температураның әсері, қайтымды және қайтымсыз инактивация туралы түсінік.
Орта рН-ң ферментативті реакцияға әсері.
Ферментативті катализдің жылдамдығына фермент пен субстрат концентрациясының әсері.
Дайындалуға ұсынылатын электронды ресурстар:
Ферменттер - https://youtu.be/pFVR4_pdi84
Факторы, влиящие на активность ферментов https://lifelib.info/biochemistry/biochemistry_1/5.html
ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕПТЕР ПЕН ЖАТТЫҒУЛАР
Жағдайлық есептер:
Екі пробиркаға белгісіз ерітінді құйылды. Сахараза қосып, пробиркаларды 370С температурада термостатқа орналастырды. Содан кейін бірінші пробиркадағы ерітіндімен Селивановтың түсті реакциясын, ал екінші пробиркадағы ерітіндімен Фелинг реакциясын өткізді. Екі реакция да – оң. Сахаразаның абсолютті арнайылығын қай пробирка дәлелдейтінін анықтаңыз. Пробиркаларда қандай субстрат бар еді? Абсолютті арнайылылық дегеніміз не?
Крахмал ерітіндісі бар пробиркаға сілекей безінің амилазасын құйылды, содан соң пробирканы 5 минутқа 40°С температурадағы термостатқа қойылды, содан соң пробирканы термостаттан шығарып, суытып 1 тамшы Люголь ерітіндісі тамызылды. Қандай түс пайда болатынын болжам жасаңыз. Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Сахароза ерітіндісі бар пробиркаға сілекей безінің амилазасын құйылды, содан соң пробирканы 5 минутқа 40°С температурадағы термостатқа қойылды, содан соң пробирканы термостаттан шығарып, суытып 1 тамшы Фелинг ерітіндісі тамызылды. Қандай түс пайда болатынын болжа жасаңыз. Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Ферментің табиғаты белок екенін қандай реакция арқылы дәлелдеуге болатын жазыңыз.
0°С температурадағы қайтымды инактивацияны қалай дәлелдеуге болатынын түсіндіріңіз.
100°С температурадағы қайтымсыз инактивацияны қалай дәлелдеуге болатынын түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |