Қазіргі заман жағдайында қазақ халқының ауызша мұрасы (тарихи дәстүрлерді) мен жазбаша тарихнамасы (Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Қасымұлы Жалайырдың шығармаларын) зерттеу



Дата27.04.2022
өлшемі16,73 Kb.
#141017
Байланысты:
азіргі заман жа дайында аза хал ыны ауызша м расы (тарихи д


Даутова.Х
2ШТ 102АО
ОСӨЖ-11
Эссе
Қазіргі заман жағдайында қазақ халқының ауызша мұрасы (тарихи дәстүрлерді) мен жазбаша тарихнамасы (Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Қасымұлы Жалайырдың шығармаларын) зерттеу».
Қазақ халқының бүгінгі мәдениеті мен дүниетанымын тереңі-нен әрі жан-жақты түсіну үшін оның қайнарларын халқымыздың архетиптік санасындағы іздерінен іздеу яғни түріктер мен арғы-қазақ мифологиясынан бастап, ілкі түркілер мен ежелгі қазақ-тардың дәстүрлі мәдениетінен табу керек. Қазақ халқының дүние-танымы мен дәстүрлі мәдениетінің рухани тамырлары мен бастау көздері ежелгі сақ, ғұн және ортағасырлық түркі мәдениетінде екенін отандық зерттеушілер бүгінгі күні дәлелдеп, түйіндей тү-суде. Әсіресе, ортағасырда барлық түркі халықтарының бірігіп, бір суперэтносқа ұйысқан кезеңнің орны бөлек. Елбасы Н. Назар-баев ғасырлар тоғысының Түркі қағанатының 1450 жыл толуы қар-саңында жазылған «Тарих толқынында» еңбегінде былай деп жазды: «Біздің бәріміздің де мақтаныш етуімізге тұрарлық мол мұрамыз бар. Өйткені ата-бабаларымыз адамзат тарихында өш-пес із қалдырып кеткен, Еуразия құрылығындағы халықтардың тағдырына орасан зор күшті әсер еткен».

Өткен тарихымызға құрметпен қарап, оны танып-білуге деген құштарлық, рухани мұраларымыздың негіздерін айқындауға деген, ұрпақтар арасындағы мәдени-тарихи сабақтастықты жаңғыртуға деген ұмтылыс еліміздің тәуелсіздік алуы барысында мүмкін бо¬лып отыр. Ол қазіргі тарихи кезеңдегі қоғамның қажеттілігінен ту¬ындап, өркениетті мемлекет құру міндетімен байланыстырылады. Отаршылдық тұсында сөнуге сәл қалған рухани мұраның ұшқынын қайта тұтату үшін Елбасының бастамасымен көтеріліп, жүзеге асқан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының тигізген әсері зор болды. «Қазақтың ежелгі даласындағы түркі тілді мәдениеттің терең астарлы тарихына үңілетін болсақ, онда әлемдік мәдениетке өзіндік үлесін қосатын талай мәдени мұраның қорына тап бола¬мыз. Тек осы рухани байлықты төкпей-шашпай, келесі ұрпаққа барлық қадірін түсірмей жеткізе білу қазіргі заманның зерделі қоғамының тарихи міндеті екенін атап өте аламыз. Мемлекетіміздің осы руханилыққа толы игілікті істі қолға алып, ғалымдардың, зерттеушілердің көмегімен үлкен бағдарламаны жүзеге асыра¬мыз деген талабы күрделі мәселе және ол болашақты ойлаудан туындаған қадамдардың қатарына жатады», — деп жазады про¬фессор С. Нұрмұратов.

Адамдардың әлеуметтік немесе ұлттық бірлестіктерге ұйы-суының негізін ортақ дүниетаным, ортақ сенім құрайтыны анық. Кез-келген елдің немесе халықтың оның өркениеттік дамуы сырт¬тан енгізілген ықпалдардың әсерімен емес, ұлт болмысының терең рухани қыртыстарын қамтитын дүниетанымдық тұрғыда шешіледі. Сондықтан ұлттың өткен тарихы мен дәстүрлі рухани-дүниетанымдық тұғырларын қалпына келтіруде философия ма-ңызды орын алады. Қазақ халқы философияға бейім халық және ол өзінің рухани бастауларын түркілік дәстүрлерден алады.

Академик Ә. Нысанбаевтың қонымды пікірі бойынша, ең ал¬дымен «түркі философиясы» деген ұғымның мәнін ашып алу керек. Жекелеген ғылым салалары табиғат пен қоғамның нақты қырларын зерттеумен айналысса, ал философияның пәндік аймағы адам мен әлемнің арақатынасын қамтиды. Осыған сәйкес ғылым ұлттықтың ауқымынан тыс жатса, ал философия өзінің бастауын мифологиядан, діннен алатындықтан әлемге деген қа-тынастың этникалық сипатымен, мәдени ерекшелігімен тығыз байланыста болады. Философияны Гегель ұлттық мәдениеттің «тірі жаны, квинтэссенциясы» деп анықтағаны белгілі. Демек, әлемде қанша ұлттық жетілген мәдениеттер бар болса, сонша ұлттық философиялық жүйелердің болатындығы белгілі. «Әлем-дік философия», «үнді философиясы», «қытай философиясы», «грек философиясы», «ислам философиясы», «неміс фило¬софиясы», «орыс философиясы» деген сөз тіркестері филосо¬фия тарихында орныққан болса, ал «қазақ философиясы» түгілі, «түркі философиясы» терминін айтудың өзі баршаға белгілі идеологиялық қысымның әсерінен мүмкін болмай келді. Ал қазір-гі саяси тәуелсіздік пен рухани дербестік, мәдени плюрализм мен толеранттылық жағдайында қазақ философиясына, оның алдың-ғы сатысы түркі философиясының типологиясын жасауға, оның архетиптері мен хронотоптарын анықтауға мүмкіндік туды.



Профессор Тұрсын Ғабитов қазақ мәдениеті аясындағы түркілік философияның мынадай типтерін ұсынады: «1. Еуразиялық көш-пенділердің исламға дейінгі философиясы; 2. Орталық Азияның ислам ренессансы тұсындағы философиясы; 3. Қазақ хандығы дәуірінің философиясы; 4. Зар заман және, Ағартушылық дәуірін-дегі қазақ философиясы; 5. Азаттық қозғалысының қазақ филосо¬фиясы; 6. Қазақтың маркстік философиясы; 6. Қазақстан Респуб-ликасының философиясы. Анахарсистен бүгінгі күнге дейін — бұл түркі философиясы болмысының уақыты» .

Бұл типологиядан біз ортағасырлық түркілік философияны бөліп алып, хронологиялық шеңбермен шектелеміз, яғни VI ға-сырда түркілердің әлемдік тарихтың сахнасына шыққан кезеңнен бастап, XVI ғасырда түркі тілдес халықтың қазақ, өзбек, ноғай, татар, башқұр, қарақалпақ және т.б. бөлінгеніне дейінгі кезең. Жалпы кез келген кестенің шартты екендігін айтып өту керек. Ортағасырлардан бұрыңғы да, одан кейінгі-де түркілік философия¬да ортақ құндылықтардың, рухани сабақтастықтың болғанын ешкім де теріске шығара алмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет