Дүйсенова Ділназ ГТҚ111 срс 2 тапсырма
Реферат
Қоғамдағы дәстүрлі құндылықтардың рөлі
Құндылықтардың табиғаты және олардың қоғамдық өмірдегі рөлі туралы мәселе көптеген осыған дейінгі қарастырылған адам мен қоғам, мәдениет пен өркениет, табиғат пен қоғам арасындағы қарым – қатынастар және басқа проблемалармен тікелей байланысты. «Құндылық» философиялық және социологиялық әдебиетте белгілі бір болмыс құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мағынасын көрсету үшін кең түрде қолданылатын термин. Тиісті құбылыстарды бағалау әрекетін іске асырудың тәсілдері мен белгілері қоғамдық сана мен мәдениетке адамның қызметінің нысаналарын көрсететін «субъектілік құндылықтар» ретінде байқалады. Сөйтіп, «заттық» және «субъектілік» құндылықтар, қалай болғанда да, адамның дүниемен құндылық тұрғысынан қарым – қатынасының екі жағы сияқтанып көрінеді. Адам әрекетінің құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке тұлғаны сияқтанып көрінеді. Адам әрекетінің құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке тұлғаның танымдық және жігер сапаларымен тікелей байланысты; құндылық категорияларының өздерінде білім нысаналарының, түрліше қоғамдық топтардың және жеке тұлғалардың мүдделері мен танып – ұнату шекаралары байқалып тұрады. Диалектикалық материализм өмірдің құндылығын, адам мұраттары мен нормаларының тарихилығын және қоғамдық – практикалық мәнен, оларды тануға болатындығын атап көрсетеді. Адамзаттың бай прогессивті мұраларын, құндылықтарын игерген жеке тұлғалардың мүдделері мен нормаларының тарихилығын және қоғамдық – практикалық мәнін, оларды тануға болатындығын атап көрсетеді. Адамзаттың бай прогрессивті мұраларын, құндылықтарын игерген жеке адам да, бірлестіктер де көздеген мақсаттарына табысты жетері сөзсіз. Құндылықтарға негізделген іс бағыты үнемі оңға баспақ. Индивидтің өмір тәжірибесімен баянды етілген құндылықтардың бағыттары жеке тұлғаның ішкі дүниесінің құрамды бөліктеріне айналып, оның әсерленушілігінің бүкіл жиынтығы болары хақ. Әрбір адам үшін олар мәнді мен мағыналыны, мәнсіз бен мағынасызды ажырата білуге көмектеседі. Құндылық нысаналарының негізгі мазмұны адамның саяси, философиялық, құқықтылық сенімдері, терең және түрақты құштарлықтарды, жұріс – тұрыс бет алысының құлықтық принциптері негізінде құралады. Сондықтан, кез – келген қоғамда жеке тұлғаның құндылықтық бағыттары субъектінің мақсаттылықпен әсер ету, тәрбиелеу объектісі болады. Құндылық құрылымдары қоғамның тарихи даму процесінде қалыптасып және қзгерістерге отырады. Бұл жай адам өмірінің тұрліше өрістеріндегі өзгерістерге байланысты, оның уақытты қарқыны әлеуметтік саяси және басқа өзгерістердің қарқынына сай келмейді. Мысалы, антика заманының эстетикалық құндылықтары өз мәнін оны туғызған өркениеттің құлауынан кейін де жоғалттқан жоқ; бастауын антикалық және эллиндік мәдениеттерден алған европалық ағартушылықтың гуманистік және демократиялық мұраттарының ықпалының қаншалықты ұзақ уақытқа созылғаны да белгілі. Диалектикалықматериалистік философия оларды қарастыра отырып,әрдайым түрліше субьектілер үшін жалпы мәнге ие болғандарын ғана талқыға салады. Құндылық нысаналарының дамуы жеке түлғаның дамуының белгісі, ол оның әлеуметтік өлшемінің көрсеткіші. Бұл – индивидтің санасы мен сана сезімінің арасындағы байланыстың тууына ықпал ететін, сыртқы және ішкі дүниені қабылдаушы призмасы, өмірдің мәні туралы мәселені шешу үшін психологиялық негіз. Құндылықтық нысаналардың тұрақты және қайшылықсыз ьқосындысы жеке тұлғаның бойында мінездің бір қалыптылығы, сенімділік, белгілі бір принциптер мен мұраттарға берілгендік, сол мұраттармен құндылықтар үшін жігерлік күш жүмсауға қабілет, өмір позитцисының беленділігі ,мақсатқа жетудегі қажырлылық сяқты сапаларды қалыптастыруға жағдай туғызады. Құндылық нысаналары бұқаралық көпшілік санаға себепті ісер етеді. Осыған байланысты құндылықтарды еңбек, отбасы (семя), білім ғылым, искуства және басқа бақтарға бөлуге болады. Бұндағы құндылық ретіндегі проблемасы айрықша қарастыруды қажет етеді. Объективті тұрде еңбектің әлеуметтік маңызы қоғам тарихында әр -дайым аса жоғары болды. Алайда, біздің заманымызға дейін өз жалғасын тауып, өмір сұріп келе жатқан «Еңбекті шеттету» деп аталған келеңсіз құбылыс субъект үшін еңбектін бағасын төмендетуде бұл жағдай кейде тіпті кейбір адамдарды еңбектен бас тартуға дейін апаруда. Өндірістік қатынастармен өндіріс күштері қоғамдық инвидтердің дамуының түрлі – түрлі жақтардың сипаттайтын болғандықтан әр бір қоғам адам өміріне, оның азаматтық және адамгершілік құндылықтарына, еркіндігіне және сонымен қатар, ұлттық мәдениеттің табыстарына баса назар аударуға тиіс. Бұл әлеуметтік құндылықтардың дамуы, жасыратыны жоқ, кейбір қоғамдағы саяси қатынастарға да байланысты. Құндылық нысаналары оқу орындарында білім алу барысында өзінен — өзі қалыптасады деп есептеуге болмайды. Құндылық бағыттарының қалыптасуы тиісті сана — сезімді тәрбиелеп, адамның эмоциялдық өрісін дамытқан кезде ғана іске аспақ. Құндылықтар проблемасын зерттейтін ілім аксиология (ахіа – құндылық және logos – ілім, сөз)деп аталады. Ол – құндылықтар теориясы болып табылады. Аксиология құндылықтар табиғаы, олардың реалдықтағы орны және құндылық әлемінің құрылысы, немесе түрліше құндықтардың өзара әлеуметтік және мәдени факторлармен, жеке тұлғаның құрылысымен байланысы туралы философиялық ілім. Ең кең мәнінде құндылықтар проблемасы мәдени дәстүрлер мен қоғамның идеологиялық негіздерінің құнсыздану дәуірінде шарасыз пайда болды. Философия ғылымының дербес саласы ретінде аксиология болмыс ұғымы реальдық және адам қалаулары мен ұмтылыстарының объектісі ретіндегі құндықтар болып екі элементке бөлінгенде пайда болады… Антикалық жіне орта ғасырлық философияда құндылықтар сипаттамалары реальдықтын, ақиқат болмыстың өз ұғымына кірістірілген еді. Диалектикалық – материализм құндықтарды олардың қоғамдық – тарихи, экономикалық және әлеуметтік – саяси себептіліктерімен қоса қарастырылады. Құндылық объективті құбылыстарды, немесе олардың қасиеттерін және адамдар үшін, отбасы , үлт үшін баға жетпес құндылықтар. Бірден – бір объективті ең жоғарғы құндылық – адамзат тарихында әлі де болса жаппай мойындаушылық сипат алмаса да, бұл адам өмірінің өзі. Бірақ, адамзат тәжірибесі белгілі бір қоғамдық – тарихи параметрлерде шекті және абсолютті болып көзге түсетін құндылықтар құлықтылық белгілерін тудырады.
Құндылық - объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым. Философия тарихында құндылық көрінісінің заңдылықтары туралы жалпы түсінік 19 ғасырдың ортасында пайда болды. Құндылық ұғымына тұңғыш филосиялық анықтаманы Р.Лотце мен Г.Коген берді. Ежелгі филосиялық көзқарастарда құндылықтың әр түрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарды, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылды. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. Ол пәндік және субъективтік деген екі бөліктен тұрады. Пәндік және субъективтік құндылық — адамның дүниеге қатынасының екі жағы, біріншісі — оның объектісі, екіншісі — субъектісі. Сондықтан пәндік құндылық баға берудің объектісі, ал субъективтік құндылық олардың өлшемі мен әдісі болып табылады. Пәндік құндылыққа заттардың табиғи қажеттілігі, өнімнің өзіндік құны, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұралар, ғылыми ақиқаттың теориясы маңызы мен тәжірибелік пайдасы, адамдардың іс-әрекетіндегі жамандық пен жақсылықтың іске асуы, табиғи және қоғамдық объектілердің эстетикалық қасиеттері жатады. Санадағы құндылық ұғымына қоғамдағы ойлау мен бағалау, мақсат және оған жетудің жолдары, қоғамда кездесетін түрлі нормалар жатады. құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне, т.б. баға беру қатынасынан тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар мен мән-мағыналар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Құндылықтар адам мүддесінің объектісі бола тұра, әлеуметтік, заттық ортадағы күнделікті тіршілікте бағыт беру рөлін атқарады. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Оның шынайы өмірге құндылықтық қатынасы тек сана негізінде болуы мүмкін. Құндылықтық сана заттың біз үшін қаншалықты бағалы, оның құндылығы неде екенін зерттейді.Құндылық - мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды. Мәдениет құндылықтары, тиісінше, материалдық және рухани болып бөлінеді. Құндылықтардың мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шарттастырылған. Құндылықтар әлемі, сөздің кең мағынасында, мәдениет әлемі деген сөз. Ол адамның рухани қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани байлығының елшеуіші іспетті. Құндылықтарды мүдделердің қарапайым жалғасы немесе бейнеленуі ретінде қарастыруға болмайды. Олар салыстырмалы өзінділікке ие.
Адамның өзінің солай деп таңдауына орай, құндылық қашанда белгілі бір қанағаттанарлық нәрсені білдіреді. Ал материалдық және рухани қажеттіктердің өтелуі тұрғысынан құндылықтардың бәрін қанағаттанарлық категорияға жатқызуға болмайды.Адамдардың немесе әлеуметтік топтардың қажеттіліктері, мүдделері жөне талғамдары әр түрлі болады. Сондықтан барлық құндылықтар салыстырмалы. Құндылық қатынас қанағаттанарлық немесе қанағаттанғысыз болып келуі мүмкін. Біреу үшін мынау, екінші үшін анау құнды. Олардың қайсысынікі дұрыс, қайсысы қателесіп тұрғанын релятивистік тұрғыдан оны ажыратып жатуда мағына болмайды. Шынайы деп — адамға пайда әкелетін, оның санасына жоғары адамдық қасиеттерді сіңіретін, адамдардың бақыты мен игіліктілігін қамтамасыз ететін, адамның тұрғасын ажарландыратын, адаммен қоғамның ілгерілей дамуын қамтамасыз ететін құндылықтарды айтқан жөн. Алдамшы құндылықтарға жеке индивидтер құндылық деп қабылдағанымен, шынында, қоғамның дамуына септігін тигізбейтін, оны кері кетіретін, адамды аздыратындарды айтамыз.
Тұлға мəдениетінің негізі оның жалпы адамзаттық құндылықтарға қатынасынан көрінеді. «Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, əлеуметтік жəне мəдени мəн-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам қызметіндегі заттар, қоғамдық қатынастар жəне олар қамтыған табиғат құбылыстары құндылықты қатынастар нысандары ретінде танылған бағалы заттар сипатында іс-əрекетке қосылады, яғни бұлардың бəрі де жақсылық пен жамандық , шындық пен жалғандық, əсемдік пен ұсқынсыздық, əділдік пен əділетсіздік жəне т.б. тұрғысынан пайымдалады. Белгілі құбылыстарды бағалауға негіз болған тəсілдер мен өлшем-шектер субъектив баға түрінде қоғамдық сана мен мəдениетте бекиді де адам əрекетін бағыттаушы құралдарға айналады. Қалыпты тəртіптік ұғым формасына енген мұндай құралдар түрі: ұстанымдар жəне бағалар, бұйрықтар мен шектеулер, мақсаттар мен жобалар.
Сонымен, заттай жəне субъективті құндылықтар адамның өзін қоршаған дүниеге болған құндылықты қатынастарының екі қарама-қарсы (полярлы) шегін аңдатады. Адам іс-əрекеті құрылымындағы құндылықты тараптар танымдық жəне еріктік құндылықтармен өзара тығыз байланысқан.
Əрбір тарихи нақты қоғамдық құрылым (формация) өзіне тəн құндылықтар жиынтығымен ажыралады. Ал одан түзілген жүйе əлеуметтік реттеудің аса жоғары деңгейі сипатында көрінеді. Бұл жүйеде қоғам не əлеуметтік топ мойындаған өлшем-шек, талаптар (критерии) белгіленеді. Тұлғалық деңгейде меңгерілген бұл талаптар тұлға қалыптастырудың негізіне алынып, қоғамды қалыпты тəртіпте ұстауға жəрдемдеседі.
Қоғам өмірінің кезеңдерінде құндылықтар жүйесі өзгеріске түсіп, ауысып барады. Құндылықтар өзіне тəн ерекшеліктерге ие. Олардың кейбірі тарихтың қай кезеңінде де өз маңызын жоймайды. Мысалы, ежелгі дүниенің тарих сахнасында өшкенімен, онда мұрат етілген эстетикалық құндылықтар əлі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ. Ортағасырлық ағару (просвещение) дəуіріндегі гуманистік, демократиялық идеялар бүгінгі заман қызметіне жарауда.
Қоғамдағы құндылықты қатынастардың аса маңызды элементтерінің бірі – құндылықты бағыт-бағдар.
Құндылықты бағыт-бағдар – бұл стратегиялық өмір мұраттары жəне жалпы дүниетанымдық алғы шарт ретінде танылған құндылықтардың адам санасында бейнеленуі.
Қалыптасқан, тұрақты құндылықтар бағыттарының жиынтығы тұлға тұрақтылығын, қажеттер мен қызығулар бағдарында көрінген əрекет-қылық жəне іс-əрекет типтерінің өзара байланыса, ұштасуын қамтамасыз етеді. Осыдан, құндылықты бағыт тұлға сеп-түрткілеріне (мотивтеріне) себепші, реттеуші маңызды жағдаят (фактор) ретінде іске қосылады. Құндылықты бағыт-бағдарлардың негізгі мазмұны – адамның саяси, философиялық (дүниетанымдық), адамгершілік наным-сенімдері, терең əрі тұрақты бейімділіктері, қылық-əрекет, мінез принциптері. Осыдан, қай қоғамда да тұлғаның құндылықты бағыт-бағдары тəрбие жəне мақсатты ықпал жасау нысаны ретінде қарастырылады. Олар арқылы еріктік күш салу, зейін, ой-өріс бағдарлары анықталады.
Құндылықты бағдардың дамуы –тұлға кемелінің белгісі, оның əлеуметтенуінің көрсеткіші, құндылықты бағыттардың тұрақты бірлігі тұлғаның келесідей сапаларының дамып, орнығуына себерші болады: тұлғаның тұтастығы мен сенімділігі , белгілі мұраттар мен принциптерге адалдық, осы мұраттар мен принциптерді іске асыру жолында ерік күшін аямауға қабілеттілік, өмірлік ұстанымдарға орай белсенділік, мақсатқа жетуде табандылық пен өжеттік.
Құндылықты бағыттар арасындағы қайшылықтар əрекет-қылық пен мінездегі тұрақсыздықты туындатады. Құндылықты бағыт-бағдардың мешеуленуі адамның селқостығы мен енжарлығына себепші болады.
Бүгінгі күнде əлем елдерінде əрқилы құндылықтар жүйесі қабылданған. Осы заманғы гуманистік педагогика олардың арасында жалпы адамзаттық келесідей құндылықтарды аса маңыздылар қатарында алға тартады: адам құқы, адамды ең жоғары құндылық ретінде тану, бала тұлғасы мен оның қадіріне құрмет; бала еркіндігі мен даму құқын қорғау; білім жəне тəрбиедегі демократиялық принциптерді берік ұстану.
Адам құқы жəне еркі – жалпы адамзаттық құндылық, себебі олар адамзаттың жалпы мүдделерін танытады, əрқилы халықтардың , діндер мен дəуірлердің рухани мұраттарын жақындатады əрі туыстырады. Барша халықтар туындыларын сыйлауға, бағалау мен қорғауға үйрену – бұл ұлттық жəне ұлтаралық ынтымақтың белгісі ретінде қабылданған жалпы адамзаттық құндылықтарды сезіну жəне қабылдау нышаны.
Бүгінгі Қазақстандық қоғамда құндылықты бағыттар қатарында ұлтжандылық, отаншылдық сезімдері, яғни өз халқымызды, оның салт-дəстүрін, тілін, мəдениетін, əдеттерін, туған ел табиғатын құрметтеп білу- жоғары маңызға ие болып отыр. Сонымен бірге əрбір адам үшін жоғары құндылық – бұл өмір, тіршілікке болған қамқорлық, гуманистік қатынастар негізі - əр адамның өз басын сыйлауы, өз адамгершілік сапаларына болған құндылықты қатынас; ата-ананы, туған-туысқанды, отбасы, бала-шағаны ардақ тұту, табиғатты аялау жəне ең жоғары инабатты құндылық ретінде еңбекті қадір ету.
Жалпы адамзаттық құндылықтар арасында ұлттық құндылықтар шегерілмейді. Керісінше, осы ұлттық құндылықтар арқылы көрінеді. Алғашқыда осы ұлттық формада көзге түскен қайталанбас соны жетістіктер уақыт өте жалпы адамзаттық құндылыққа өтеді (мысалы, жақын уақыттың өзінде қазақ домбырасын жетекші күй аспабы ретінде танытқан «Ұлытау» триосының Голливуд жеңімпазы аталып, бүкіл əлемге танылуы).
Қоғамдағы азаматтық, гуманистік құндылықтардың бекуі, өз міндеттері мен құқықтарының өзара тəуелділігін сезінуші əрі азаматтық ұстанымы бар ерікті тұлғаны қалыптастыру көбіне тəрбие жəне оқу жүйесіне байланысты. Заман ерекшелігін ескерумен түзілген құндылықты бағыттардың дамуынан əр адам өзін планета азаматы, əлем адамы санатында сезінуге мүмкіндік алады.
Жалпы адамзаттық құндылықтарды түсіне танудың негізі қоғамға бағытталған идеялардың, сезімдердің, ұғымдардың қалыптасуына; ұлттық жəне жалпыадамзаттық құндылықтарды байланыстыра білуге; қоғамға жəне басқа адамдарға болған қатынастарға орай құқы мен міндеттерін зерттеп тануға; азамат құқы мен міндеттерінің бірлігін түсінуге; азаматтық мінез-құлық пен сезімдерді тəрбиелеуге; пікір жүргізу еркіндігінің дамуы мен көңіл-күй ортақтығын сезінуге жəне т.б. орайлас келеді.
Жалпы адамзаттық құндылықтарға бағыт-бағдар тəрбие мазмұнының ажыралмас бір бөлігі.
Құндылықтардың табиғаты және олардың қоғамдық өмірдегі рөлі туралы мәселе көптеген осыған дейінгі қарастырылған адам мен қоғам, мәдениет пен өркениет, табиғат пен қоғам арасындағы қарым – қатынастар және басқа проблемалармен тікелей байланысты.
«Құндылық» философиялық және социологиялық әдебиетте белгілі бір болмыс құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мағынасын көрсету үшін кең түрде қолданылатын термин. Тиісті құбылыстарды бағалау әрекетін (процедурасын) іске асырудың тәсілдері мен белгілері (критерийлері) қоғамдық сана мен мәдениетке адамның қызметінің нысаналарын көрсететін «субъектілік құндылықтар» (нұсқаулар және бағалар, бұйрықтар(императивтер) және тиым салулар, мақсаттар және жобалар) ретінде байқалады. Сөйтіп, «заттық» және «субъектілік» құндылықтар, қалай болғанда да, адамның дүниемен құндылық тұрғысынан қарым – қатынасының екі жағы (полюсі) сияқтанып көрінеді.
Адам әрекетінің құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке тұлғаны сияқтанып көрінеді.
Адам әрекетінің құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке тұлғаның танымдық және жігер сапаларымен тікелей байланысты; құндылық категорияларының өздерінде білім нысаналарының, түрліше қоғамдық топтардың және жеке тұлғалардың мүдделері мен танып – ұнату шекаралары байқалып тұрады.
Диалектикалық материализм өмірдің құндылығын, адам мұраттары мен нормаларының тарихилығын және қоғамдық – практикалық мәнен, оларды тануға болатындығын атап көрсетеді. Адамзаттың бай прогессивті мұраларын, құндылықтарын игерген жеке тұлғалардың мүдделері мен нормаларының тарихилығын және қоғамдық – практикалық мәнін, оларды тануға болатындығын атап көрсетеді. Адамзаттың бай прогрессивті мұраларын, құндылықтарын игерген жеке адам да, бірлестіктер де көздеген мақсаттарына табысты жетері сөзсіз. Құндылықтарға негізделген іс бағыты үнемі оңға баспақ.
Индивидтің (жеке адамның, кісінің) өмір тәжірибесімен баянды етілген құндылықтардың бағыттары жеке тұлғаның ішкі дүниесінің құрамды бөліктеріне (элементтеріне) айналып, оның әсерленушілігінің бүкіл жиынтығы болары хақ. Әрбір адам үшін олар мәнді мен мағыналыны, мәнсіз бен мағынасызды ажырата білуге көмектеседі.
Құндылық нысаналарының негізгі мазмұны адамның саяси, философиялық (дүние танымдық), құқықтылық сенімдері, терең және түрақты құштарлықтарды, жұріс – тұрыс бет алысының құлықтық принциптері негізінде құралады. Сондықтан, кез – келген қоғамда жеке тұлғаның құндылықтық бағыттары субъектінің мақсаттылықпен әсер ету, тәрбиелеу объектісі болады.
Құндылық құрылымдары қоғамның тарихи даму процесінде қалыптасып және қзгерістерге отырады. Бұл жай адам өмірінің тұрліше өрістеріндегі өзгерістерге байланысты, оның уақытты қарқыны (масштабы) әлеуметтік саяси және басқа өзгерістердің қарқынына сай келмейді. Мысалы, антика заманының эстетикалық құндылықтары өз мәнін оны туғызған өркениеттің (цивилизацияның) құлауынан кейін де жоғалттқан жоқ; бастауын антикалық және эллиндік мәдениеттерден алған европалық ағартушылықтың гуманистік және демократиялық мұраттарының ықпалының қаншалықты ұзақ уақытқа созылғаны да белгілі. Диалектикалықматериалистік философия оларды қарастыра отырып,әрдайым түрліше субьектілер үшін жалпы мәнге ие болғандарын ғана талқыға салады.
Құндылық нысаналарының дамуы жеке түлғаның дамуының белгісі, ол оның әлеуметтік өлшемінің көрсеткіші. Бұл – индивидтің санасы мен сана сезімінің арасындағы байланыстың тууына ықпал ететін, сыртқы және ішкі дүниені қабылдаушы призмасы, өмірдің мәні туралы мәселені шешу үшін психологиялық негіз.
Құндылықтық нысаналардың тұрақты және қайшылықсыз ьқосындысы жеке тұлғаның бойында мінездің бір қалыптылығы, сенімділік, белгілі бір принциптер мен мұраттарға (идеяларға )берілгендік, сол мұраттармен құндылықтар үшін жігерлік күш жүмсауға қабілет, өмір позитцисының беленділігі ,мақсатқа жетудегі қажырлылық сяқты сапаларды қалыптастыруға жағдай туғызады.
Құндылық нысаналары бұқаралық көпшілік санаға себепті (дәлелді) ісер етеді. Осыған байланысты құндылықтарды еңбек, отбасы (семя), білім ғылым, искуства және басқа бақтарға бөлуге болады.
Бұндағы құндылық ретіндегі проблемасы айрықша қарастыруды қажет етеді. Объективті тұрде еңбектің әлеуметтік маңызы қоғам тарихында әр -дайым аса жоғары болды. Алайда, біздің заманымызға дейін өз жалғасын тауып, өмір сұріп келе жатқан «Еңбекті шеттету» деп аталған келеңсіз құбылыс субъект үшін еңбектін бағасын төмендетуде бұл жағдай кейде тіптікейбір адамдарды еңбектен бас тартуға дейін апаруда. Өндірістік қатынастармен өндіріс күштері қоғамдық инвидтердің дамуының түрлі – түрлі жақтардың сипаттайтын болғандықтан әр бір қоғам адам өміріне, оның азаматтық және адамгершілік құндылықтарына, еркіндігіне және сонымен қатар, ұлттық мәдениеттің табыстарына баса назар аударуға тиіс. Бұл әлеуметтік құндылықтардың дамуы, жасыратыны жоқ, кейбір қоғамдағы саяси қатынастарға да байланысты.
Құндылық нысаналары оқу орындарында білім алу барысында өзінен - өзі қалыптасады деп есептеуге болмайды. Құндылық бағыттарының қалыптасуы тиісті сана - сезімді тәрбиелеп, адамның эмоциялдық өрісін дамытқан кезде ғана іске аспақ.
Құндылықтар проблемасын зерттейтін ілім аксиология (ахіа – құндылық және logos – ілім, сөз)деп аталады. Ол – құндылықтар теориясы болып табылады.
Аксиология құндылықтар табиғаы, олардың реалдықтағы орны және құндылық әлемінің құрылысы, немесе түрліше құндықтардың өзара әлеуметтік және мәдени факторлармен, жеке тұлғаның құрылысымен байланысы туралы философиялық ілім.
Ең кең мәнінде құндылықтар проблемасы мәдени дәстүрлер мен қоғамның идеологиялық негіздерінің құнсыздану дәуірінде шарасыз пайда болды. Философия ғылымының дербес саласы ретінде аксиология болмыс ұғымы реальдық және адам қалаулары мен ұмтылыстарының объектісі ретіндегі құндықтар болып екі элементке бөлінгенде пайда болады...
Антикалық жіне орта ғасырлық философияда құндылықтар (этико – эстетикалық жәнне діни) сипаттамалары реальдықтын, ақиқат болмыстың өз ұғымына кірістірілген еді.
Диалектикалық – материализм құндықтарды олардың қоғамдық – тарихи, экономикалық және әлеуметтік – саяси себептіліктерімен қоса қарастырылады.
Құндылық объективті құбылыстарды, немесе олардың қасиеттерін және адамдар үшін, отбасы , үлт үшін баға жетпес құндылықтар. Бірден – бір объективті ең жоғарғы құндылық – адамзат тарихында әлі де болса жаппай мойындаушылық сипат алмаса да, бұл адам өмірінің өзі.
Бірақ, адамзат тәжірибесі белгілі бір қоғамдық – тарихи параметрлерде шекті және абсолютті болып көзге түсетін құндылықтар құлықтылық белгілерін тудырады.
Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну.
Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.
Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар.
Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды құндылықтарға жатады.
Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру – ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару.
Өз ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын.Оны үзе алмаймын.Үзу қолымнан келмейді» - дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін:бірі -өзім, екіншісі-халқым» - дейді.
Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық рухани және материалдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа?
Қоғамдағы адамдар жасаған рухани, материалдық, мәдени құндылықтардың алмасуы оқыту процесі арқылы жүзеге асырылады.Соның ішінде сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқыту – саналы процесс екенін айтқым келеді. Интеллектуалдық деңгейі жоғары тұлғаны қалыптастыру үшін, оны оқытып қана қою жеткіліксіз. Оны тұлға ретінде жан – жақты дамытуға қолайлы, оқытудың шығармашалақ түрін жасау қажет, яғни шығармашылық оқу әрекетін туғызу қажет. Бұл баланы, берілген оқу материалын жаттап алу ғана емес, керісінше өз бетімен білім алу үшін ізденуге үйретеді.
Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:
- белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;
- индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;
- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;
- шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.
«Адам мен адамның бір-бірімен араласу,өзара қарым-қатынасында ғана адамның адамдығы өзі үшін де,өзгелер үшін де ашылады»,-дейді философ М.М.Бахтин.Оның пікірінше, диалог тұлғаны қалыптастырудың құралы ғана емес,оның адамдық болмысын да көрсетеді.Тұлғаның белсенділігі,өзін-өзі дамытып отыруға ұмтылуы өзгелерден бөлек жағдайда емес,өзге адамдармен диалогтық қатынастарға түсу кезінде жүзеге асырылады.Бірлескен қарым-қатынас негізінде оқушы-оқушы, мұғалім-мұғалім, оқушы-мұғалім арасында өзара құрметтеу, мойындау, түсіне білу және сыйластық әрекеттері пайда болып, толеранттық пен мейірімділік көзқарастары қалыптасады.
Сонымен бірге сыни ойлау арқылы тұлға бойында рефлексиялық сапаларды қалыптастыру. Рефлексиялық сапа дегеніміз білім мен тәрбиені өзіндік сана арқылы қабылдап, тұлғаның рухани дамуы, ғылыми ақпараттарды игеруі болып табылады.
Оқушы бойында рефлексиялық сапалардың қалыптасуы білім беруді ізгілендірудің нәтижесі болып табылады.Оқушының өзін тану үшін және өмірлік проблемаларын шешудің бірден-бір тәсілі - рефлексиялық басқаруды жүргізе алуы. Ол үшін төмендегі басты ерекшеліктерді дағдыға айналдыруың маңызы зор:
- өз тәжірибесін пайдалана отырып, жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік түсінік пен танымды қалыптастыру;
- өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу;
- өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін нәтиже шығару;
- өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу.
Рефлексиялық әрекеттер барысында оқытудың жолдары талданады, өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызылады.Сөйтіп, бала өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады.Өз ерекшелігі мен деңгейін таниды.
Сонымен бірге оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру мұғалім тарапынан әр оқушының өзіндік жақын даму аймағында дербес қабілетін дамытуға түрткі болу,оларды оқыту мен оқу құндылықтары жүретін практикалық әрекеттерге баулу, баланың қолынан келетін істерін қолдау арқылы қиын проблемаларын шешуге көмектесу болып табылады.
Оқушы тұлғасына шоғырланған білім берудің мәні неде?
1.Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру – адамның қалыптасуы,тұлғаның өз мәдениетінің субьектісі болуына көмектесу, шығармашылық өмірге үйрету.
2.Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру сырттан келетін тәрбиелеу емес, адам бойынан адамдықты табу,оны қолдау және дамыту негізінде өзін-өзі реттеуге, тәрбиелеуге әкеледі.Сол арқылы өзіндік болмысы, санасы бар тұлғалық бейне қалыптасады.
3.Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру – адамның дене және рухани денсаулығы, адамгершілігі, бостандығы.Ол – тұлғаны түсіну,өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатынастың, салауатты өмір мен парасаттылықтың, өзіндік қатынастың негізін қалау.
4.Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттлады.Сондықтан оның мазмұны баланың өзін тұлға ретінде дамыту үшін, өз өмірінің субьектісі болу үшін жағдай туғызуға негізделеді.
Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беруде мұғалімнің құзырлылығы қандай?
«Тәрбиелеу үрдісі оқушыны тәрбиелеуге емес, оқушы өзін өзі тәрбиелеуе әкелетін үрдіс болуға тиіс» - деп көрсетеді Л.С.Выготский.
Оқыту процесіне соңғы кездері жаңа жобалар мен озық технолоиялар енгізіліп жатыр. Оның мәні – тұлғаны өзінің әрекеттеріне талдау жасауға,өзі үшін маңызды мәселелерді анықтай алуға және шешу жолдарын таба білуге бағыттау.Осы орайда Д.Дьюи философиясының идеясын айтар болсақ, яғни өмірлік тәжірибеге негізделген өз білімін оқушының да, оқытушының да пайдалана білуі жүзеге асырылады.Сондықтан жаңа үрдісті тәжірибеге енгізуде мұғалімдердің сыртқы форманы ғана басшылыққа алмай, оның философиясын ұғыну маңызды шарт.Өйткені оқытудағы басты мақсат – алдындағы оқушыларға таза білімнің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай қолдана білуге үйрету.
Осыған сәйкес оқыту мазмұны құндылықтық, танымдық, әрекеттік- шығармашылық және тұлғалық қызметтерді қамтиды:
- құндылықтық қызмет: тұлға үшін мәнді бағдар жүйесін, өзіндік даму траекториясын таңдап алуы;
- танымдық қызмет: тұлғаның рухани дамуының негізі ретінде ұлттық мәдениет, дәстүр, жан-жақты ғылыми білімдерін игеруі;
- әрекеттік-шығармашылық қызмет: тұлғаның оқу, еңбек ету, ғылыми, көркемдік және басқа да әрекет түрлерінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруы, шығармашылық қабілетін қалыптастыру және дамытуы;
- тұлғалық қызмет: өзіндік санаға бағытталған рефлексиялық қабілетті дамыту арқылы өзінің өмірлік мұратын дұрыс қалыптастыруды қамтамасыз етуі.
Білім беру үрдісіндегі демократиялық және гуманитарлық қарым-қатынастар оқушының танымдық қабілетінің дамуына, өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуына, өзін үнемі жетілдіріп отыруына ықпал етеді.Оқытудың осы тұрғыда ұйымдастырылуы әр оқушының жеке тұлғасындаағы өзіндік ерекшеліктері, өзіндік өмір тәжірибесі мен өзіндік құндылықтрын ескеру арқылы өзіндік және өзара бірін-бірі дамытуға жол ашады. Осылайша қарастыру негізінде білім беру үрдісінде оқушының өзіндік сана, өзіндік таным, өзіндік білім алу, өзара қарым-қатынас, өз өмірінің субьектілігі сияқты педагогикалық рефлексиялық сапалары пайда болады және одан әрі дамиды деген тұжырым жасауға болады. «Баланы тәрбие қылу – тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз.Қалса өзін, асса барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз.Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолда құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару.Баланы мұндай адам қыла алу үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу керек»
Достарыңызбен бөлісу: |