Тақырыбы: Тілге құрмет – елге құрмет
Мақсаты: Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
Көрнекілігі: жазушы суреттері мен қанатты сөздер, жұлдызшалар.
Барысы:
Кіріспе сөз:
- Құрметті оқушылар, ұстаздар! 1989 жылы 22 қыркүйекте Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған ҚР-ң Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Яғни қазақ тілі - мемлекеттік тіл болып жарияланды. 22 қыркүйек - Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды. Осыған орай мектебімізде «Мәңгілік ел – бұл тарих, мәдениет пен тіл бірлігі» атты тіл апталығы өтуде. Бүгінде «Зерде» бірлестігінің «Тілге құрмет – елге құрмет» атты сайыс сабақ өтуде.
Сайыстың бөлімдері:
«Ойлан, тап»
Жеті жұрттың тілін біл
Әдебиет айдынында
Ұшқыр ой
Сөздерді тап
Шешендік шиырлары
Топтармен танысыу
І топ «Алғырлар» Оқып ана тілімді,
Болып өсем білімді.
Өз тіліммен жеткізем
Жүректегі үнімді.
ІІ топ «Тапқырлар» Ана әлдиімен дарыған
Қастерлеймін тілімді.
Шұбарлатпай, достарым,
Ардақта ана тіліңді.
Әділ қазылар:
Мектеп директоры: Ахметкалиева А.У.
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Бекова Г.М.
Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Амангелдиева Г.А.
Ана тілі, дана тілі, бақ тілім,
Сенсің менің қасіретті шаттығым.
Сенсің менің тазалықты пәктігім,
Сенсіз бақыт дүние тапты кім?
- дегендей бірінші бөлім «Ойлан, тап» Бұнда 10 сұрақ қойылады, сұраққа қай топ бірінші қол көтереді, сол топ жауап береді. Әр дұрыс жауап 10 ұпай.
«Үш бақытым» өлеңінің авторы? (М.Мақатаев)
Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)
Әнұранның авторлары кім? (Ш.Қалдаяқов, Н.Назарбаев)
Тұңғыш әліппе оқулығын жазған кім? (А.Байтұрсынов)
Абайдың азан шақырылып қойылған аты? (Ибраһим)
Бәйтеректің биіктігі неше метр? (97м)
Қазақтың үш биі кім? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
Қазақстанның ұлттық волютасы (Теңге)
Қазақтың жаңа жылы (22-наурыз)
Қазақтың ұлттық аспабы (Домбыра)
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың болып тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте
демекші келесі бөлім «Жеті жұрттың тілін біл» турына кезек беріледі.
Ғибратты сөздерден түсіп қалған сөзді қазақша, орысша, ағылшынша нұсқасын табу. Әр дұрыс жауап 10 ұпай.
Егер тілім .........болса құрымақ,
Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ. (ертең, завтра, tomorrow)
Ақылдың көркі - тіл, тілдің көркі ..... (сөз, слово, word)
Асыл сөзді іздесең
Абайды ...... ерінбе. (оқы, читай, read)
Тәрбие басы - ….. (тіл, язык, language)
Ана тілің арың бұл,
Ұятың болып тұр ......
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте (бет, лицо, face)
Туған тіліне жаны ашымаған ...... – жәндік . (адам, человек, human)
Тіл ....жарады, ..... жармаса бас жарады. (тас, камень, stone)
Ана тілін сүймеген, ....... сүйіп жарытпас. (халық, народ,people)
Хандардың қайталама қатерлерін,
«Ұлт бол» деген нығайтып қатарларын.
Мағжан мен Мұхтар, Жүсіпбектің,
Ұмытпа ешқашанда баталарын
- демекші келесі бөліміміз «Әдебиет айдынында». Бұл турда қазақ әдебиетіне байланысты сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап 10 ұпай.
«Менің атым –Қожа» шығармасының авторы (Б.Соқпақбаев)
Гүлбаршын қай батырдың жары? (Алпамыс)
Мұғалімнің сөмкесіне бақа салған кім? (Қожа)
«Әсемпаз болма әр неге» өлеңінің авторы кім? (Абай)
Қазақ хандығындағы дана ана кім? (Қарашаш)
Қазақ хандығындағы шешен кім? (Жиренше)
«Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» шығармасының авторы кім? (Б.Майлин)
«Тіл – құрал» оқулығының авторы? (А.Байтұрсынов)
«Бір адамға» өлеңінің авторы? (С.Торайғыров)
«Тілін сыйламаған адам, ұлтын сыйлауға қабілетсіз» ғибратты сөз авторы? (М.Шаханов)
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілі егер сені білмесем.
дегендей келесі бөлім «Ұшқыр ой». 7жұлдызша тақтаға ілінеді.Жұлдызша кезекпен таңдау арқылы ішінен ашылған мақалдың жалғасын тауып айтады.
Әр дұрыс жауап 10 ұпай.
Өнер алды......(қызыл тіл)
Тіл тас жарады,..................(тас жармаса бас жарады)
Шебердің қолы ортақ.................(шешеннің сөзі ортақ)
Бас кеспек болса да .......(тіл кеспек жоқ)
Тіл тәтті...... (бауыр қатты)
Қол шешпегенді...... (тіл шешеді)
Бал тамған тілден................(у да тамар)
Қазақ қазақ болғалы
Тіл үшін күрес – көргені
Көргені көп тілімнің
Мүмкін емес өлмегі.
Келесі бөлім «Сөздерді тап». «Отбасы» тақырыбына байланысты сөздерді 1 минутта тауып жазу.
А
|
Т
|
А
|
Ә
|
М
|
Т
|
Ә
|
П
|
К
|
Е
|
А
|
Т
|
А
|
Е
|
Н
|
С
|
Е
|
І
|
Н
|
І
|
Соңғы бөліміміз «Шешендік шиырлары» деп аталады. (3 мин)
Төле бидің жұмбағы: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
Жауабы: Қазбек би шешкен.
Бір дегенің бірлігі кеткен ел жаман
Екі дегенің егесіп өткен ер жаман.
Үш дегенің үш бұтақты шідерден шошыған ат жаман.
Төрт дегенің төсектен безген жас жаман.
Бес дегенің белсеніп шыққан жау жаман.
Алты дегенің асқынып кеткен дерт жаман.
Жеті дегенің жас келіншек жесір қалса сол жаман.
Сегіз дегенің серпілмеген қайғы жаман.
Тоғыз дегенің торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесе сол жаман.
Он дегенің кәрілікке дауа болмас.
Жарыс заңы ежелден:
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол:
Еңбектену, жалықпау!
(Сайыс қорытындысын қазылар айтады)
Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш-қуат беретін де, ой-сана беретін де осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз өткенін де, болашағынан да қол үзеді. Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе?!
Олай болса, біздің тілге деген құрметіміз шексіз.
Туған тілім-тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Осы тілмен мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Осымен сайысымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |