132
жүздеген мың топтарымен, ал РНҚ үшін бар болғаны ондаған,
жүздеген кейбір жағдайда мындаған топтарымен сипатталады.
Жасуша ядросының ішінде ұзын, жіңішке, тыныштық күйде
əрең-əрең көрінетін заттар – хроматин жіпшелері кішкентай
таяқшаларға -хромосомаларға айналады. Хромосомалардың са-
ны, пішіні мен мөлшері ағзаның əр түрі үшін тұрақты.
Хромосома – ДНҚ мен белоктан құралған күрделі жүйе, хро-
мосома белоктары гистондар мен гистон емес қышқыл белок бо-
лып келеді. Бұл белоктар хромосома құрылымын қалыпты ұстап
тұру үшін қажет.
Эксперименттік деректер арқылы ДНҚ мен РНҚ молекула-
лары біртұтас ұзын тізбектерден тұратындығы анықталды. ДНҚ
жіп тəрізді ирек-ирек болып құралған екі талшықтан тұрады, ол
ядро хромосомаларының ішінде орналасады.
Рибонуклеин қышқылдары жіп тəрізді ирек-ирек болып құ-
ралған бір ғана талшықтан тұрады. Оларды тек электронды ми-
кроскоп арқылы ғана көруге болады.
ДНҚ нағыз ядролық қышқылдар, кейінгі жылдары өсімдік-
тердің пластидтерінен, жануарлардың митохондрияларынан да
табылды, бірақ ядроларда ДНҚ көптеп кездеседі.
26, 27-кестелерде кейбір ағзалардың РНҚ жəне ДНҚ-дағы
пуриндік жəне пиримидиндік негіздердің арақатынастарының
кей бір мысалдарын келтірейік.
Достарыңызбен бөлісу: