Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет94/223
Дата21.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#104464
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   223
Байланысты:
turtabaev-biohimia

5.4. Нуклеин кышқылдарының құрылымы
Дезоксирибонуклеин қышқылдарының
 молекулалық құры лы-
мы өте күрделі, себебі полинуклеотид тізбегінің ұзындығы белок 
молекуласынан көп ұзын болады.
Нуклеин қышқылдарының бірінші реттік құрылысын түзетін 
мономерлер – нуклеотидтер. Бір мононуклеотидтің дезоксирибо-
засы жəне екінші мононуклеотидтің фосфаты көмегімен нуклео-
тидтер өзара байланысып жалғасады, ұзын полинуклеотидтік 
тізбек түзеді. Осындай тізбектегі нуклеотидтердің орналасу 
тəртібін ДНҚ-ның бірінші реттік құрылымы деп атайды. Нуклео-
тидтер арасында фосфодиэфирлік байланыстар түзуге 3' жəне 5' 
жағдайдағы пентоза қалдығының гидроксил топтары қатысады.
Полидезоксирибонуклеотид скелеті (қаңқасы) қайталанып ке-
ліп отыратын дезоксирибоза жəне фосфатты топтардан тұра ды.
ДНҚ молекуласының құрылысында Е. Чаргафф ұсынған 


137
заңдылық бар, бұл көптеген эксперименттік деректермен дə лел-
денді. Осы заңдылық ДНҚ молекуласының екінші реттік құры-
лымының ашылуында үлкен пайдасы тиді. 
Дезоксирибонуклеин қышқылдарының екінші реттік құ 
ры-
лымын 1953 жылы жас биохимиктер Дж. Уотсон жəне Ф. Крик 
анықтады. 
Олардың теориясы бойынша, ДНҚ молекуласы кеңістікте ан-
типараллель орналасқан қос қабат спиральға ұқсайды (бір тізбек 
5'→3' бағытында екіншісі 3'→5'). Екі полинуклеотид тізбек өзара 
бұранда сияқты жалғасып, азотты негіз арқылы байланысады 
дейді. Азотты негіздер спиральдың ішіне қарай орналасқан, ал 
пентозды-фосфорлы қалдықтар ДНҚ молекуласының сыртқы 
жағына қарай бағытталған (14-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет