139
наласуы. Бір ілгектің бойында - 20000-80000 дейін нуклеотидтер
жұбы орналасады.
15-сурет.
ДНҚ-ның ІІІ реттік құрылымы
Рибонуклеин қышқылдарының бірінші реттік құрылымы
ко
валентті құрылым болып табылады, өйткені рибонуклеозид-
монофосфат (РНМФ) калдығы полирибонуклеотидті тізбекте
бірімен-бірі 3
′
5
′
фосфодиэфирлі байланыспен бірігеді. РНМФ-
тың бірінші реттік құрылымы — полирибонуклеотидті тізбек-
те РНМФ қалдықтарының кезектесіп берілуі. Қаңқа монотон-
ды қайталанып келетін рибоза мен нуклеин қышқылдарының
қалдықтарынан тұрады. Азотты негіздерді бір-бірінен бірдей
арақашықтықта орналасқан бүйір топтары түрінде қарастыруға
болады. Полирибонуклеотидті векторлық тізбекке тəн тізбек
бағыты 5
′
– 3
′
. РНҚ-ның əрбір түрлерінің поликонденсациялық
коэффициенті бірнеше оннан бірнеше мыңға дейін созылады.
Молекулалық массасы 200 мыңнан млн Дальтонға дейін болуы
мүмкін. мРНҚ - мөлшері де, тұрақтылығы да гетерогенді бола-
тын РНҚ-ның түрі. Эукариоттарда мРНҚ молекуласы цистрон
бөліктерінен тұрады.
140
Жасуша құрамындағы мРНҚ мөлшері шамалы ғана (5%-дай),
бірақ ол ерекше əсерлі келеді, мРНҚ алуан текті, ол жағдай жа-
суша синтездейтін белоктардың түрлілігіне байланысты, өйт-
кені əр мРНҚ белоктің бір түрін ғана синтездеуге жауапты.
Қазіргі уақытта көптеген мРНҚ-ның бірінші реттік құрылымы
анықталған. Эукариоттарда мРНҚ нуклеотидтік тізбегі цис-
трон деген аймақтардан тұрады. Цистрондар кодталатын аймақ,
белоктардағы амин қышқылдарының орналасу ретін бақылайды.
Эукариоттардың барлығында мРНҚ-ның 5
′
– шетінде КЭП деп
аталатын ерекше құрылым бар (ағылшын тілінде сар–колпачок).
КЭП ферментативті жолмен ядрода түзіледі, КЭП екі түрлі
қызмет атқарады:
1. мРНҚ-ның 5
′
шетін 5
′
- экзонуклеаза ферменттерінің əсерінен
сақтайды.
2. Трансляция этапында амин қышқылдарын тану процесіне
қатысады.
КЭП-тен кейін мРНҚ-ның цистрон алды бөлігі орналасады,
мұнда 3-1,5 дейін нуклеотидтер болады. мРНҚ-ның бұл бөлігі
5
′
- шетінің рибосомамен дұрыс байланысуына жауапты. Ци-
строннан кейін терминдеуші кодон орналасады, бұған постци-
стронды бөлік жалғасады. м-РНҚ-ның постцистронды бөлігінде
ААУ ААА деген гексонуклеотид болады. Көптеген мРНҚ-ның 3
′
-
шетінде полинуклеотидтер орналасады, олар жасушадағы мРНҚ-
ның тұрақтылығына жауапты деген болжам айтылады.
мРНҚ - екінші реттік құрылымы өте күрделі, трансляция
кезінде матрицалық функциясын атқару үшін жауапты.
тРНҚ құрамына 70-93 нуклеотид кіреді. тРНҚ-ның қызметі
активтелген амин қышқылдарын белок синтезделетін орынға
жет кізу болып табылады. Əр амин қышқылын тасымалдайтын
өзінің арнаулы тРНҚ болады. Кейбір амин қышқылдарына бір-
неше тРНҚ сəйкес келеді.
Қазіргі кезде 300-дей тРНҚ нуклеотидтік тізбегінің реті
анықталған. Барлық тРНҚ-ның жалпы жоспар бойынша құрыл-
ғаны, олардың кеңістіктік құрылымы бірдей екендігі, пішінінің
беде жапырағына ұқсайтыны анықталған. тРНҚ-лардың кон-
формациясы ұқсас болғанымен, нуклеотидтердің орналасу реті
əртүрлі. тРНҚ-лардың құрамында 60-қа жуық минорлы негіздер
|