3. ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ ПАЙЫМЫ Маңғыстау облысы табысты ұлғайту және көмірсу шикізатын қайта өндіруден, жоғарғы құн қосылған құрылыс индустриясының дамуынан, тартымды туристік аймақ имиджін негіздеуден, Қазақстанның батысындағы аймақтық инфрақұрылымды модернизациялау және халықаралық көлік қатынасын жетілдіруден өмір сүру сапасының деңгейі тұрақталған аймақ болады. Маңғыстау облысы дамуының негізгі стратегиялық мақсаты тұрғындар өмірінің сапасы мен жағдайын көтеру болып табылады. Оның артуы өңірдің жоғары бәсекеге қабілеттілікке ие және ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін салалар есебінен жүзеге асырылады. Өмір сүру сапасы және жоғары стандарттар өңірлік бәсекеге қабілеттіліктің салдары болып табылады.
Негізгі мақсатты жүзеге асырудың маңызды нәтижесі адам өмірін жақсартатын, денсаулық сақтаудағы сапалы көрініс, әлеуметтік қызмет көрсетудегі, мәдениет, спорт, дамыған көлік, тұрмыс инфрақұрылымын қамтамасыз ететін қозғалыста, үйлесімді және бәсекеге қабілетті экономиканы құру.
Аймақтың тиімді интеграциясын ұлттық және әлемдік нарыққа шығуын қамтамасыз етуге, өндірістік күштерді тиімді орналастыру есебінен әлеуметтік экономикалық дамуды жеделдетуге;
Қазақстан дамуының локомотиві іспеттес аймақтың беделін нығайту және еліміздің жаңа кеңістіктік дамуын құруда белсенді ат салысуға;
Инновациялық өндірістерді қалыптастыру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындармен жетілдіру;
Табиғи ресурстарды игеру және өңдеу;
Азық түлік қауіпсіздігі, халықты жұмыспен қамту, экономиканы диверсификациялар факторы ретінде агроөнеркәсіп кешенін дамыту;
Инфрақұрылымның барлық нысандарын жетілдіруге;
Аймақтың тұрақты дамуына негіз ретінде экологиялық жағдайды қамтамасыз етуге. Экономикалық қызметті экологизациялау есебінен құрылымдық қайта кейіптеу шеңберінде қоршаған орта жағдайын түбегейлі жақсартуға бағытталған.
Бағдарламаны жүзеге асыру құралы болып: 2011-2015 жылдарға арналған Маңғыстау облысы аймағын дамыту Бағдарламасы бойынша іс шара жоспары, тиісті мемлекеттік құрылым басқармаларының стратегиялық және операциялық жоспарлар, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың бизнес жоспарлары және жобалары. Жоғарғы құн қосылған жекелеген салалардың басымдылықтардың дамуы үшін тиімді басқару және жағдай жасау. Дамуға бағытталған бюджет қаражатын тиімді пайдалану.
Бәсекеге қабілетті және үйлесімді экономика құру жөніндегі Әкімдіктің алға қойған мақсатты саясаты даму стратегиясы бағдарламасында шоғырлануы қажет. Басымдықтарды бағалау стратегиялық талдау және сарапшылардың қорытындысы негізінде жүргізілген. Осылайша Маңғыстау облысы өңірлік даму бағдарламасының мынадай басымдығы анықталды:
I: тұрғындар өмірінің сапасын көтеру;
II: мұнайгаз өндіру секторы және мұнайхимия;
III: туризм;
IY: ұлттық деңгейдегі сауда логистикалық орталық негіздеу;
Y: ауылшаруашылығы;
YI: құрылыс материалдары өнеркәсібі.
Ұлттық экономиканың дамуын қамтамасыз ететін Маңғыстау облысы мынадай міндеттердің шешілуін қамтамасыз етуі қажет:
Энергиямен қамтамасыз ету үшін және Қазақстан халықаралық энергетикалық міндеттерді орындау үшін көмірсутегі кені кеңінен өндірілуі қажет;
Көмірсутегі шикізатын түбегейлі өңдеуді ұйымдастыру;
Көмірсутегінің минералды шикізат базасын қалпына келтіру тиімділігін көтеру;
Қоршаған ортаны қорғауды күшейту;
Азық түлік қауіпсізігі мәселесін шешу;
Көлік және байланыс инфрақұрылымын дамыту;
Қызмет көрсету саласын, оның ішінде туризмді дамыту.