Ќазаќстан республикасы



бет35/154
Дата06.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#60409
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   154
Байланысты:
есеп для экон.

Бухгалтерлік есеп шоты – шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерімен болатын шаруашылық операцияларын ақшалай бағада бейнелеу, ағымдағы бақылау және топтаудың тәсілі. Шот – бухгалтерлік есептегі ақпаратты жинақтаушы. Шоттар негізінде есеп берушіліктің ең негізгі формасы – бухгалтерлік құрылады. Шотта, оның атына байланысты көрсеткіш туралы барлық ақпарат жинақталады. Мысалы: 451 «Кассадағы ұлттық валютадағы ақша» шотында осы кассаға келіп түскен және алынған ақшалар туралы ақпараттар толық болады.
Шоттың көрнекті түрде бейнеленуін «Т – шот моделі» сызбасымен көрсетуге болады. Бұл қарапайым модель үш элементтен тұрады.

  • атауы; сол жағы – дебет; оң жағы – кредит.

Модель шаруашылық қызмет факторларын талдау үшін қолданылады және мынадай көріністе болады.
Дебет Шоттың атауы Кредит

Сол жағында жазылған кез-келген жазба шотты дебеттеуді, оң жағындағы жазба шотты кредиттеуді білдіреді. «Дебет» және «Кредит» сөздері шоттың оң және сол бөліктерін бейнелеуге арналған бухгалтерлік терминдер. Бұл атаулар ежелден қалыптасқан. Шоттың әрбір жағы сомалардың азайғаны мен көбейгенін бейнелеуге арналған.


Шоттар бухгалтерлік баланс баптарымен тығыз байланысты. Сондықтан да олар активті және пассивті деп бөлінеді.
Активті шоттарда мүліктің барлық түрі, олардың бар болуы мен құрамы және қозғалысы есепке алынады. Активті шоттың алғашқы қалдығы тек дебеті жағында ғана болады. Қалдықты бухгалтерлік есепте «сальдо» деп те атайды.
Есептік кезең соңындағы активті шоттың сальдосы келесідей жолмен табылады.
Сдо(соң.)=Сдо(б)+∑ дебеттік айналым - ∑ кредиттік айналым. Соңғы қалдық тек қана дебеттік болады.
Пассивті шоттарда шаруашылық қаржыларының қалыптасу қайнар көздері мен міндеттемелер есептеледі. Мұнда алғашқы қалдық кредит жағында көрсетіледі.
Пассивтік шоттардағы есептік кезең соңындағы қалдық мынадай түрде анықталады:
Сдо(соң.)=Сдо(б)+∑ кредиттік айналым - ∑ дебеттік айналым.
Осыларды айта келіп, мынадай түйін жасауға болады:
- активті және пассивті шоттарда дебет және кредит қарама-қарсы мағынада болады;
- активті шоттарда дебет қалдық пен көбеюді, ал кредит мүлік пен міндеттемелердің азаюын көрсетеді;
- пассивті шоттарда, керісінше кредит қалдық пен көбеюді, ал дебет – қайнар көздердің азаюын көрсетеді;
- жаңа немесе соңғы қалдық (есептік кезең соңындағы) алғашқы қалдықтың қай жақта болғанына сәйкес, дебет жағында болса – дебетке, кредит жағында болса – кредитке жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет