Ќазаќстан республикасы



бет37/154
Дата06.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#60409
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   154
Байланысты:
есеп для экон.

3. Шоттардың жіктелуі
Шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерін нақты ерекшеліктерін бейнелеуден тәуелді түрде бухгалтерлік шоттар келесі түрлерге бөлінеді: негізгі, реттеуші, операциялық, транзиттік, баланстан тыс.
Негізгі шоттар деп шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздері есептелетін шоттарды атайды. Оларды 6 топқа бөлуге болады:
Инвентарлық шоттар – негізгі құралдар, тауарлы-материалдық қорлар және басқа да бағалықтарды есептеуге арналған. Бұл бағалықтардың бар болуы түгендеу өткізу жолымен тексеріледі. Бұл топқа материалдық емес активтер, дайын өнім шоттары кіреді.
Қаржылық салымдар шоттары – басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталы мен бағалы қағаздарына салынған ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың бар болуы мен қозғалысы туралы ақпаратты жинақтау үшін қолданылады.
Ақшалай шоттар – ақшалай қаржылардың қозғалысын есепке алу үшін арналған. Құрылымы мен бағыты бойынша олар инвентарлық шоттарға ұқсас, оларға жолдағы ақша аударымдарының шоттары, кассадағы және есеп айырысу, валюталық және банктегі басқа да арнаулы шоттардағы ақшалар шоттары кіреді.
Ссудалық шоттар – еліміздегі және шетелдегі банктер мен банктік емес ұйымдардан алынған қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі уақытқа) және ұзақ мерзімді (бір жылдан жоғары уақытқа) ұлттық және шетел валютасындағы несиелер мен басқа да қаржылар туралы ақпаратты жинақтауға арналған.
Есептік шоттар есеп айырысуға арналған шоттар, олар активті және пассивті болуы мүмкін.
Есептік активті шоттар: сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарызы, еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық қарызы, берілген аванстар, басқа да дебиторлық қарыз.
Есептік пассивтік шоттар: дивиденттер бойынша есеп айырысу, еншілес (тәуелді) серіктестіктерге кредиторлық қарыз, алынған аванстар, жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысулар, басқа да кредиторлық қарыздар мен есептеулер.
Капитал шоттары кәсіпорынның жеке меншік капиталының есебіне арналған. Оған жарғылық капитал, төленбеген капитал, алынған капитал, қосымша төленген капитал, резервтік капитал, таратылмаған табыс (жабылмаған зиян) шоттары кіреді.
Реттеуші шоттар – шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерінің жекелеген түрлеріне бағалауды реттеу, нақтылау үшін қолданылады. Бұл шоттардың дербес мағынасы жоқ. Оларды екі топқа бөлуге болады:

  1. контрарлы (активті немесе пассивті шотқа қарсы тұрады, реттелетін объектінің бағасын нақтылау үшін қолданылады).

  1. қосымша

Контрарлы шоттың өзін екіге бөледі: контрактивті және контрпассивті. Контрактивтілерге:материалдық емес активтердің амортизациясы, негізгі құралдардың тозуы; контрпассивтілерге – бағадан шегерімдер, сатудан шегерімдер жатады.
Қосымша шоттар реттелетін объект шамаларының сомасын толықтыру үшін қолданылады. Қосымша шоттарда есептелген сомаларды реттелетін объектінің алғашқы құнына қосады немесе алады. Ондай шоттарға: негізгі құралдарды қайта бағалаудан қосымша төленбеген капитал, инвестицияларды қайта бағалаудан қосымша төленбеген капитал шоттары жатады.
Операциялық шоттар – шаруашылық операциялар қызметтің есебі үшін арналған. Оларды бес топқа бөлуге болады:
Таратушы шоттар - өндіріс пен өнімді өткізумен байланысты шығындарды жинақтауүшін арналған. Бұлар үстеме шығындар шоттары.
Бюджеттік-таратушы шоттар - өндіріске шығындарды біркелкі қосу мақсатымен есептік кезеңдер аралығында табыстар мен шығындарды тарату мен есебі үшін, немесе алынған табыстар есебін бейнелеу үшін арналған. Бюджеттік-таратушы шоттар активті және пассивті болуы мүмкін. Активті шоттар - әр түрлі кезеңге қатысты шығындар шоттар (жол төлемі есебінің шоты, болашақ кезең шығындары есебінің шоты). Пассивті шоттар – болашақ кезең табыстарының, күдікті қарыздар бойынша резервтер есебінің шоттары. Болашақ кезеңдер шығындары шотында ағымдағы айда немесе жылда болған, бірақ алдыңғы есептік кезеңдердің шығындарына қосылған шығындар есепке алынады. (мысалы, газеттер мен журналдарға жазылымдар). Болашақ кезеңдер табыстарының есебі шотында есептік айда (жылда) алынған, бірақ болашақ кезеңдерге қатысты табыстар есепке алынады.
Калькуляциялық шоттар – кәсіпорынның өнім (қызмет, жұмыс) өндірісіне кеткен шығындары туралы ақпараттарды жинақтайды. Калькуляциялық шоттарда шығындарды пайда болу орындары мен белгілері бойынша топтау жүргізіледі. Негізгі өндіріс шығындарының, көмекші өндіріс шығындарының шоттары осы калькуляциялық шоттарға жатады.
Салыстырмалық шоттар- шоттың дебеті мен кредитіндегі есептелген деректерді салыстыру жолымен шаруашылық қызмет нәтижелерін анықтау үшін қолданылады. Салыстырмалық шотқа «Жалпы табыс (зиян)» шоты кіреді, мұнда кәсіпорынның жыл соңындағы табыстары мен шығындары салыстырылып, таза табыс (зиян) сомасы анықталады.
Кәсіпорынның бюджетін анықтаудағы табыстар мен шығындар есептелетін шоттар бюджеттік шоттар деп аталады. Оларды табыстар және шығындар шоттарына бөледі.
Табыстар шоттары өнімді (қызмет, жұмыс) өткізуден алынған және басқа да табыстарды есептеуге арналған. Оларға: негізгі қызметтен табыстар (дайын өнімді, жұмысты, қызметті өткізуден табыс) және негізгі емес қызметтен табыстар (материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды, бағалы қағаздарды сатудан табыс, курстық айырмадан табыс) шоттары енеді.
Шығындар шоттары өткізілген өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын және өнімді (жұмыс, қызмет), айналыстан тыс активтерді, бағалы қағаздарды сатумен байланыстышығындарды бейнелейді. Оларға: өткізілген тауардардың (жұмыс, қызмет) өзіндік құны, тауарларды (жұмыс, қызмет) сату бойынша шығындар, жалпы және әкімшілік шығындар, негізгі емес қызметтен шығындар есебінің шоттары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет