Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы


-5-бап. Аккредиттелген сараптама ұйымдары



бет69/80
Дата24.08.2020
өлшемі215,97 Kb.
#76751
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   80
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы (1)

64-5-бап. Аккредиттелген сараптама ұйымдары

      1. Аккредиттелген сараптама ұйымдары:

      осы Заңның 64-4-бабының 1-тармағында көзделген жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізеді;

      палата құрылған кезден бастап оның мүшелері (қауымдастырылған мүшелері) болуға міндетті.

      2. Аккредиттелген сараптама ұйымдары, егер:

      1) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) объектілердің (кешендердің) құрылысы іске қосу кешендері немесе кезек бойынша көзделсе;

      2-1) алып тасталды - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);

      3) инженерлік немесе көліктік инфрақұрылымның желілік құрылыстарын салу жеке учаскелерге (кесінділерге) бөлінсе, жергілікті сараптама қорытындыларын бере отырып, жобаға арналған құжаттардың толық жинақталымына тұтастай да, жобаның жекелеген бөлімдеріне (бөліктеріне) де сараптама жүргізуге құқылы.

      Жобаның жекелеген бөлімдері (бөліктері) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жергілікті қорытындылары жобалау-сметалық құжаттаманы тұтастай бекіту үшін негіздер болып табылмайды, бірақ жиынтық сараптама қорытындысының құрамында пайдаланылады. Техникалық зерттеп-қарау нәтижелері негізінде объектідегі тозған элементтерді немесе инженерлік жүйелерді ауыстыру арқылы пайдалану сапаларын қалпына келтіру мақсатында күрделі жөндеу жүргізу үшін сметалық құжаттаманы әзірлеу ғана талап етілетін жағдайларға, бұл талап қолданылмайды.

      3. Міндетті түрде ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді талап етпейтін құрылыс жобаларына осы сараптаманы тапсырыс берушінің шешімі бойынша аккредиттелген сараптама ұйымы да жүргізуі мүмкін.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      4-тармақ алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен.

      4. Аккредиттелген сараптама ұйымдары, осы Заңда көзделген сараптама қызметін қоспағанда, қандай да бір өзге қызметпен айналысуға құқылы емес.

      Ескерту. 64-5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); ҚР 26.12.2018 № 202-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет