64-3-бап. Жобаларға сараптама түрлері
1. Жобаларға сараптама мынадай түрлерге бөлінеді:
1) аккредиттелген сараптама ұйымдары немесе тиісті аттестаты бар сарапшылар жүзеге асыратын, құрылысқа арналған жобаларға сараптама (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама);
2) мемлекеттік монополияға жатқызылған құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама;
3) мыналар:
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жобалар бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган құратын сараптама комиссиялары;
мәслихаттар бекітетін жобалар бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын сараптама топтары жүзеге асыратын, қала құрылысының әр түрлі деңгейдегі жобаларына міндетті сараптама – кешенді қала құрылысы сараптамасы;
4) мүдделі мемлекеттердің уәкілетті органдары құратын халықаралық сараптама комиссиялары жүзеге асыратын, объектілерді жобалау және салу немесе аралас шекара маңы аумақтарының қала құрылысын жоспарлау бойынша тиісті халықаралық шарттардың екі және одан да көп қатысушы мемлекеттері үшін өзара мүддені білдіретін жобаларға мемлекетаралық сараптама.
2. Әр түрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобалары (қала құрылысы жобалары) осы Заңда, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерде белгіленген тәртіппен кешенді қала құрылысы сараптамасынан өтеді. Кешенді қала құрылысы сараптамасының оң қорытындылары тиісті деңгейдегі қала құрылысы жобаларын бекіту және оларды одан әрі іске асыру үшін негіз болып табылады.
3. Екі және одан да көп елдердің мүдделерін қозғайтын жобалар бойынша мемлекетаралық сараптама жүргізу тәртібі халықаралық шартқа сәйкес белгіленеді.
64-4-бап. Мемлекеттік монополияға жатқызылған сараптама қызметі
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Мемлекеттiк монополияға:
1) қаржыландыру көздеріне қарамастан, ықтимал қауіпті құрылыс объектілеріне жататын жаңа өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі жаңа объектілерді, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салу;
2) бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен қаржыландырылатын, мыналарға:
ықтимал қауіпті;
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу үшін жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешендi сараптама жатады.
2. Мемлекеттік монополияға жатқызылатын кешенді ведомстводан тыс сараптаманы мемлекеттік сараптама ұйымы жүзеге асырады.
Азаматтық істер, қылмыстық істер, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде мемлекеттік монополияға жатқызылатын ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысына қатысты тиісінше Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде не Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен сот сараптамасы жүргізілуі мүмкін.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызметке "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйені жүргізу жатқызылады.
3. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілеріне қолданылмайды.
Ескерту. 64-4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.04.2016 № 487-V (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 202-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |