4.22 «Мемлекеттiк институттарға сенiм деңгейi бойынша тиімділіктің басты көрсеткiштерiн енгізу» бастамасы. Электрондық үкімет базасында мониторингтеумен және өлшенетін көрсеткіштерді, сондай-ақ ашық жарияланымды пайдалана отырып, қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенім деңгейін бағалайтын тиімділіктің басты көрсеткіші енгізілетін болады. Мониторингтеудің нәтижелері мемлекеттік институттардың жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлерін көтермелеу мен олардың үздік тәжірибесін тарату үшін пайдаланылатын болады.
Күтілетін нәтижелер Мемлекеттің құқықтық жүйесінің тиімділігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдігін күшейту, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету Қазақстандағы қосымша экономикалық өсуді жылына 2%-дан бастап және халықтың өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Аталған реформа бойынша қабылданған шаралар TheWorldJusticeProject заң үстемдігі индексі бойынша позицияларды әлемде 55-60-орынға дейін жақсартуға мүмкіндік береді. Ал сыбайлас жемқорлықты қысқарту жөніндегі жүйелі шаралар (Transparency International сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі 35 балға дейін өседі) және қазіргі заманғы құқықтық мәдениетті тәрбиелеу ұлттық экономикадағы жағдайды жақсартуға мультипликативтік әсер етеді (оның ішінде негізгі капиталға инвестициялардың өсуіне жанама түрде әсер етеді – 2025 жылға қарай ЖІӨ-ден 19,4%-ға дейін).
5-реформа. Мықты өңірлер және урбандалу Реформаның мәні: реформа бүкіл ел бойынша өмірдің базалық сапасын қамтамасыз еткен кезде қолда бар жергілікті әлеуетті (экономикалық резервтерді) тиімді пайдаланумен қамтамасыз етілетін өңірлердің экономикалық өсуі есебінен елдің ЖІӨ-ін арттыруға бағытталған.
2025 жылға қарай Қазақстан үшін қағидатты өзгерістер: орталықтандырылған жоспарлаудан және ресурстарды бөлуден – экономикалық дербестік пен бюджетті ұтымды пайдалану үшін өңірлердің жауапкершілігі;
бюджеттен трансферттер мен субсидиялар бөлу арқылы өңірлерді қолдаудан – өңірлерде бизнес үшін тартымды жағдайлар құру арқылы жеке, әсіресе шетелдік инвестициялар үшін бәсекелі күрес;
ұлттық жоспарларды «шартты» орындаудан – түпкілікті жалпыелдік нәтижеге үлес қосуға бағдарлану;
ішкі дамуды ескере отырып аумақтық жоспарлаудан – бірыңғай экономикалық нарық ретінде аумақтық дамуды үйлестіру;
бүкіл ел бойынша өмір сүрудің базалық деңгейін теңестіру тәсілінен – өңірлердегі өмір сүрудің сапасын арттыру және барлық азаматтар үшін ұтқырлық болмақ.