Алдағы міндеттер
Реформа аясында өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, урбандалу және байланыста болуды қамтамасыз ету және барлық өңірлерде өмір сүрудің базалық деңгейін қамтамасыз ету сияқты үш басты басымдық айқындалды.
Өңірлік саясаттың бағыты шығыстарды теңестіруден өңірлердің өз кірістерін өсіруді ынталандыруға ауыстырылатын болады. Өңірлердің бәсекеге қабілетін арттыру үшін жергілікті атқарушы органдарда ынталандыру жүйесін қалыптастыру қажет. Өңірлік саралауды азайтуға қол жеткізу ресурстарды өңірлер арасында қайта бөлу есебінен емес, өңірлердің өздері жүзеге асыратын даму жолдары мен көздерін іздестіру негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Мұндай ауысу фискалдық және бюджеттік саясатты өзгертуді, жеке инвестицияларды тарту бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін жандандыруды және өндірістің экспортқа бағдарлануын талап етеді. Нашар дамыған өңірлерге субсидиялар мен трансферттер беру саясатынан алшақтау кезеңділік сипатқа ие болуға тиіс. Барлық өңірде базалық деңгейде сапалы білім беруді, денсаулық сақтау қызметтерін, қолжетімді баспананы және қоршаған ортаның сапасын жақсартуды қамтамасыз ету қажет.
«Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» басымдығы
Өңірлердің бәсекеге қабілетін арттыру үшін оларға жергілікті жерлерде әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыру мен іске асыру және бизнесті қолдау шараларын таңдау, инвестициялар тарту, жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу және инфрақұрылымды дамыту, жергілікті жерлерде кадрлар ресурсын басқару бойынша өкілеттіктерді беру есебінен өңірлердің экономикалық дербестігі мен жауаптылығын арттыру қажет.
«Өңірлердің экономикалық дербестігін қамтамасыз ету» міндеті
Бұл міндет өңірлердің экономикалық, кадрлық дербестігін, оның ішінде өкілеттіктерді одан әрі беру есебінен арттыруға бағытталған. Сонымен бірге дербестікті ұлғайту жергілікті билік органдарының халыққа есептілігін күшейтуді көздейді.
5.1 «Мемлекеттік басқару деңгейлер арасындағы өкілеттіктерді одан әрі қайта бөлу» бастамасы. Өкілеттіктерді одан әрі қайта бөлу орталық атқарушы органдардан жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ жергілікті биліктің жоғары тұрған органдарынан төменгі тұрған органдарына дейінгі мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерін қамтиды.
Республикалық деңгейде қорғаныс қабілетін және ұлттық қауіпсіздікті, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, бірыңғай салықтық, бюджеттік, көліктік-коммуникациялық және энергетикалық, әлеуметтік саясатты қамтамасыз ету мәселелері және басқа да бірқатар стратегиялық маңызды мәселелер сақталатын болады.
Өңірлердің өздерінің алдына қойылған стратегиялық, атап айтқанда, бизнесті қолдау, инвестициялар тарту, жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу, инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша мақсаттарға жету үшін саясаттың қажетті шараларын дербес айқындау жөніндегі өкілеттіктері кеңейтілетін болады.
Бұл ретте өкілеттіктерді қайта бөлу жаңа функциялар мен өкілеттіктерді орындауға орталық және жергілікті мемлекеттік құрылымдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының операциялық, кадрлық материалдық-техникалық, институционалдық дайындығын қамтамасыз етумен сүйемелденетін болады. Жаңа функциялар мен өкілеттіктерді орындау үшін тиісті кадрлар мен материалдық-техникалық ресурстар қамтамасыз етілетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |