Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары


«Өңірлерде денсаулық сақтау мен білім беруді қаржыландыруды қамтамасыз ету» бастамасы



бет75/123
Дата10.12.2022
өлшемі425,54 Kb.
#162217
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   123
Байланысты:
d2ee2137de53b7a541163002d6787d5a

5.14 «Өңірлерде денсаулық сақтау мен білім беруді қаржыландыруды қамтамасыз ету» бастамасы. Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту қағидаты негізінде, оның ішінде тарифтік саясатты жетілдіру және негізгі құралдар амортизациясын өтеу мен бірлесіп төлем жасау тетігін жетілдіру мәселесін пысықтау арқылы денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесін жетілдіру мүмкіндігі қаралады.
Негізгі шаралар барлық әлеуметтік әріптестерді (мемлекет, жұмыс берушілер мен азаматтар) тарту арқылы қаржыландыру көздерін әртараптандыруға, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шеңберінде теңгерімделуді және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – БМСК) қаржыландырудың басым бағыты болады.
Денсаулық сақтау мен білім беруде әлеуметтік саланың объектілерін салуға МЖӘ тетігін қолдану практикасы жалғасатын болады. Өңірлердің инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуіндегі және ұлттық маңызы бар жобаларды іске асырудағы елеулі сәйкессіздіктерді жою үшін республикалық бюджеттен трансферттер бөлінетін болады.
5.15 «Ауыз судың қолжетімділігін қамтамасыз ету» бастамасы. Халықты сапалы және толық көлемде ауыз сумен қамтамасыз ету үшін,
сондай-ақ ағынды суларды тазартудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтау және су бұрудың жаңа объектілерін салу және қолданыстағы объектілерін реконструкциялау жалғасатын болады. Бюджет қаражатын осы мақсаттарға бөлу артады. Нәтижесінде 2025 жылға қарай барлық қалалар орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етіледі, ал ауылдарда орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз ету деңгейі 80% құрайды.
5.16 «Жеке қауіпсіздік кепілдіктерін қамтамасыз ету» бастамасы. Неғұрлым таралған құқық бұзушылықтарды алдын алуға баса назар аудара отырып, мысалы, «Ұрлыққа жол берме» форматындағы мамандандырылған жобаларды енгізу арқылы азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғастырылады.
Көшелерде және азаматтардың жаппай болу орындарында, қозғалысты бақылауда интеллектуалды бейнебақылау және тану жүйесі енгізілетін болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет