5.10 «Smart City» тұжырымдамасын іске асыру» бастамасы. Қазақстанның барлық қалаларында Астананың және басқа елді мекендердің тәжірибесін ескеретін «эталонды» стандарт «Smart City» негізінде тұжырымдамасы іске асырылатын болады, ол ресурстарды ұтымды пайдалану мен басқару үшін жоғары технологиялық шешімдерді қолдануды көздейді. Қаланың әлеуметтік, көліктік, инженерлік, энергетикалық, тұрғын үй және ақпараттық инфрақұрылымын басқаруды, коммуналдық қызмет көрсетуді, қала салуды жоспарлауды, «ақылды» ғимараттар салуды қоса алғанда, қала өмірінің барлық салаларына, оның ішінде цифрлық технологияларды енгізу қажет. «Smart City» тұжырымдамасына көшу «ақылды қалалар» салудың ұлттық стандарттарын енгізуді және өңірлік даму саласында тиісті бағдарламалық құжаттарды қайта қарауды талап етеді.
«Экономикалық өсу орталықтары арасында көліктік байланысты қамтамасыз ету» міндеті
Экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендердің қолжетімділігін арттыру және тұрақты өмір сүру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында жол және теміржол желісін салу және реконструкциялау қажет.
5.11 «Шұғыла қағидаты бойынша көлік инфрақұрылымын дамытуды жалғастыру» бастамасы. Алматы, Астана, Ақтөбе және Шымкент хаб-қалаларындағы орталықтарымен елдің макроөңірлерін қалыптастыру арқылы Қазақстанның бірыңғай экономикалық нарығын құру бойынша жұмыс жалғасатын болады. Макроөңірлер шегінде қалалар мен қала маңы араларында байланысты қамтамасыз ету үшін қала маңы көлігінің интеграцияланған инфрақұрылымы құрылады.
Хаб-қалалар арасындағы жолға уақытты қысқарту мақсатында Астана – Қарағанды – Балқаш – Алматы бағыты бойынша «Орталық-Оңтүстік» жобасы, Астана – Павлодар – Семей – Қалбатау – Өскемен бағыты бойынша «Орталық-Шығыс» жобасы, Астана – Арқалық – Торғай – Ырғыз – Шалқар –Қандыағаш бағыты бойынша «Орталық-Батыс» жобасы іске асырылады. Облыс орталықтары хаб-қалалармен қосылатын болады, сонымен бірге облыстар шеңберінде орташа және шағын қалалар «шұғыла» қағидаты бойынша облыстық орталықтарымен біріктірілетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |