Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары


«Ерлер мен әйелдерді тең дәрежеде жұмыспен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау» бастамасы



бет84/123
Дата10.12.2022
өлшемі425,54 Kb.
#162217
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   123
Байланысты:
d2ee2137de53b7a541163002d6787d5a

6.15 «Ерлер мен әйелдерді тең дәрежеде жұмыспен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау» бастамасы. Ұлттық шоттар жүйесіне бейресми секторда, күтіп-бағудағы есептелмейтін үй еңбегінде, үй еңбегінде, жалдау бойынша үй жұмысында және басқаларында жұмыспен қамтылуды өлшейтін гендерлік-сезімтал көрсеткіштер қосылатын болады. Гендерлік аспектіні ескере отырып, еңбек режимі мен еңбекті қорғау бойынша заңнама жетілдіріледі, еңбек жағдайлары жақсартылады, жұмыспен қамтудың икемді нысандарын енгізу мен кеңейту мүмкіндіктері қаралады. Жұмыспен қамтылуға және кәсіпкерлікпен айналысуға жәрдемдесу арқылы, оның ішінде әдетте ер адамдар жұмыс істейтін экономика секторларында әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге қолдау көрсетіледі.
6.16 «Кәсіпкерлік қызмет үшін қажетті барлық ресурстарға ерлер мен әйелдердің тең қол жеткізуін қамтамасыз ету» бастамасы. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ерлер мен әйелдер тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етіледі. Тұрақты негізде тұрғылықты жері, жасы, мүгедектігі мен мүліктік жағдайы бойынша гендерлік аспектіде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің қолжетімділігі мен ШОБ субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсетуге талдау жүргізіледі. Әкімшілік ауыртпалық тосқауылдарын, шектен тыс нормативтік шектеулерді, сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлерлігінің дамуындағы тосқауылдарды қысқарту бойынша саясат жетілдіріледі.
6.17 «Гендерлік оқу-білімді ілгерілету» бастамасы. Барлық жастағы адамдарды қамтитын және гендерлік стереотиптерді жоюға ықпал ететін гендерлік білім беру және халықты ағартудың дамыған жүйесі жұмыс істейді. Гендерлік теңдікке және мемлекеттік шешімдерді қабылдаудың алдында гендерлік аспектілерді жан-жақты есепке алуға бағытталған білім беру мен біліктілікті арттыру бағдарламалары кеңейтілетін болады.
6.18 «Ерлер мен әйелдердің тең әріптестігіне негізделген отбасылық қарым-қатынастарды қалыптастыру арқылы отбасы институтын нығайту» бастамасы. Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді ілгерілету, мәдени-ағарту және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру арқылы ұрпақтар сабақтастығын сақтау бойынша жұмыс күшейтіледі, сондай-ақ отбасы саясаты проблемаларын зерделеу бойынша институционалдық құрылымды айқындау мәселесі қаралатын болады. Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу үшін қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, асырап алу, баланы қабылдайтын отбасы сияқты балалар үйінің тәрбиеленушілерін отбасына орналастырудың баламалы нысандарын дамыту бойынша, сондай-ақ отбасылық типтегі балалар үйлерін құру бойынша жұмыс жандандырылатын болады. Заңнамалық реттеу шеңберінде кәмелетке толмаған балалары бар ата-аналар үшін жұмыс уақытын қысқарту мәселесі қаралады. Барлық мүдделі тараптарды тартумен ата-аналардың, соның ішінде жалғызбасты ата-аналардың құзыреттілік моделі әзірленетін болады. Әкенің рөлін арттыру институты күшейтіліп, бала тәрбиелеп отырған әкелердің құқықтарын іске асыру үшін тең жағдайлар қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде отбасыларға кәсіби көмек көрсету саласындағы ҮЕҰ қызметі (отбасын ресурстық қолдау, дағдарыс орталықтары, сенім телефондары) жанданатын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет