6.7 «Тілдік жаңғырту» бастамасы. Шет тілдерін, әсіресе ағылшын тілін үйрету мүмкіндіктерімен халықты барынша мол қамту қамтамасыз етіледі. Білім берудің барлық деңгейлерінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша білім берудің барлық деңгейлерінде үштілдікті енгізу жалғасады, орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін үйретудің жаңа тәсілі енгізіледі.
Қазақ тілінің қазіргі заманғы болуы шеңберінде әлемде тұрақталған және жалпыға бірдей қабылданған терминдер аудармасының негізділігін айқындау тәсілдері қайта қаралады, сондай-ақ бұрын аударылған терминдерге тексеру жүргізіледі.
Қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру тілдік жаңғыртудың дербес бағыты болып табылады. Жүйелілік пен кезең-кезеңділік көшудің маңызды факторы болады. Өзара байланысты іс-шаралар кешені жаңа әліпбиді оқытуға және орта мектеп үшін оқулықтарды дайындауға бағытталатын болады. Тиісті ұйымдастырушылық және әдістемелік жұмыс жүргізіледі.
6.8 «Әлемдегі үздік білімге қол жеткізу» бастамасы. Осы бастаманың шеңберінде әлемдік үздік тәжірибенің оң элементтерінің қолданыстағы мәдени-білім беру модельдерімен және стандарттарымен синтезделуін қамтамасыз етудің маңызы зор. Бұл үшін қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздік кітаптар қазақ тіліне аударылатын болады.
6.9 «Шығармашылықты ынталандыру және оған қолдау көрсету» бастамасы. Талантты адамдарды іріктеу, оларға қолдау көрсету және оларды танытудың үздіксіз тұтас жүйесі құрылады, сондай-ақ дуальды оқытудың «мектептен үлкен өмірге дейін» қағидаты бойынша өмір бойы үздіксіз білім алу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Қолайлы креативті ортаны қалыптастыру үшін шығармашылық бірлестіктердің, мәдениет ұйымдарының, мәдени-туристік кластерлердің бәсекелестік артықшылықтарын нығайтуға жағдайлар жасалады.
6.10 «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын ұйымдастыру» бастамасы. Өзіміздің ұлттық символикамызды жасау және тарихи-мәдени объектілерді адамдар көп баратын жерлерге айналдыру, оларды барлық қазақстандықтардың ұлттық санасында сабақтастырып, елдің бірыңғай рухани белдеуіне біріктіруге мүмкіндік береді. Қазақстанның киелі жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін ұлттық санада орнықтыру үшін киелі жерлердің географиясындағы олардың рөлі мен орны бойынша әрбір қазақстандыққа білім беру қамтамасыз етіледі. Киелі жерлер бойынша ішкі және сыртқы мәдени-туристік бағдарлар іске қосылады, оларды елде және әлемде кеңінен таныту қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |