«Өмірге прагматикалық көзқарасты тәрбиелеу» басымдығы
Прагматикалық көзқарас өзінің ұлттық және жеке ресурстарын нақты түсінуді, оларды үнемдеп жұмсауды, өзінің болашағын жоспарлай білу дегенді білдіреді. Өзінің біліміне, салауатты өмір салтын ұстануына және кәсіби жетістіктеріне назар аудара отырып, өмір сүруге ұтымды көзқарас қалыптастыруға тәрбиелеуге баса назар аударылады. Жеке адам ретінде де, тұтастай ұлт ретінде де, өз мүмкіндіктері мен шамасын есепке ала отырып, нақты мақсаттарға қол жеткізуге ұмтылу жалпы алғанда ел дамуының негізі болады.
«Жауапты азамат бейнесін танымал ету» міндеті
Міндеттің аясында қоршаған әлемге жауапты қарауға, жергілікті және ұлттық деңгейде қоғамдық өмірге белсене араласуға, қатысушылық пен бастамашылық сезімін дамытуға бағытталған әрбір азаматтың сана-сезімін жаңғырту үшін негіз қамтамасыз етілетін болады. Бағдарламада жаңғыртылған жаңа қоғам құру үшін негізінен жастарға көңіл аударылады.
6.1 «Азаматтардың бойында меншік иесі мәдениетін дамыту» бастамасы. Білім беру қызметі қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде жеке өзінің меншігі үшін ғана емес, сондай-ақ қоғамдық меншік үшін де жауапты болу тұрғысынан жүзеге асырылады. Әлеуметтік бастамалардың картасы әзірленіп, жүзеге асырылатын болады, өздерінің ұсыныстарын беру және маңызды мәселелер бойынша шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі арқылы азаматтардың елді мекендердің әлеуметтік өміріне тартылуын қамтамасыз етеді.
6.2 «ҮЕҰ, мемлекет және бизнестің үшжақты әріптестігі жүйесін құру» бастамасы. Әлеуметтік бастамаларды іске асыру, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау кезінде үкімет емес ұйымдардың (бұдан
әрі – ҮЕҰ) мемлекетпен және бизнеспен ынтымақтастығын қамтамасыз ету үшін алаң және тұрақты құқықтық база құрылады. Жобалардың, бағдарламалардың нәтижелері мен ықпалын қоса алғанда, ҮЕҰ қызметінің әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалаудың кешенді әдістемесі әзірленеді және енгізіледі. Азаматтық қоғамның мемлекетті басқаруға қатысу жүйесін жетілдіру үшін қоғамдық кеңестер қызметі, қоғамдық бақылау жүйесі жетілдіріледі, сондай-ақ жаңа әлеуметтік технологиялар енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |