«Нәтижеге және азаматтардың мүдделеріне бағдарлануды арттыру» басымдығы Нәтижеге бағдарлауды дамыту нәтижеге бағдарланған тәсілдерді жүйелеу, адаптивті тәсілді дамыту және клиентке бағдарлануды қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылатын болады.
«Нәтижеге бағдарлану тәсілдерін жүйелендіру» міндеті Нәтижеге бағдарлану, сапалы және дұрыс түсіндірілген деректерді қамтамасыз ету, сондай-ақ жобалар мен даму бағдарламалары барынша нәтижелі болуы үшін жобалық басқаруды қолдану мемлекеттік органдар жұмысының жалпы тиімділігін елеулі көтеруге мүмкіндік береді.
7.5 «Нәтижелерге қол жеткізу бойынша ынталандыру жүйесіне көшу» бастамасы. Жеке компаниялардағы ынталандыру қағидаттарына ұқсас мемлекеттік қызметшілерді олардың нақты нәтижелерге қол жеткізуіне байланысты материалдық ынталандыру жүйесі біртіндеп және барлық жерде жетілдірілетін болады. Жауапкершіліктің артуына және соңғы нәтижеге әсер етуіне байланысты «кепілдендірілмеген», сыйақы (бонустар) мөлшері де артатын болады. Мемлекеттік органдардың нəтижелерін бағалау тиiстi саясат бойынша олардың тиiстi құрылымдық бөлiмшелерге декомпозициясымен негiзгi индикаторларды орындау негізінде жүргізілетін болады.
7.6 «Мемлекеттік органдар қызметінің, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асырудың тиімділігін одан әрі арттыру» бастамасы. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу кезінде процеске емес, қорытынды нәтиженің сапасына, сондай-ақ нәтижелерді іске асыру, мониторингтеу мен бағалау тетіктеріне бағдарланған нысаналы индикаторларды сапалы айқындауды қамтамасыз етуге баса назар аударылатын болады.
Шешім қабылдауда жауапкершілік пен дербестік орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мүмкін болатын ең төменгі басқару деңгейлеріне берілетін болады.
Мониторингтеу және бағалау жүйесі бағдарламаларды іске асыру барысында бүкіл бағдарламаны/саясатты тұтастай қайта қарауды және қайта бекітуді талап етпестен, түзету шараларын енгізуге мүмкіндік беретін болады. Бағдарлама аяқталғаннан кейін әзірлеу, іске асыру және әсерді бағалау сатыларында мемлекеттік саясаттар мен бағдарламалардың экономиканың (салалардың, қоғамның, жекелеген нарық ойыншыларының) жағдайына әсерін талдау практикасын енгізу есебінен тұрақты мониторингтеу мен бағалау күшейтіледі.