Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі



бет183/272
Дата28.12.2021
өлшемі3,89 Mb.
#128904
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   272
Байланысты:
консерв окулык

Жас құрт сүзбеде тұрған құртың сары маймен жентектелген түрі; шай дастархан тағамы.Ертеде жас құртты мипалауға, құйрық – бауырға қосқан. Құрттың сарысуына сүт қосып қайнатып, ірімшік жасайды, ауырған малға ішкізеді, тері илеуге пайдаланады.

Көбік қайнап жатқан құрттың қалқып алған беті: майлы, кенеулі ас.

Көбікті жас балалар мен қарияларға қалқып беретін болған.



Ыстық құрт қайнап жатқан құртқа май қосып сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тигенде ем болып саналған.

Сықпа құрт қапқа құйылған ашыған айраннан жасалған құрт; сұзілген айран тұздалып, əр түрлі формаға келтіріліп, тақтайшаға кептіріледі.

Малта езілген құрттың түйіршектері; əрі жұмсақ, əрі дəмді ас болып саналады. Ұзақ жолда ауызға салып, суын сорса, əрі сусын, əрі қорек болады.

Езген құрт астауға ұнталған, келіге түйілген немесе диірменге тартылған құрт; сорпаға, тұздыққа, көжеге жəне басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құрт езіледі.

Ақ малта езген құрттың ең соңғы шайындысы, сұйық күйінде ішеді; өте жағымды жəне тез сіңетін тағам.

Ұнтақ құрт арнайы түйіп ұсатқан немесе қап түбінен жинап алған үгінді. Оны сүттің піскен қаймағына салып жейді.

Құрт-май сары майға батырылған кепкен сықпа жалпақ құрт. Асығыс уақытта дастарханға дəм таттыруға қояды. Құрт, ірімшік, май тағамдарының қосындысы да құрт-май деп аталады.

Құрт-көже көжеге қосылған езілген құрт; кенеулі, күшті, қадірлі ас. Қазақ арасында сорпаға, көжеге құрт езіп ішу кең тараған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет