Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет59/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   126
Байланысты:
ktj 20593
===
 
 
 


8.2. Қоғамдық-саяси дамудағы алға басулар. 
XXI ғ. басындағы әлеуметтік саладағы реформалар. 
 
  
Тәуелсіз  Қазақстанның  алдына  қойған  басты  мақсаттарының  бірі  - 
адамдардың жақсы жәйлі тұрмысын іс жүзінде қамтамасыз ететін қоғам орнату. 
Осы орайда әрбір адамға кәсіпкерлік еркіндік пен мүмкіндік туғызып, жоғары 
әлеуметтік мәртебеге жетуін қамтамасыз ету, зейнетақыны және жәрдемақыны 
арттыру  өркениетті  елдер  қатарынан  орын  алудың  басты  кепілі  болып 
табылады.  Әлеуметтік  саладағы  басты  міндеттер:  ұлттық  байлықты  тұрақты 
ұлғайту,  халықтың  тұрмыс-тіршілігі  жөнінен  дүние  жүзіндегі  озық  дамыған 
елдермен  арамыздағы  артта  қалушылық  пен  алшақтықты  азайту,  яғни 
технологиялық дамудағы және тұрмыс жағдайы деңгейіндегі айырмашылықты 
жою. 
Алайда,  қоғамдық 
қатынастардың 
өзгеруімен 
және 
нарықтық 
экономикаға көшумен байланысты халықтың тұрмыс жағдайы төмендеп кетті. 
Еліміздің  экономикасының  құлдырауымен  байланысты  еңбекақы,  зейнетақы, 
жәрдемақы  бұл  жылдары  тиісінші  дәрежеде  өспей,  тауарларды  ырықтандыру 
деңгейінен  ондаған  есе  артта  қалып  қойды.  Халықты  жұмыспен  қамту 
проблемасы  да  өткір  сипат  алды.  1991  жылдан  бастап  республикада 
жұмыссыздық  кең  көлемде  қанат  жайды.  Әсіресе,  ауылдық  жерлерде 
кеңшарлардың  жекешелендіруіне  байланысты  жұмыссыздық  қанат  жайды. 
Жастар жұмыс іздеп қалаға ағылды. Қалаға келгенде де олар қарық болған жоқ. 
Не баспана, не тұрақты жұмыс орны пен табыс жоқ, сенделіп жүріп, азын-аулақ 
саудамен,  рэкетпен,  ұрлық-қарлықпен  шұғылданып,  мыңдаған  қазақ  жастары 
қылмыскерлер қатарын толтырды. 
Осы жылдары Қазақстанның әлеуметтік саласындағы өткір мәселелердің 
бірі - уақытында зейнетақымен қамтамасыз ету болды. Осымен қатар сол кезде 
зейнеткерлердің  қатары  едәуір  өсіп,  олардың  саны  2002  жылы  3  млн.  адамға 
жетті.  Билік  орындары  зейнетақы  мәселесін  шешу  мақсатында  үш  бағытта 
жұмыс жүргізді. Біріншісі - зейнетақының бұрынғы қарыздарын жабу, екіншісі 
-  зейнетақыны  өтеудің  уақытын  сақтау,  үшіншісі  -  зейнетақы  жүйесін 
экономика мүмкіндігіне қарай батыл жетілдіру (реформалау). Осындай шұғыл 
және  жан  жақты  таразыланған  шаралар  бірсыпыра  қайтарымын  беріп,  1999 
жылдың  зейнетақы  қарызын  төлеуде  бірқатар  игі  нәтижелерге  қол  жетті. 
Әсіресе,  7-8  ай  бойы  зейнетақыларын  ала-алмай  келген  ауыл  тұрғындарына 
арнайы  көңіл  бөлінді.  Зейнетақыны  одан  әрі  арттыру  бағытында  үкімет  пен 
жергілікті атқарушы билік буындары тиімді шараларды іске асыра білді. Атап 
айтқанда,  зейнетақының  ең  төменгі  мөлшері  1997    жылы  3  мың  теңге  болса, 
2000  жылы  4  мың  теңгеге  дейін  көтерілді.  2000-2002  жылдары  зейнетақы 
төлемдерінің  ең  аз  мөлшері  үш  мәрте  артып,  23  пайызға  өсті.  2003  жылдың 
басында Президенттің жарлығымен ең төменгі зейнетақы көлемі 5 мың теңгеге 
жетті.  2004  жылдың  қаңтарынан  төменгі  зейнетақы  мөлшері  5800  теңгені,  ал 
орташа зейнетақы мөлшері — 8335 теңгені құрады. 
Елімізде  жүргізілген  реформалар  аясында  тұңғыш  рет  аралас  әрі  ерікті 
жинақтаушы  зейнетақы  жүйесі  құрылып,  ол  өмірде  өзінің  тиімділігін  таныта 


алды.  1,5  миллионнан  астам  зейнеткер  ынтымақты  негізде  зейнетақысын 
белгіленген 
мерзімде 
алатын 
болды. 
Осы 
мақсатта 
зейнетақыны 
индексациялаумен бірге 2003 жылы оны саралап өсіру ісі жедел қолға алынды. 
Жеке  жинақ  принциптеріне  негізделген  қамтамасыз  етудің  бір  ғана  түрі  - 
жинақтаушы  зейнетақы  жүйесі  құрылып  ойдағыдай  барынша  тиімді  жұмыс 
атқаратын  болды.  2004  ж.  бір  мемлекеттік  және  15  жекеменшік  жинақтаушы 
зейнетақы  қорларындағы  6,5  млн.  қазақстандықтардың  жеке  есепшоттарында 
415,2  млрд.  теңге  зейнетақы  жинақталды.  Оның  ішінде  115,7  млрд.  теңгесі 
инвестициялық  кірістен  түскен.  Халықтың  зейнетақылық  жинақтаулары 
жылдан  жылға  тұрақты  жетіліп,  оның  көлемі  2008  жылдың  басында  1,1 
триллион теңгеден асып түсті. 
Сөйтіп,  тәуелсіз  Қазақстанда  зейнетақы  жүйесін  реформалау  табысты 
нәтижелер  берді.  Базалық  зейнетақы  төлемдерін  есепке  алғанда,  ең  төменгі 
зейнетақы көлемі 1998 жылдан бері 4,3 есе, ал зейнетақы төлемдерінің орташа 
көлемі  3,3  есе  көбейді.  1,6  миллионнан  астам  адам  мемлекеттік  зейнетақыны 
республикалық бюджеттен алады. 
Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жәйі. Қандай мемлекет болмасын 
оның құрамындағы халықтың тұрмысындағы маңызды мәселе ол тұрғын үймен 
қамтамасыз ету болып табылады. Бұрын да, қазір де тұрғын үй адамдардың ең 
басты мұқтажы болып келеді. Тәуелсіз тарихтың 90-шы жылдары республикада 
тұрғын үй салу  қарқыны  тым  төмендеп  кетті.  Тек Қазақстан  экономикасының 
2000  жылдан  бастап  ілгерілеуіне  байланысты  тұрғын  үй  құрылысы  билік 
орындары назарына алынып өткір мәселе болып қайтадан көтерілді. 2002 жылы 
үй  құрылысына  29,4  млрд.  теңге  инвестициялық  қаржы  жұмсалды,  ол  2001 
жылмен салыстырғанда 7,9 пайызға артты. Жаңадан 1402,7 мың шаршы метрді 
қамтитын  11,2  мың  пәтер  іске  қосылды.  Үй  құрылысы,  әсіресе,  Алматы  мен 
Астана  қалаларында  кең  өріс  алды.  2004  жылғы  көктемдегі  Президенттің 
халыққа  Жолдауында  республикадағы  арзан  үй  құрылысын  кеңейту,  ұзақ 
мерзімге 9-10 пайызбен берілетін ипотекалық несиелер, жинақтаушы тұрғын үй 
банкілерінің  қаржыландыру  мүмкіндігі  төмен  отбасыларын  тұрғын  үймен 
қамтамасыз  ету  бағдарламасы  жарияланды  және  оны  іске  асыру  үшін  Үкімет 
қарқынды  жұмыстар  жүргізетін  болған.  2005-2007  жылдары  19  млн.  шаршы 
метрден  астам  түрғын  үй  пайдалануға  берілді.  Бұл  көрсеткіш  көзделген 
межеден 22 пайызға арттып, осы уақыт ішінде елімізде 44 мыңнан астам пәтер 
салынды. Бюджеттік қаржы есебінен 6 мыңнан астам коммуналдық пәтерлер өз 
иелерін тапты. 
Қазақстандықтардың  жалақысын  арттыру  шаралары.  Республикада 
тәуелсіздік жылдары халықтың әл-ауқатын жақсарту, соның ішінде еңбекшілер 
мен  қызметкерлердің  жалақысын  арттыруға  назар  аударуға  баса  көңіл  бөлген. 
Экономиканың қарқынды өрлуі әлеуметтік міндеттердің үлкен кешенін шешуге 
жол ашты. Тек 2002 жылы орташа айлық 54 пайызға, немесе 1999 жылғы 9400 
теңгеден 18 мың 500 теңгеге дейін көбейді, ең төменгі жалақы мөлшері 5 мың 
теңгені  құрады.  Бұл  жылдары  үкімет,  әсіресе,  бюджеттегі  мекемелер 
қызметкерлерінің  жалақысын  көтеруге  көңіл  бөлді.  2002  жылы  тек 
мұғалімдердің  жалақысы  35  пайыздан  астам  көбейтілді.  Бұл  мұғалімдердің 


орташа  айлық  жалақысының  мөлшерін  2000  жылғы  7  мың  теңгеден  9300 
теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. 
Мемлекет  халық  алдындағы  әлеуметтік  міндеттемелерін  орындауға 
айрықша  көңіл  бөлетін  болды.  Мемлекеттік  бюджет  есебінен  зейнеткерлерді, 
мүгедектерді,  асыраушыларынан  айырылған  және  басқа  да  санаттағы 
тұрғындарды  әлеуметтік  жағынан  қамтамасыз  ету  ісіне  де  арнайы  бақылау 
орнатты. Олардың барлығы 3,5 миллион (немесе барлық тұрғындардың 23,6%) 
адамнан асты. 2004 жылы 1999 жылмен салыстырғанда әлеуметтік қамтамасыз 
ету  шығындары  1,5  есе  көбейді.  Бұл  қазақстандықтардың  кірісін  айтарлықтай 
арттырды,  оған  мынадай  өсім  индикаторлары  дәлел  болады.  1999-2004 
жылдары ең төменгі жалақы көлемі 2,5 есе (2605 теңгеден 6600 теңгеге дейін); 
төменгі  зейнетақы  көлемі  -  1,9  есе  (3000-нан  5800  теңгеге  дейін);  орташа 
жалақы - 2 есе (11864-тен 26048 теңгеге дейін); орташа зейнетақы көлемі - 2 есе 
(4104-тен  8529  теңгеге  дейін);  күнкөріс  шегі  -  1,5  есе  (3394-тен  5394  теңгеге 
дейін);  орташа  мемлекеттік  әлеуметтік  жәрдемақы  көлемі  -  1,3  есе  (3441-ден 
4670 теңгеге дейін) өсті. 
Тұтастай  алғанда,  ХХ  ғасырдың  90-жылдардың  аяғындағы  межемен  
салыстырғанда 2007 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындар 3 
еседен астам артқан. 
Денсаулық  сақтау  ісін  жетілдіру  шаралары.  Халықтың  денсаулығын 
сақтау  және  оның  сапасын  жетілдіру  мақсатында  Президенттің  жарлығымен 
2002  жыл  -  Денсаулық  жылы  деп  жарияланды.  Денсаулық  жылының  аясында 
ауылдағы  көптеген  медициналық  мекемелерді  жөндеу  және  жаңа  құрылысқа 
жетік  қаржы  бөлінді.  Денсаулық  сақтау  саласының  88  нысаны  жаңадан  бой 
көтерген.  2002  жылдың  тағы  бір  ерекшелігі  жеке  Денсаулық  сақтау 
министрлігі, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және Фармация комитеті 
құрылды.  Жалпы,  2000-2002  жылдары  денсаулық  сақтау  саласын 
республикалық  бюджеттен  қаржыландыру  көрсеткіші  екі  еседен  астамға, 
жергілікті  бюджеттен  -  50  пайызға  дерлік  ұлғайған.  Ал  2007  жылы  ғана 
республика бойынша қосымша мемлекет тарапынан ондаған денсаулық сақтау 
нысаны ел игілігіне айналды. 
1997-2007 жылдары аралығында мемлекеттің денсаулық сақтау саласына 
шығыны 13 есе өсіп, 2007 жылы 338,5 миллиард теңгені құрады. Тәуелсіздікке 
қол  жеткен  жылдан  бері  денсаулық  сақтаудың  290  нысаны  салынып  немесе 
қайта  жөнделіп,  оларға  100  миллиард  теңгеден  астам  қаржы  жұмсалған. 
Осымен  қатар  алғашқы  көмек  көрсету  буынын  құрал-жабдықтармен  және 
замануи медициналық жабдық құралдармен жарақтандыру 3  есеге жуық өскен. 
Егер  1997  жылы  1200-ге  жуық  ауылдық  елді  мекен  медициналық  қамтамасыз 
етусіз  қалса,  он  жылдан  соң  ауылдықтар  жер-жерде  медициналық  көмекпен 
толық  қамтылған.  Тұрғындарға  тегін  медициналық  қызмет  көрсетуді 
қаржыландыру  мәселесі  де  қолға  алынып  кепілдендіруге  жол  ашылған  және 
2003  жылдан  бастап  өткен  кезең  ішінде  мемлекеттің  осыған  бөлген  қаржы 
көлемі  3  есеге  артқан.  Тәуелсіздік  алған  жылдары  денсаулық  сақтауды 
реформалау  мен  одан  әрі  дамытудың  аса  маңызды  құралы,  яғни  Мемлекеттік 
бағдарламасы табысты жүргізілуде деуге толық негіз бар. 


2005 жылғы 18 ақпандағы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында 
атап  көрсеткеніндей:  бүкіл  дүниежүзілік  банктің  жіктемесі  бойынша  қазіргі 
уақытта  Қазақстан  кірісі  орта  деңгейдегі  елдердің  тобына  енді.  Егер  өмір 
сапасының  негізгі  көрсеткіштерін  салыстыратын  болсақ,  1995-2005  жж. 
қазақстандықтардың  орташа  ақшалай  кірісі  5  есе;  ал  орта  айлық  жалақысы  6 
есеге жуық; ең төменгі табыс мөлшері 25 есе; зейнетақылардың орташа айлық 
мөлшері  4,6  есе;  жеке  түлғалардың  банктердегі  депозиттері  мен  бір  кісінің 
жасайтын  салымының  көлемі  тиісінше  35  және  37  есе  өскенін  көреміз. 
Экономиканың  қарқынды  өсуі  мемлекеттік  шығыстардың  әлеуметтік 
бағдарлануын едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді, мұның өзі осы жылдары қолға 
батыл  алынған  модернизациялау  саясатының  айтарлықтай  бекемдік  деңгейіне 
жеткенін айғақтайды. 
Тұтастай  алғанда,  1997  жылдан  2007  жылдың  аяғына  дейінгі  кезеңде 
еңбекақының  ең  төменгі  мөлшері  4,5  еседен  астамға  өсті,  орташа  айлық 
номиналды еңбекақы 8,5 мың теңгеден 50 мың 800 теңгеге дейін - 6 есеге жуық 
артты. Жалпы Тәуелсіздік тұстағы орташа еңбекақы деңгейі жөнінен Қазақстан 
ТМД-да көшбасшы елдердің бірі болды. 2002 жылдан бастап бұл өзекті салада 
реформалық  процестен  сәтті  өтіп,  бюджет  саласы  қызметкерлерінің 
еңбекақысын  өсіру  үрдісі  қалыптасып  келеді.  Оның  деңгейін  жүйелі 
арттырудың  арқасында  2007  жылы  бюджетшілердің  еңбекақысы  2,5  еседен 
астамға өскен еді. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа көлемі 1998-
2010 жылдары 3 есеге жуық өскен.  Аталмыш кезде республикада 630 мыңдай 
адам  мемлекеттік  әлеуметтік  жәрдемақы  алатын  болған.  Жалпы  алғанда,  ел 
экономикасы  2001  жылдан  бастап  жылына  орта  есеппен  10  пайызға  өсіп 
отырды. Бұл өсудің жедел қарқыны болып саналады  
Еліміздегі  әлеуметтік  ахуал  да  тұрақты  қалпында  болған.  2000  жылдан 
бастап,  2008  жылға  дейін  мемлекеттік  бюджеттің  білім  беруге,  денсаулық 
сақтау  мен  әлеуметтік  қамсыздандыруға  арналған  шығындары  5  еседен  астам 
ұлғайды. Қазақ елінің 5 миллионнан астам азаматтары мемлекеттік әлеуметтік 
қорғаумен  қамтылып  келген.  2000  жылғы  мөлшермен  салыстырғанда  бұл 
көрсеткіш екі есе артық болды. 
Ал  осы  жылдар  ішінде  Қазақстанда  жүздеген,  мыңдаған  жаңа 
кәсіпорындар  бой  көтерген  еді.  Өнеркәсіп  саласының  автомобиль 
құрастыратын, оның ішінде жеңіл автокөліктер жинайтын бес кәсіпорын жұмыс 
істейтін болды. 2015 жылға қарай Қазақстанда радиотехника мен компьютер де 
құрастырылатын  болды.  Жиһаз  жинау  өнеркәсібі,  құрылыс  индустриясы  және 
басқа халық тұрмысына қажетті салалар даму қарқыны серпінді болған. 
Сөйтіп,  2000-2014  жылдары  аралығында  Қазақстанда  Кеңестік  дәуірдің 
70-90  жылдары  орын  алған  көптеген  қиыншылықтар  мен  қайшылықтарға 
қарамастан  экономиканы  дамытуда,  әлеуметтік  мәселелерді  шешуде  біршама 
жүмыстар  атқарылды  және  елеулі  табыстарға  қолы  жетті.  Соның  нәтижесінде 
Қазақстан  Республикасы  ТМД  мемлекеттерінің  арасында  өзінің  әлеуметтік-
экономикалық  дамуы  жағынан  алдыңғы  қатардан  орын  алды.  Қазақстан 
әлемнің  ең  серпінді  дамып  келе  жатқан  елдерінің  қатарына  енді.  Еліміз 
әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  елу  мемлекеттің  қатарына  ену  жөніндегі 


міндеттерді  шешуде  айтарлықтай  ілгері  жылжыды.  Қазақстан  мемлекеті 
тәуелсіздік  жылдарында  экономикалық,  әлеуметтік  қуатты  реформаларды
 
жедел де тиімді іске асырып, әлеуметтік-экономикалық дамуында посткеңестік 
мемлекеттер арасында көшбасшы болып қала берді.
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет