Макроэкономикалық талдаудың жалпы әдістері мен принциптеріне мыналар жатады:
Абстракциялау (экономикалық құбылыстар мен үрдістерді зерттеу және түсіндіру үшін үлгілерді қолдану);
Индукция мен дедукция әдістерінің үйлесімділігі;
Нормативтік және позитивтік талдаудың үйлесімділігі;
«әртүрлі тең жағдайларда» принципін қолдану;
Экономикалық агенттердің ұтымды шешім қабылдаулары туралы болжамдар және т.б..
Макроэкономикалық талдаудың басты ерекшелігі – ол агрегаттау болып табылады.
Экономикалық агенттердің мінез – құлықтарының және тәртіптерінің аса маңызды жақтарын айқындауға негізделген макроэкономикалық агрегаттау әдісі мынадай төрт негізгі макроэкономикалық агентті бөліп көрсетуге мүмкіндік береді, олар: