Экономикалық процестердің арасындағы байланыс белгісі бір сандық пропорциялар арқылы көрсетуге қарай былайша бөлінеді:
Жалпы экономикалық қоғамдық ұдайы өндірістің элементтерінің
|
Арасындағы сандық арақатынас (мысалы, тұтыну мен қор жинау, жалпы
|
Ұлттық өнім мен ұлттық табыс, өндіріс құрал-жабдықтары өндіріс пен
|
Тұтыну заттары, өндірісі т.б. арасындағы);
|
Салааралыққа – қоғамдық өндірістің әр қилы салаларының сандық
|
Арақатынасы (мысалы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы материалдық пен
|
Материалдық емес, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп т.б. арасындағы);
|
Ішкі салааралыққа – сала мен өндіріс ішіндегі сандық арақатынас
|
(мысалы, шойын мен болат, мақта-мата өндірісі т.б.);
|
Мемлекетаралыққа – ұлттық шаруашылықтар мен әр қилы елдердің жекемен өндіріс салаларының сандық арақатынасы.
|
|
Ұлттық экономиканың құрылымы жалпы өнімнің ұлттық салалық құрылымы арқылы көрініс алады.
Ұлттық экономиканың салалық құрылымындағы сияқты, жұмыспен қамту саласында да осы заңдылықтар байқалады, ауыл шаруашылығында қызмет ететіндер үлесі күрт қысқарады да, өнеркәсіп өндірісіндегі еңбек ететіндер үлесі артады. Қазіргі кезеңде ұлттық экономиканың құрылымына ғылыми-техникалық революция шешуші ықпал етеді. Ғылыми-техникалық рефолюция қоғамның өндіргіш күштерін дамытуда жаңа тарихи дәуірдің бетін ашып отыр. Ғылым қоғамның өндіргіш күштерінің маңызды элементтерінің біріне айналып отыр.
Ұлттық экономика және оның қызмет ету деңгейі барысында қоғамның басты өндіргіш күші – адамның өндіріс процесіндегі ролі мен орны түбегейлі өзгереді. Техника дамуының әр қилы тарихи кезеңдерінің критерийі атқарушы қызметтің адамнан техникаға көшуі, осыған сәйкес адамның машинамен байланысының технологиялық әдісі түбірлі өзгеріске ұшырады. Осы критерийге сай қоғамдық өндіріс дамуының былайша айтқанда, технологиялық өндіріс әдісінің дамуының негізгі кезеңдерін бөлуге болады:
Қол еңбегіне негіздеоген өндіріс. Бұл кезеңнің ерекше сипаты технологиялық процесте адамның техникамен байланысының күшеюінде, адам еңбек процесінің материалдық негізіне, ал еңбек құралдары оның жұмыс орындарына қуат беріп отырады.
Еңбек процесін механикаландыруға негізделген машина өндірісі. Еңбек процесінің материалдық негізін машина қалайды, адам оны толықтырады.
Автоматтандырылған өндіріс. Өндіріс процесінің материалдық негізін машина автоматтар құрайды. Адам «өндіріс қатарында» творчестволық, жасампаздық қызмет атқарады. Мұндай жағдайда өндіріс технологиясы адамның физикалық және психологиялық мүмкіндіктерімен де шектелмейді.
— енді дамыған елдердің қоғамдық өндірісіндегі құрылымдық өзгерістердің қазіргі тенденциясын қарастыруға көшелік, ол барынша жоғары дәрежеде ғылыми техникалық революциялық дамуымен сипатталады. Бұл мыналармен байланысты,
Біріншіден, ғылыми-техникалық прогресс жетістігі, принципиалды жаңа технологиялар, осымен байланысты ұлттық экономиканы қайта құруды талап етеді.
Екіншіден, салалық құрылымдағы интенсивті қозғалыс пен өзгерістер ғылыми-технологиялық жетістіктердің қолдану дәрежесін, қоғамның өндіргіш күштерінің дамуының объективті қажеттілігі дәрежесінің көрсеткіші. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың дамуының негізгі бағыты экономиканы «қайта индустрияландыру» ол болса бүкіл қоғамдық өзгерісті одан әрі интенсивтендіруді мына негізде қамтамасыз етеді: өндірісті принципиалды жаңа ресурстар мен энергияны үнемдейтін, әрі экологиялық тұрғыдан таза технология негізінде қайта құру, өндірілетінөнімдер мен өндірістің техникалық-экономикалық параметрінің сапасын жақсарту, өнеркәсіптің сапасын жақсарту, өнеркәсіптің ғылымды көп қажет ететін салаларын одан әрі дамыту және олардың жалпы ұлттық өнімдегі үлесін көтеру, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін енгізу жасымен өндірістік емес салалы индустрияландыру.
Алға қойылған міндеттерді практикалық тұрғыдан шешу жолы мемлекеттің экономикалық саясатын, ең алдымен инвестициялық саясатының икемділігіне тәуелді. Ұлттық өнімнің өсу қарқынын тезделуге бағытталған мемлекеттің экономикалық процестерді реттеуге белсенді араласуын қолдайды.
Мұндай жағдайда мемлекеттің инвестициялық саясаты күрделі қаржы көлемін сандық тұрғыдан өсіру арқылы өндіріс көлемін ұлғайтуға бағытталады. Қоғамдық өндірісті интенсивтендіру негізінде экономикалы құрылымдық қайта құрудың міндеттері жаңа инвестициялық саясатты ұсынады.
Өнеркәсібі дамыған елдерде бүгінгі таңдағы салалық құрылым ғылыми-техникалық революцияның негізгі бағыттары мен ауқымын анықтайтын өндірістің ғылыми сыйымдылығы жоғары салаларға біртіндеп ауысуда. Ұлттық экономиканың мұндағы негізгі қызметі өнеркәсіптің ғылыми сыйымды салаларына тек сандық өсім ғана емес, сапалық өлшемдерде тән. Ең алдымен мұнда еңбек өсімділігінің өсу қарқыны басқа салалармен салыстырғанда -2,5 -3 есе жоғары. Соншалықты еңбеу өнімділігінің жоғары қарқынмен өсуі осы салалық қазіргі жоғары автоматтандырылған материалдық базасы есебінен қамтамасыз етіледі. Әр жыл сайын бөлінетін күрделі қаржының үштен бірі және өңдеуші өнеркәсіпті ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаржының 75-80% осы саланың үлесіне тиеді.
Дәстүрлі салаларда қайта құру мен модернизациялауды жүргізудің мақсаты,
Біріншіден, өте тиімді жабдықтарды енгізе отырып, өндіріс шығындарын азайту және осы саланың өнімдерінің бәсекелік қабілетін көтеру.
Екіншіден, шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайына, экономикалық жаңа құрылымына бейімдеу, мұнда жетекші рөл өндірістің ғылыми сыйымды саласына ауысады. Сонымен, ұлттық экономиканың қызмет ету деңгейі, барысында құрылымдық қайта құру ең алдымен шаруашылықтың дәстүрлі салаларының арасындағы өзара тәулділік пен дара байланыстылықты күшейтеді. Қазіргі кезеңдегі ғылыми жұмыстар мен зерттеулердің ауқымы соншалықты, қоғамдық өндірістің құрамында ғылыми-зерттеу және конструкторлық сынақ сияқты жаңа бір сланың орын алғаны ғылыми-техникалық прогреспен қызмет етеді.
Ұлттық экономикадағы белгілі дәрежедегі түпкі өнім бойынша фирмалардың ғылшыми зерттеу бюджетіндегі қаражаттың құрылымы да маңызды. Өнеркәсіп фирмаларының мақсаты пайданы көп келтіру, түптеп келгенде, бүкіл-ғылыми зерттеулер мен жұмыстар шығындарын азайтуға және өндіретін тауарлардың бәсеке қабілетін көтеруге бағытталған. Бұл принцип ұлттық өнім экономикасы түлерін өндіру немесе технологиялық процестер мен өндірісті жетілдіру жолымен мүмкін болады.
Мұнда корпорацияның экономикалық және ғылыми-техникалық стратегиясы алғашқы екі бағыт жағына қарай ауысады.
Дамыған алдердің көпшілігінің ұлттық экономикасының басынан кешіп жатқан қазіргі құрылымдық қайта құру тағдырын ғылыми-техникалық революция анықтайды. Қазіргі құрылымдық өзгерістер жай сандық өзгерістермен емес, сапалық белгілермен сипатталады, ол болса болашақта құрылымдық қозғалыстарды зерттеу мекемесіне жаңаша қарауды талап етеді.
Ұлттық экономика және оның қызмет етуінің деңгейлері
Ұлттық экономика жүйесін экономикалық ғылымда баланстық, яғни оның қызмет етуінің деңгей бағыттарының бірі болып табылады.
Ұлттық экономика әлемдік қауымдастық елдерінің түгелдей экономика аумағында өндіріс жағдайын өлшеуде қолданылып және оның түпкі қорытындысы – тұрғыладың әл-ауқат деңгейін көрсету болып табылады.
Ұлттық өндірістің макроэкономикалық нәтижесіне алғашқы рет баға беру Ф.Кенэ бастаған физиократтардың үлесіне жатады. Ол осы туралы өзінің көз
қарасын «экономикалық кесте» деген белгілі еңбегінде баяндалған. Ф.Кенэ Францияның XVIII –ші ғасырдағы экономикасын негізгі ала отырып, жай ұдайы өндірістегі балансты талдауды көрсетті.
Өнеркәсібі дамыған барлық елдерді шалқасынан түсірген «Ұлы тоқыру» деп аталған 1929-1933-ші жылдардағы экономикалық дағдарыс макроэкономикалық талдаудың қажеттілігін көрсетті.
Сондықтан ұлттық өнім құрылуының факторларын, жұмыссыздық пен инфляция сауалдарын, экономикалық өсу қарқынын және ұлттық өндіріс көрсеткіштерін болжай білу тек ұлттық өндіріс көрсеткіштерін болжай білу тек ұлттық есеп-шөт жүйесін жүргізу арқылы шешіледі. Осы кезден бастап ғалымдар экономика нәтижесіне баға беру мәселесін және ұлттық табысты есептеуді біліп-зерттеумен қоян-қостық айналыса бастады.
Алғашқы рет ұлттық есеп-шөт жүйесінің кестесі 1953 жылы БҰҰ-ның статистиакалық бөлімінде басылып шықты. Қазір барлық әлемдегі елдерде ол стандарт ретінде қабылданды. Ұлтық есеп-шот оның жүйесінде метрикалық түрде бейнеленген, онда әрбір есеп-шөт табыс және шығын матрицаларда көрсетілген. Ұлттық деңгейін құрудағы ертеректегі талпыныстан А.Стоун ұсынған айырмашылық сол, ал алғашқы рет макродеңгейде екі еселей жазу принципін «қоғамдық матрицаларда» қолданады.
Стандарттық сипаттамалар – ұлттық өнім тұтыныс, сауда балансы және басқалары солай топталған, олар экономика құрылысы мен оның қызмет жасау процесіне толыққанды бейнеленгенін көрсетеді. Мұнда сондай-ақ қаржы балансы ұлттық есеп-шөт жүйесі және демографиялық есептеп шығару жүйесін құру енген.
Қоғамдық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіштерінің ең маңыздысы: жалпы қоғамдық өнім, жалпы ішкі өнім
Стандарттық сипаттамалар ұлттық өнім тұтыныс, сауда балансы және басқалары солай топталған, олар экономика құрылымы мен оның қызмет жасау процесіне толықтанды бейнеленгенін көрсетеді. Мұнда сондай-ақ қаржы балансы ұлттық есеп-шөт жүйесі және демографиялық есептеп шығару жүйесін құру енген.
Қоғамдық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіштерінің ең маңыздыысы жалпы қоғамдық өнім, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс болып табылады.
Жиынтық қоғамдық өнім мөлшерін анықтауда дәстүрлі көзқарас бойынша, қызмет көрсетнудің материалдық емес өндіріс оған еңбейді.
Бұл өнім жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім (ЖҚО) болып аталады. Дүниежүзілік шаруашылық практикасында қалыптасқан келесі көзқарас бойынша, қоғамдық өнім өлшерін есептегенде мынаны ескереді:
Өндірімен өнім массасы материалдық өндіріс өнімнің ғана емес, сондай-ақ қызмет көрсетудің материалдық емес өндірістің қызметтерің де өндіреді. Бұл өнім жалпы ішкі өнім болып табылады.
Қоғамдық өндіріс нәтижесінің жалпылама көрсеткішіне жиынтық (жалпы) қоғамдық өкіледі жатқызамыз, себебі ол қоғамдық өндірістің бір жылда құралған материалдық илігінің (өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттары) жиынтығын бейнелейді. Жиынтық қоғамдық өнім (ЖКӨ) екі түрде өндіріледі: натуралды заттай және құндылық, ЖКӨ натуралды заттай түрінде өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарынан тұрады. Осы тұрғыдан барлық қоғамдық өндіріс екіге бөлшектенеді, өндіріс құрал-жабдықтар өндірісі (І-ші бөлімше) және тұтыну заттары өндірісі (ІІ-ші бөлімше).
Қоғамдық өнім жиынтық қоғамдық өнімнен шикізат пен материал айналымын алып толтау жолымен құрылады, яғни олардың қайталану есеп шотын болдырмайды.
Ұлттық экономикалық қызмет етуінің ең маңызды жиынтық көрсеткішіне ұлттық табыс жатады. Ол барлық өндіріс факторлары иегері табығының қосындысын (рента, жалақы, капиталға пайыз %), меншіктен табыс, корпорация пайдалы) құрайды. Шетел практикасында ұлттық табыс таза ұлттық өнім (ТҰЖ) мен бизнеске деген жанама салық айырмасы ретінде анықталады:
ҰТ=ТҰД – жанама салықтар
Дәстүрлі тәсіл бойынша, ұлттық табысты жиынтық қоғамдық өнімнің бір бөлігі ретінде өндіріс процесінде тұтынылған материалдық ресурстарды қайтаруды иегеру арқылы анықтаймыз.
ҰТ=ЖҚД-МШ
Мұндағы: ҰТ=ұлттық табыс,
ЖКӨ=жиынтық қоғамдық өнім
ИШ=материалдық шығындар.
Өзінің қозғалсында ұлттық табыс төрт станциядан өтеді, өндіріс, балу, айырбас және қолдану.
Өндіріс стандиясына ұлттық табыс барлық салада құралатын таза өнім түрінде болады, болу стадиясында әртүрлі бірінші және екінші табыс түрінде болады; айырбас стадиясында – тауардың өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыныс заттары түрінің жиынтығын құрайды, қолдану стадиясында – қорлану мен резерв түрінде болып келеді.
Ұлттық экономика және оның қызмет етуінің деңгейі – ұлттық табыс мөлшері тұрғындардың тұтыну деңгейімен өсуі, сондай-ақ өндіріс аумағы мен оның өсу қарқынына байланысты. Ұлттық табыс жиынтық қоғамдық өнімнің шамамен 50 % құрайды. Ұлтық табыс қоғамның түпкілікті өнімінен амортизация сомасына келе, шамамен 8-10% болады.
Егер ұлттық табыс көлемін елдегі тұрғындар санына бөлсек, онда өте маңызды экономикалық көрсеткішті табалыз: тұрғындар өмір денгейнің айнасы – жан басына шаққандағы ұлттық табыс.
Әлемдік қауымдастыққа ететін елдер бойынша өмір деңгейін анықтау үшін жөн басына шаңқандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемін қолдануға болады.
Ұлттық экономикалық қызмет деңгейін, яғни ұлтық өндіріс көлемін өлшеу үшін жалпы ішкі өнім көрсеткіш қолданылады. Ол барлық жылдық өнім құнылық сомасын құрайды, сондай-ақ Қазақстандағы шет ел және өзінің өндіріс факторларын қолдану арқылы құралады. Оны жалпы ұлттық өніленген ажырата білген жөн. Жалпы ұлттық өнім жалпы ішкі өнімнен осы елдесі қолданылған ресурстар табысы сомасының шет елдегі өнімнен (пайыз, дивиденд, жолақы және т.б.) артық болады.
Сыртқы экономика операция бойынша сальдо ЖӨ өзіне тікелей сол елде өндірілген өнім мен қызмет көрсетуді және бұл елдегі өндіріс факторын қолданғанда ғана енгізеді. Егер, жапондықтарға жататын өндіріс факторын АҚШ-да қолданса, онда олардың құны ЖІӨ-ге енгізілмейді.
Бұл жағдай мынандай кезде де ескеріледі американдық өндіріс факторы басқа елде қолданса, онда олардың құныда ЖІӨ-ге енбейді. Елдегі барлық фирмалардың қосарланған құн санасы ЖІӨ-ді құрайды. Жалпы ішкі өнім мемлекеттің барлық территориясында өндірілетін болғандықтан, сондай-ақ ол өзіне тұтыну мен инвестицияны ендіреді.
Респубикасында ЖІӨ-нің жылдың ағымдағы бағасы 1995 жылы 992,5 млрд. теңге мөлшерін бағаланды немеес, бір тұрғынға 60,2 мың теңдеген кеседі. Өзінің экономикасының ауқымы бойынша Қазақстанның ЖІӨ 1990-шы жылы
53-ші орынды алды және ол Греция, Норвегия, Венгрия, Сирия, Марокконың ЖІӨ-і мен пара-пар келді. ЖІӨ-ді өндіруде Қазақстан жан басына шаққанда 1990-шы жылы Польша, Аргентина, Колумбия, Тайланд деңгейінде болды, ал АҚШ деңгейімен салыстырғанда – 18,7 % бұрынғы одақпен салыстырғанда – 69,3% деңгейін құрады.
Ұлттық экономикалық қызмет ету деңгейін методология бойынша статистикалық органдары есептейді және халықаралық салыстырулар үшін қолданылады. Негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлардың амортизациясынн материалдық өндіріс саласының таза өнімін және сыртқы экономикалық қызмет бойынша табыс енгізіледі.
Ұлттық экономикадағы қызмет етудегі ұлтық өнім еліміздің экономикалық даму деңгейі мен пропорциясын шет елдермен тікелей салыстыруға мүмкінді туды.
1.3 Жалпы экономикалық тепе-теңдік
Макродәрежедегі экономикалық тепе-теңдіктің үлгілері.
Экономиканың өзін-өзі реттеуі тепе-теңдікпен тікелей байланысты болады. Экономикалық агенттердің біреуіде өзінің қарамығындағы құралдың көмегімен экономикалық тепе-теңдіктің болмысын өзгертуге ынталы болмайтын жағдай тепе-теңдік жағдайы деп аталады. Итальян экономисі В.Парето (1848—1923 жылдары) оптималдықтың принципін ашқан: жекелеген адамдардың жақсы өмір қал-жағдайға тырысуының нәтижесі, қоғамның басқа мүшелерінің хал-жағдайын төмендетпесе,онда Бұл барынша жақсы тұрмыс халға, немесе, жалпы жақсы өмірге жетудің шарты болып табылады. Автордың тұжырымдауы бойынша осы принцип орындалу үшін шектелмеген бәсеке болу керек. Классикалық нарық жағдайындағы жалпы экономикалық тепе-теңдіктің теориялық тұңғыш үлгісін Швейцария экономисі Л.Вальрас (1834—1910 жылдары) жасаған. Осы үлгі форма жағынан макроэкономикалық болса да, мазмұны жағынан тауарлардың жеке өндірушілері мен тұтынушыларының нарықтағы әрекеттерін сипаттайтын микроэкономикалық көрсеткіштерге негізделген үлгі болып табылады. Вальрастың үлгісі жекелеген әр тауардың сұранысы мен ұсынысының теңдігін жүзеге асыратын тепе-теңдік бағаларды қолдануға негізделеді.
Экономикалық әдебиетте тепе-теңдік жеке, жалпы, нақты деп бөлінеді. Жеке тепе-теңдік — бұл тауарлардың индивидуалдық нарығында қалыптасатын тепе-теңдік. Жалпы тепе-теңдік — бұл еркін бәсеке заңының негізінде барлық нарықтық процестер құрған, біртұтас өзара байланысты жүйе болып табылатын тепе-теңдік. Нақты макроэкономикалық тепе-теңдік — нарықтың жетілмеген бәсеке жағдайында және нарыққа сыртқы факторлар әсер ететін ситуацияда қалыптасқан тепе-теңдік.
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің көптеген үлгілері болады.
Ф.Кенэнің (1694—1771 жылдары) «Экономикалық кестесі». Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс процесі мен қоғамдық жиынтық өнім айналымына жалпы
талдау жүргізген. Ол барлық қоғамды үш тапқа бөледі: фермерлер табы — бұл өсімтал тап (ауыл шаруашылығына барынша қатынасатындар); иемденуші, меншік иелері табы (дворяндар, дін басшылары, чиновниктер, король өзінің көмекшілерімен); өнімсіз тап (ауыл шаруашылығымен айналыспайтындар, меншік иелеріне жатпайтындар).
Ф.Кенэ саяси экономия тарихында тұңғыш рет жиынтық қоғамдық өнімнің ұдайы өндірісі мен айналыс процесіне талдау жүргізген.Ол елдегі өндірілген дайын өнім айырбас арқылы қалай бөлінетінін және осының нәтижесінде өндірістің үзілмей қайталап жалғасып жүріп отыруының шарттары қалай жасалатынын көрсетеді
Ф. Кенэнің «Экономикалық кестесінің» шарты бойынша ұдайы өндіріс процесі бес актіден тұрады. Таптар арасындағы айналыс процесінің нәтижесінде 3 млрд ливрге ауыл шаруашылық өнімдері және 2 млрд ливрге өнеркәсіп заттары өткізіледі. Өндіргіш таптың қолында қалған 2 млрд ливр тұратын өнімді осы тап тұқым және тамақ үшін жасалған шығындарды өтеу үшін пайдаланады. К.Маркстің жәй және ұлғаймалы ұдайы өндіріс схемалары. Ол барлық қоғамдық ұдайы өндірісті екі бөлімшеге бөледі:
I бөлімше — құрал-жабдықтар өндірісі, II бөлімше — тзаттарының, өндірісі.
I 4000C+1000V+1000 m = 6000 II 2000C+500V+500 m = 3000
I мен II бөлімше арасындағы айырбас қоғамдық өнімді өткізудің үш шартының негізінде жүреді.
Бірінші шарт:
I (1000V+ 1000m)=II 2000С.
Бірінші бөлімшеде жаңадан жасалған өнім, II бөлімшенің тұтынуға тағайындалған тұрақты капиталына тең болуға тиісті.
Екінші шарт:
I (4000C+1000V+1000m)=I 4000С+ІІ 2000С
I бөлімшедегі өнімдердің жиынтығы, I және II бөлімшелерде тұтынылатын тұрақты капиталға тең болуы керек.
Үшінші шарт:
II (2000C+500V+500m)=I (1000V+1000m)+II (500V+500m).
II бөлімшенің өнімдерінің көлемі, I мен II бөлімшедегі жұмысшылар мен капиталистердің жеке қажеттіктерін қанағаттандыруға тағайындалған тзаттарының өнімдеріне тең болуы керек.
3. Капиталдың органикалық құрамының өзгеруіне байланысты В.И. Ленин жасаған капитстік ұлғаймалы ұдайы өндіріс схемалары. Ол К.Маркстың схемаларын қолданып, техникалық прогрестің әсерімен есептесе отырып, талдау жүргізді. В.И.Ленин I бөлімшені әрі қарай екіге бөлді – өндіріс құрал-жабдықтарын өндіру үшін өндіріс құрал-жабдықтарын өндіру және тзаттарын өндіруі үшін өндіріс құрал-жабдықтарын өндіру. Осылардың динамикасын талдап В.И.Ленин мынадай қорытындыға келді: техникалық прогресс нәтижесінде капиталдың органикалық құрылымынын, бірінші жылғы 4:1 ден төртінші жылы 5:1-ге дейін өскенінде, жалпы қоғамдық өнім
төртінші жылы 20% өсті, оның ішінде тзаттары 6%-ке, тзаттарын өндіретін құрал-жабдықтардың өндірісі 9,5%-ке, құрал-жабдықтарды өндіру үшін құрал-жабдықтар өндірісі – 36,7%-ке өскен.
Л.Вальрастың еркін бәсеке заңының әрекет етуінің жағдайындағы жалпы экономикалық тепе-теңдік үлгісі мынадай түр алады:
{\displaystyle \sum _{i=1}^{m}P_{i}X_{i}=\sum _{j=1}^{n}U_{i}Y_{i}}{\displaystyle \sum _{i=1}^{m}P_{i}X_{i}=\sum _{j=1}^{n}U_{i}Y_{i}}
Ұсыныс сұраныс
Формула былай оқылады: ақшалай есептелген түпкі өнімдердің жалпы ұсынысы, өз иесіне барлық өндіріс факторлары әкелетін табыстардың жиынтығы түріндегі жалпы сұранысқа тең болуға тиісті. Тек сұраныс пен ұсыныстың тепе-тендігі ғана емес, нарықтық қатынастар мүшелерінің тең әл-ауқаттылығы қамтамасыз етілгенде, тепе-теңдік орнады деуге болады. Осындай болмыс барлық нарық мүшелерінің әл-ауқаты жоғарылағанын
көрсетеді. В. Леонтъевтің «шығындар-шығарылым» үлгісі. В.Леонтьев Л.Вальрастың макроэкономикалық тепе-теңдік идеясын қолдана отырып, «шығындар-шығарлым» деген салааралық баланс құрды. Салааралық баланстың шахмат түрлі құрамы, осы баланстағы жағдайлардың бір-бірімен тепе-теңдікте болуын қамтамасыз етеді — аттас жолдар мен бағаналардың жиынтығы бір-бірімен тең болады:
{\displaystyle \sum _{i=1}^{n}x_{i}=\sum _{j=1}^{n}x_{j}}{\displaystyle \sum _{i=1}^{n}x_{i}=\sum _{j=1}^{n}x_{j}}, і= j.
Салааралық балансты қолданып тепе-теңдіктің мына түрлеріне жетуге болады:
Салалық тепе-теңдікке, мысалы, 1 саладағы:
{\displaystyle \sum _{i=1}^{n}x_{i}p_{i}=\sum _{j=1}^{n}x_{j}p_{1}}{\displaystyle \sum _{i=1}^{n}x_{i}p_{i}=\sum _{j=1}^{n}x_{j}p_{1}}
Яғни, 1 саланың шығындарының есеп-шоттарының сомасы, осы саланың өнім шығару есеп-шоттарының сомасына тең болады.
Салааралық тепе-теңдікке, мысалы, өндеу мен қазып (кен) шығаратын салалар арасындағы:
Х32Р3 = Х23 Р2 ,
Яғни, 2 салаға 3-ші саланың өнімдер ұсынысының жинағы, 3- ші саланың 2-ші салалың өніміне сұранысының жинағына тең болады.
Жоспарлы экономикада тепе-теңдік басқа заңдармен белгіленеді. Жоспарлы шаруашылық жүйесінде негізгі экономикалық байланыс сауда мәмілесі екі жеке меншік иелері арасында емес, мемлекетпен және оған бағынышты шаруашылық субъект арасында (өндірушілермен немесе тұтынушылармен) пайда болады. Баға мемлекет тіркеуінен өтеді, ал осы тіркелген баға сұраныс
пен ұсыныстың тепе-теңдігін көрсетпесе, ондатапшылықтуады. Осы информация маңызды, бірақ жоспарлы шаруашылықтағы тепе-теңдік механизмінің орнауын түсінуге жетімсіз. Экономикадағы тепе-теңдіктің жалпылама түрі — өндіріс пен тұтынудың тепе-теңдігі. Тек нарық шаруашыдығында тепе-теңдік нарықтық бағаға негізделген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңцдігі формасын алады.
Ал баға тіркелген болғанда жоспарлы шаруашылықта мемлекет (экономикалық орталық) өндіріс пен тарасывда тепе-теңдікті қалай орнатады?
Жоспар жағдайында икемді нарықтық бағаныд орнына өндіріс пен тұтынудың көлемі келеді, нақты тауарлардың орнын өнімнің номенклатурасы басады. Ал тауарлық келісім (тауардың тауарға немесе тауардың ақшаға айырбасы) мүлде басқа механизммен алмастырылады. Бұл механизмнің мазмұны: өнім көлемі номенклатураға айналып ыдыратылады және номенклатура өнім көлеміне айналып біріктіріледі. Бұл қалай жүреді?
Айтайық, экономика өте жабайы — бұнда жалғыз өндіруші A және жалғыз тұтынушы Б. Экономикалық орталық О өндіріс пен тұтынуды тендестіріп отырады.
Процесс былай жүреді. Тұтынушы Б орталық маған 20 мың теңгеге А өнімі керек дейді. Орталық Б тапсырмасының дәлелді екенін тексереді. Басқа жақтан өндіруші А орталыққа мен 20 мың теңгеге А өнімін өндіре аламын деп хабарлайды. Орталық өндірушініңде хабарының дәлелді екенін тексереді. Осыдан кейін орталық жоспар балансын жасайды, бұның бір жағында А өнімінің өндірісі, екінші жағында көрсетіледі. Біздің осы идеалдық мысалымыз сәтті болып жоспар баланстантып экономикалық тепе-теңдік орналсын.
2 АРНАЙЫ БӨЛІМ
2.1 Макроэкономика және оның мәселелері.
Экономикалық теория ғылымының бастапқыда бір ғана құрамдас бөлігі болған – ол микроэкономика. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап
кейнстік теорияның өмірге келуімен байланысты оның екінші құрамдас бөлігі пайда болды – ол макроэкономика. Осыған байланысты қазіргі уақытта, экономикалық теория микроэкономика және макроэкономика болып бөлінеді.
Экономикалық теория күрделі қоғамдық және әлеуметтік, әрі гуманитарлық ғылым болып табылады. Оның зерттеу аясында біз білетініміздей, қоғамның шектеулі мүмкіндіктер жағдайында шексіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қабылдайтын шешімдері сияқты мәселелер қаралады. Сондықтан біз экономикалық теория ғылымын микроэкономика курсын зерттеумен ғана шектеліп қоймаймыз. Сол үшін де макроэкономика курсы арқылы біз экономикалық теория деген адамзатқа қажетті үлкен ғылымды игеруді толық меңгере аламыз. Микроэкономика ғылымын және оның қалай оқытылғаны жөніндегі мәселелерді еске түсіре отырып, оған мынадай анықтама беруге тырысамыз.
Микроэкономика – жекелеген экономикалық агенттердің мінез-құлықтары мен тәртіптерін зерттейтін ұтымды субъектілердің дербес шешім қабылдауларын қарастыратын экономикалық теорияның негізгі бір саласы. Микроэкономика түсінігі бір мағынада ғана қарастырылмайды, ол бір жағынан, жекелеген фирмалардың, үй шаруашылықтарының және салалардың өз қызметтерінің ынталарын іске асыру жөніндегі шешімдерін зерттейді, ал екінші жағынан, ресурстарды тиімді пайдалану және оларды орналастыру, тауарлар мен қызметтерге баға белгілеу сияқты сұрақтарды да қарастырады.
Макроэкономика – ұлттық өндіріс көлемінің жалпы деңгейі, жұмыссыздық пен инфляция сияқты іргелі проблемаларды зерттейтін ғылым; экономикалық жүйені біртұтастылық ретінде қарастыратын, әрі ел экономикасының даму факторлары мен нәтижелерін жалпылама түрде зерттейтін экономикалық теорияның маңызды бір саласы.Макроэкономика салыстырмалы түрде жас ғылым болып табылады, алайда жоғарыда атап өткеніміздей, экономикалық теорияның бұл бөлімінде көптеген бәсекелес мектептер мен бағыттардың пікірлері орын алатындығын мойындай келе, микроэкономикаға қарағанда макроэкономиканы зерттеудің әлдеқайда қиын және күрделі екендігін айтқанымыз жөн. Көптеген ғылыми әдебиеттерде бұл ғылымға әртүрлі анықтамалар беріледі. Сондықтанда, макроэкономикаға жоғарыда аталған анықтаманы толықтыра отырып, тағы да мынадай анықтамалар бере аламыз.
Макроэкономика – бұл тұрақты экономикалық өсу жағдайын, ресурстардың толық қамтылуын, инфляцияның төменгі деңгейін және төлем
балансының тепе-теңдігін қамтамасыз ету тұрғысынан экономиканың қызмет етуін біртұтас жүйе ретінде зерттейтін экономикалық ғылымның аса маңызды бір саласы.
Достарыңызбен бөлісу: |