110
Кәсіпорынның бухгалтерлік балансы және қаржы - шаруашылық
қызметінің нәтижелері туралы есеп мәліметтері негізінде жасалған.
Кестеден көріп отырғанымыздай капиталдың жалпы айналымдылығы,
ағымдағы активтердің айналымдылығы, дайын өнімнің айналымдылығы,
дебиторлық және кредиторлық қарыздардың айналымдылығымен іскерлік
белсенділік төмендеді. Бұлардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты әрі
тәуелді. Іскерлік белсенділіктің төмендеуіне әсер еткен факторларға: қызмет
жасаушы (айналым) капиталдың айналымның бәсеңдеуі, айналу кезеңінің
ұзаруы, өткізілген өнімнің өзіндік құнының өсуі, түскен түсімнің
айтарлықтай өспеуі, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлем тәртібінің
бұзылуы, сұраныстың болмауы немесе азюы және т.б.
Іскерлік белсенділікті арттыру үшін кәсіпорын сатудан түскен түсімді
өсіріп, өзіндік құнды азайтуға тырысуы керек. Сонымен қатар айналым
капиталын бақылауға алып, жаңа нарықтарды жаулап алу, тауар
ассортиментін, тауар саясатын қайта қарауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: