Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Исакова С. А., Айнабекова И. Т


-ТАРАУ.  КӘСІПОРЫН  ҚЫЗМЕТІНІҢ  ТИІМДІЛІГІ  МЕН



Pdf көрінісі
бет52/77
Дата19.06.2020
өлшемі1,79 Mb.
#74023
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   77
Байланысты:
Isakova Karjilik esep
экзамин жауаптары
5-ТАРАУ
КӘСІПОРЫН  ҚЫЗМЕТІНІҢ  ТИІМДІЛІГІ  МЕН 
ІСКЕРЛІК БЕЛСЕНДІЛІГІН ТАЛДАУ 
5.1 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау 
5.2 Негізгі құралдарды пайдалануды талдау 
5.3 Материалдық ресурстарды пайдалануды талдау 
5.4 Дайын өнімнің айналымдылық коэффициентің талдау 
5.5 Дебиторлық борыштың жағдайын талдау 
5.6 Кредиторлық борыштың жағдайын талдау 
5.7 Ақша қаражаттарынның қозғалысын талдау 
5.8 Еңбек ресурстарын пайдалануды талдау 
5.9 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту жолдары 
 
5.1 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау 
 
Кәсіпорынның  іскерлік  белсенділігі  мен  қызметінің  тиімділігін  бағалау 
және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады. 
Кәсіпорынның  іскерлік  белсенділігі  қаржылық  жағдайында  ең  алдымен 
оның 
қаражат 
айналымының 
жылдамдығымен 
көрінеді. 
Іскерлік 
белсенділікті  талдау,  кәсіпорынның  өз  қаражатың  қаншалықты  тиімді 
пайдаланғандығын  анықтауға  мүмкіндік  беретін,  әр  түрлі  қаржылық 
айналымдылық  коэффициенттерінің  деңгейі  мен  қозғалысын  зерттейді. 
Кәсіпорынның  қаржылық  жағдайы  активтерге  салынған  қаражаттың 
қаншалықты  тез  нақты  ақшаға  айналуына  тікелей  тәуелді  болады.  Елдегі 
экономикалық  жағдай  мен  оған  байланысты  шаруашылықты  жүргізу 
шарттары  кәсіпорын  активтерінің  айналымдылығына  әсер  етеді.  Мысалы, 
елдегі  өтіп  жатқан  инфляциялық  процестер,  кәсіпорындардың  басым 
көпшілігінің 
жабдықтаушылармен, 
сатып 
алушылармен 
реттелегн 
шаруашылық  байланысының  болмауы  шамадан  тыс  қор  жинақтауға  әкеліп 
соқтырады, бүл қаражат айналымын айтарлықтай бәсеңдетеді. 
Қаражаттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі 
жағдайымен  бірінші  кезекте,  оның  активтерін  басқару  стратегиясының 
тиімділігімен  (немесе  жоқтығы)  анықталатындығын  айта  кету  керек. 
Шынында  да,  қолданылған  баға  саясаты,  құрылған  актив  құрылымы, 
пайдаланылған  тауарлы-материалдық  қорларды  бағалау  әдістемесіне 
байланысты  кәсіпорын  өз  қаражатының  айналымының  ұзақтығына  көп 
немесе  аз  әсер  ету  еркіндігіне  ие  болады.  Іскерлік  белсенділік 
коэффициентінің  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайын  бағалау  үшін  үлкен 
маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем 
қабілетіне  тікелей  әсер  етеді.  Оған  қосымша,  басқадай  бірдей  жағдайда 
қаражаттың  айналым  жылдамдығының  өсуі  кәсіпорынның  өндірістік  - 
техникалық күшінің артқанын көрсетеді. 
 
 
 
 


 
109 
19-кесте 
«Айша»ЖШС іскерлік белсенділігінің көрсеткіштері 
 
№  Көрсеткіштер 
Есептеу формуласы 
2015 
2016 
Ауытқу 
(+,-)  
мың тг 

Капиталдың 
жалпы 
айналымдылық 
коэффициенті 
Кк=ӨӨТТ / жиынтық 
капитал 
3,1 
0,74 
-2,36 

Меншікті  капиталдың 
айналымдылық 
коэффициенті 
Кмк= ӨӨТТ / меншікті 
капитал 
187,4 
216,4 
29 

Негізгі 
капиталдың 
айналымдылық 
коэффициенті 
Кмк= ӨӨТТ / негізгі 
капитал 
299,6 
316,2 
16,6 

Ағымдағы 
активтердің 
айналымдылық 
коэффициенті 
Каа= ӨӨТТ / 
ағымдағы активтер 
3,1 
0,74 
-2,36 

Айналым 
қаражаттарын  бекіту 
коэффициенті 
Кз= Ағымдағы 
активтер / ӨӨТТ 
0,32 
1,34 
1,02 

Дайын 
өнімнің 
айналымдылық 
коэффициенті 
Кг= ӨӨТТ / дайын 
өнім 
3,31 
0,76 
-2 55 
Z,,_>.J 

Алашақ 
қарыздың 
айналымдылық 
коэффициенті 
Кдз= ӨӨТТ / 
дебиторлық берешек 
3831,44 
24,67 .  -3806,77 

Берешек 
қарыздың 
айналымдылық 
коэффициенті 
Ккз= ӨӨТТ / 
кредиторлық берешек 
3,16 
0,74 
-2,42 

Перманентті 
капиталдың  айналым 
жылдамдығы 
К пер.к =ӨӨТТ / 
перманентті капитал 
187,4 
216,4 
29 
10  Іскерлік 
белсенділік индексі 
Ида= ӨӨТТ / кызмет 
жасаушы капитал * 
Негізгі қыз меттен 
түскен табыс / 
өткізілген өнімнің 
өзіндік құны 
3,8 

-2,8 
 


 
110 
Кәсіпорынның  бухгалтерлік  балансы  және  қаржы  -  шаруашылық 
қызметінің нәтижелері туралы есеп мәліметтері негізінде жасалған. 
Кестеден  көріп  отырғанымыздай  капиталдың  жалпы  айналымдылығы, 
ағымдағы  активтердің  айналымдылығы,  дайын  өнімнің  айналымдылығы, 
дебиторлық  және  кредиторлық  қарыздардың  айналымдылығымен  іскерлік 
белсенділік  төмендеді.  Бұлардың  бәрі  бір-бірімен  тығыз  байланысты  әрі 
тәуелді. Іскерлік белсенділіктің төмендеуіне әсер еткен факторларға: қызмет 
жасаушы  (айналым)  капиталдың  айналымның  бәсеңдеуі,  айналу  кезеңінің 
ұзаруы,  өткізілген  өнімнің  өзіндік  құнының  өсуі,  түскен  түсімнің 
айтарлықтай  өспеуі,  шаруашылық  байланыстардың  үзілуі,  төлем  тәртібінің 
бұзылуы, сұраныстың болмауы немесе азюы және т.б. 
Іскерлік  белсенділікті  арттыру  үшін  кәсіпорын  сатудан  түскен  түсімді 
өсіріп,  өзіндік  құнды  азайтуға  тырысуы  керек.  Сонымен  қатар  айналым 
капиталын  бақылауға  алып,  жаңа  нарықтарды  жаулап  алу,  тауар 
ассортиментін, тауар саясатын қайта қарауы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет