Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі М. Х



Pdf көрінісі
бет23/25
Дата07.11.2022
өлшемі1,92 Mb.
#156890
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Жүзу оқу құрал

4-
жаттығу. 
1. Кроль әдісімен жүзуде қол қимылдарының 
тәсілін үйрену. 2. Шалқалап жүзудің тәсілінен машықтану. 3. 
Кроль әдісімен жүзуде аяқпен орындалатын жаттығулардың 
тәсілін жетілдіру. 4. Қол мен аяқ қимылдарының үйлесімін табу.
Құрғақта. 
Жаттықтырушы сабақтың мақсатын түсіндіріп, 
кроль әдісімен жүзу кезінде қолмен орындалатын қимылдар 
тәсілін көрсетеді. Оны барлық үйренушілер орындауға тиіс.
Суда. 1. 
Үйренуші
өзі таңдаған әдіспен 50 
– 
100 м 
қашықтықты жүзіп өткеннен кейін кеудесінен келетін суда сәл 
еңкейіп, кроль әдісімен орындалатын қимылдарды қайталауы 
керек.
2.еркін тыныс алып, есу қимылдарын бір қолмен орындау
3. жоғарыдағы жаттығулардың жалғасы, тек қана дене 
бұрынғыдан да көбірек иіле 
түседі. Бетті суға батырып, дем шығарып, есу қимылы 
басталмай тұрып, тыныс алу тәсілдерін орындайды (5
-
7 рет 
қайталау).
66 


4.бір қолмен есу қимылдарын жасай отырып, су астында 
жүзу. 3
-
4 рет тыныс еркін алынады.
5.2-
3 рет екі қолды алға созып, бассейн ернеуінен ұстап, 3
-
4 м жылжып, тыныс алу жаттығуларын орындау.
6. жоғарыдағы жаттығуды әуелі оң қолмен, содан кейін 
сол қолмен қайталау.
7. екі қолды қапталда ұстап, су бетінде сырғуға машықтана 
жүріп, тыныс алу және дем шығару жаттығуларын орындау.
8. 8,9 
10-
тармақтар да алтыншы, жетіншідегідей 
орындалады. Тек мұнда аяқпен есу керек.
Ескерту : 
есу кезінде екі қолдың барлық күші жұмсалады. 
Қолдың басын, білекті тәсілге сай дұрыс ұстаудың маңызы зор.
5-
жаттығу. 
Жүзудің кроль әдісіндегі қолмен есу тәсілі 
және
оны тыныс алу жаттығуларымен үйлестіру.
Құрғақта. 
Қыздырыну
және қол
-
аяқ жаттығуларының 
еліктеу қимылын орындау.
Суда. 
Еркін әдіспен 50 
– 
100 м қашықтықты жүзіп өту.
1.Төртінші жаттығудағы 1, 2, 3
-
тармақтарды 4
-
6 реттен 
қайталау.
2.Су бетінде ұзынынан жатқан
жаттығушының әріптесі екі 
аяғынан демеуі арқылы кроль әдісімен жүзу.
3.Осыны екінші үйренуші алмасып орындауы тиіс.
4.Су түбіне отыру, екі қолды алға созып, қалқып көтерілу, 
бірнеше метр сырғыып барып, тағы да отыру. 
5.Жоғарыда айтылғандар қайталанып,
тек су ішінде дем 
шығару жаттығулары орындалады.
Ескерту: 
егер 4 не 5 жолы ғана бар енсіз бассейн болса, 
онда үйренушілерді бассейннің көлденеңінен жүздіру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет