Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет247/251
Дата12.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#149297
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   251
Байланысты:
O 1179 u 1178 1201 raly Zh 1201 1179 paly au
Идрисов Ә.А. КЛИНИКАЛЫҚ АНАТОМИЯ, 12. Білек айма ыны топографиялы анатомиясы (алды ы ж не арт ы, Patofiziologiya (1)
Клиникалық көріністері. Жасырың кезеңі - 1-21 күн, көбіне 1-2 апта, бірақ 30 күннен артық болуы мүмкін. Аурудың клиникасы жара жазылғаннан кейін басталуы мүмкін. Қысқа жасырың кезеңнен кейін сіреспенің ауыр түрлері дамиды. Сіреспенің басталуы жедел. Нышандардың классикалық триадасы дамиды:

    1. Тризм – шайнау бұлшық еттерінің керіліп тырысуы, ауыз ашуы қиындайды

    2. Сардоникалық жымию – мимикалық бұлшық еттерінің тырысуы. Бұл кезде адам бір жағынан күліп, бір жағынан жылап тұрғандай болады, маңдайы әжімденіп, ауызы керіліп, езуі түсіп тұрады.

    3. Дисфагия – жұтқыншақ бұлшық еттерінің керуілінің әсерінен жұтыну қиындайды.

Желке бұлшық еттерінің ригидтілігі және ауру сезімі байқалады. Басы артқа қарай тартылып, аяқ қолдардардың бұлшық еттері тартылады, денесі созылып доға тәрізді иіледі - опистотонус. Іш бұлшық еттерінің тартылуы нәтижесінде іш тақтай тәрізді болады. Тырысулар шудан кейін, жарықтан кейін, аздаған шайқалудан дамуы мүмкін. Тырысулар бірнеше секундтан бірнеше минутқа созылады, жиілігі аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты. Жеңіл дәрежесінде тәулігіне 1-2 рет, ауыр түрлерінде үздіксіз, сағатына 10-шақты ұстамалары қайталанып отырады. Науқас өте әлсірейді, қызуы көтеріледі – 41-42°, терлейді, зәр шығару мен дефекация қиындады, ұйқысыздық байқалады. Ал науқастың санасы болады. Тахикардия, жүрек тондары тұйықталған, гипертензия байқалады. Ошақты және менингеалді симптомдар болмайды. Ішкі ағзаларда өзгеріс болмайды. Қанның, зәрдің, ликвордың лабораториялық көрсеткіштерлері қалыпты.
Сіреспе кезіндігі бұлшық еттердің зақымдалуының ерекшіліктері:

  1. Тұрақты гипертонус

  1. Тек қана ірі бұлшық еттер зақымданады

  1. Бұлшық еттердің жоғары ауру сезімі байқалады

  2. Бұлшық еттер жоғарыдан төмен қарай зақымданады

Сіреспенің жіктелуі

    1. Инфекцияның кіру қақпаларына байланысты:

  1. Жарақаттық сіреспе (жарақаттанудан, операциядан, босанғаннан, күйіктен, үсінгеннен, электрожарақаттан кейін);

  2. Қабыну және деструктивті процесстер (ойық жара, терінің ойылуы, ісіктердің ыдыруы) нәтижесінде дамитын сіреспе;

  3. криптогенді сіреспе (инфекцияның кіру қақпалары анықталмаған).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет