Клиникалық
кезеңдер
Жасырын кезең
Бастапқы кезеңі
Өршу кезеңі
Асқыну
және
қайталама өршу
кезеңі
Патогенездің
саты лары
Жұқтыру
(біріншілік
адаптация)
Біріншілік-
ошақты
Жайылмалы
(гематогенді
диссеминация)
Екіншілік-
ошақты
Бастапқы кезең
1-3 күнге созылады, регионарлы лимфаденит пайда болғанша дейін.
Ауру жай дамиды.
Қоздырғыш жарақаттанған тері арқылы жұққанда біріншілік терілік аффект
пайда
болады. Біріншеден дақ
пайда болады, оның ауру сезімі, қышуы байқалады. Бір тәүелік
арасында дақ папулаға айналады: гиперемия, инфильтрация, орташа ауру сезімі
анықталады. Геморрагиялық өзгерістер қалыптасып папуланың көлемі 1-2,5 см дейін
жетеді. Некрозға ұшыраған кезде папула тесіледі. Іріңді пустула жараға аусады, жара
терең, «қазылған» шеттерімен, іріңді-геморрагиялық бөлінделерімен сипатталады. Улану
симптомдары қалыптасады. Температура субфебрилді, фебрилді болуы мүмкін.
Қоздырғыштың енген жері саусақтар болса, жараның шеті қызарып, ісіп, аз мөлшерлі ірің
болуы мүмкін. Бұл жағдайда біріншілік терілік аффект инфицирленген жараға ұқсайды.
Практикада осындай науқастарға – панариций, абсцесс, флегмона диагноздары қойылады.
Өршу кезеңі
. Регионалді лимфаденит (бубон) дамиды. Бубоның көлемі 3-5 см,
орташа ауру сезімі бар, тығыздығы қаттылау, орташа қозғалыс қасиеті бар. Бубон
үстіндегі тері қызарып ысып тұрады. Периаденит көп байқалмайды. Бірақ теріасты шел
қабатының ісінүі байқалады. Ісік көрші аймақтарға дейін созылып, үсті қызарып,
тығыздығы іркілдек сипатта болады. 1-2 күн арасында қолтық аймағында лимфа түйіндері
ұлғаяды. Науқастың жағдайы нашарлайды, жоғары қызба, айқын интоксикация
байқалады. Бұл жағдайда дәрігерлер лимфаденит, гидроаденит, абсцесс, флегмона деген
диагноздарды қойады.
Біріншілік жайылмалы түрі
бактериемия, септицемия әсерінен инфекциялық
–
токсикалық шок ретінде өтеді. Біріншілік регионалді ошақтар болмайды. Екіншілік
ошақтық турлері (бубонды, өкпелік, баспалы, абдоминалді, менинго-энцефалиттік, аралас,
септикалық) гематогенді диссеминация арқылы қоздырғыш ағзаларға тарап қалыптасады.
Бұл жағдайда улану белгілірімен бірге зақымдалған ағзалар бойынша клиникалық
симптомдар байқалады.
Асқынулары:
1.
Инфекциялық – токсикалық шок.
118
2.
ТШҰ – синдромы – 1-2 сатысында тек қана лабораториялық өзгерістерімен байқалады.
3.
Өкпенің ісінүі.
4.
Бүйректің жедел жетіспеушілігі.
5.
Мидың ісінуі
6.
Уотерхаузен-Фридериксен синдромы
Достарыңызбен бөлісу: |