Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет128/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

 
ПАСТЕРЕЛЛЕЗ
Син. геморрагиялық септицемия. 
Анықтамасы. 
Адамдардың 
пастереллезі 
– 
Pasterella 
тобына 
жататын 
микроорганизмдермен қоздыратын, жедел немесе жеделдеу түрінде өтетін, теріні, лимфа 


115 
түйіндерді, көзді және басқа ішкі ағзаларды зақымдаумен, жалпы улану және 
геморрагиялық синдромдарымен сипатталатын жұқпалы ауру.
Тақырыптың өзектілігі. 
Пастереллез барлық континеттерде кездесетін зоонозды 
ауру. Жануарлардың арасында жиі ірі эпизоотиялар ретінде өтеді. 1984 жылы Ақтөбе, 
Батыс-Қазақстан облыстарында сайгактардың арасында пастереллездың эпизоотиясының 
әсерінен олар қырылып қалды (А.М.Айкимбаев, 1985). Пастереллалардың токсині 
оксигемоглобинді метгемоглобинге алмастырып құстар ұшыпбара жатқан жерде құлап 
өледі. Сол себептен бұл ауруды «құстардың обасы» деп атаған. Адамдардыңда 
аурғандары кездесіп жатыр. 1993-1994 жж. Алматы қаласында пастереллезбен бірден 59 
адам ауырып Алматы қалалылық жұқпалы ауруханада емделіп щыққан. Аурудың көзі 
ауру ірі қара мал мен жылқылар болған. Ауырғандардың ішінде малшылар және ауру 
малдың етін сатып алып үйлерінде қолданған қала тұрғандары болған. Олар ауруханаға 
«Түйнеме» диагнозымен түскен, себебі дәрегерлердің көбі бұл ауру жайлы білмейді. 
Пастереллездің клиникалық көріністері полиморфизмен сипатталғаннан соң бұл ауру 
басқа диагнозбен өтіп, толық тіркелмей жатыр.
Этиологиясы. 
Пастереллездің қоздырғышы Pasterella алғашкы рет тауықтардың 
қанынан Е.Перрончито және К.Земмер 1878 ж бөліп алды, сосын Л.Пастермен 1879-1880 
жж зерттелді. Бұл қоздырғышты ветеринарлар геморрагиялық септицемияның 
қоздырғышы деп атайды. Қоздырғыш сиырдан бөлінсе – Р. boviseptica, Р.avisseptica, 
шошқадан - P.suisseptica деп аталған.
Соңынан С. Розенбух, Ж. Метхант – Р. multocida деп атады. 
1939 ж В.Фредериксен пастереллаларды биохимиялық қасиеттері бойынша 4 топқа 
бөледі: 
1.
P. multocida 1-5-ші биоварлары – pig –түрі шошқаларда, 6-шы биовар 
– dog- түрі иттерде 
2.
P. pneumotropics 
3.
P. urea 
4.
P. haemolitica- АбТб 3 биовары және avis түрі, Actinobacillus. 
Пастереллалар – ұсақ қысқа «эллипс» тәрізді таяқшалар, грам «теріс», спора 
түзбейді, қозғалыссыз, Романовский-Гимзе бойынша биполярлы боялады. Өлген 
жануарлардан, адамдардан бөлінген пастереллалар морфологиялық қасиеті бойынша оба 
қоздырғышына ұқсайды. 
Пастереллалардың құрамында 2 антиген бар: капсулалық (К-антиген), соматикалық 
(О-антиген). О-антигені – эндотоксин. 
Пастереллалар кептіргенге, күн сәулесіне төзімсіз. Жоғары температурада 58-60º С -
20 мин.; 70-90ºС – 5-10 мин. арасында, ал 100ºС тез тіршілігін жояды. Төменгі 
температурада ұзақ сақталады, аязға қатыпқалған құстардың өліктерінде, мұздатылған 
етте жылдар бойы сақталады. Топырақта 30 күн, құстардың нәжісінде 2 айдан аса 
сақталады. 
Дезинфекциялаушы ертінділерге (фенол, крезол, формалин, хлорлы әк) жоғары 
сезімталдылығы бар. Пенициллинге, тетрациклинге жоғары сезімтал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет