Эпидемиологиясы.
Бруцеллез - нағыз зооноз. Адамдардың ауыруы жануар популяциясында өтетін
эпизоотиялық процестің үздіксіз тізбегіне енуі нәтижесінде және адам мен жануардың
немесе жануар тектес тағамдардың өндірістік, тұрмыстық жағдайда әсерлесуі
нәтижесінде дамиды (С.Ә. Әміреев, 1988). Соңғы кездері, эпизоотикалық жағдайдың күрт
нашарлауына байланысты адамдардың арасында сырқаттанушылық жоғары деңгейде.
Қазақстан Республикасы бойынша бұл көрсеткіш 30-ға жетті (100 мың тұрғынға
шаққанда). Бірақ бұл көрсеткіш тек бірінші рет анықталып, есепке алынған науқастардың
санын көрсетеді.
Бруцеллез кезіндегі эпидемиологиялық процесс 3 негізгі звенодан тұрады: ауру көзі,
таралу жолдары мен факторлары, қабылдаушы макроорганизм.
1.
Аурудың көзі
– жануарлар (ешкі мен қой, ірі қара мал, шошқа). Қазіргі
бруцеллездің эпидемиологиялық ерекшілігі - бруцелла өзіне тән иесінен тән емес иесіне
миграциясы. Соңғы кездерде мал далада жайылмайды, бір қора да ұсталады да Brucella
melitensis ұсақ малдан ірі қара малға аусып, сиырдың сүті, еті арқылы жұғады.
Эпидемиологиялық анамнез жинаған кезде ауру сиырдан жұғады, ал науқастан және
зақымдалған тағамнан Brucella melitensis бөлінеді.
Көптеген бақылауларға сүйенсек, науқас адам инфекция көзі болуы мүмкін емес,
өйткені, адам бруцеллаларға „биологиялық тұғырық” болып табылады. Өте сирек
жағдайда жедел бруцеллезбен ауратын науқастың әртүрлі бөлінділерінен (зәр, емшек сүті,
плацента, қағанақ сұйықтығы) бруцеллез қоздырғышының табылуы мүмкін. M. Santic-
Palvinic және соавт. (1983) залалданған теңіз шошқалармен қарым-қатынаста болған
микробиологиялық зертхананың техникалық қызметкерінің ауырған жағдайын баяндаған.
Науқастың қанынан Brucella melintеnsis биовар 2 дақылы бөлініп алынған. Қызметкер
ауырғаннан 3 айдан кейін әйелі ауырады, оның қанынан дәл сондай дақыл табылған. Ұрық
туылу барысында залалданған қағанақ суын жұтып қойған жағдайда залалдануы мүмкін.
M. Hassid (1974) пікірі бойынша бруцеллез анасынан баласына трансплацентарлы және
трансамниотикалық жолдарымен берілуі мүмкін. Емшектегі балалар емшек сүті арқылы
заладануы ықтимал.
2.
Таралу жолдары мен факторлары
Контактілі жол
бруцеллез ошақтарында жиі кездеседі. Бұл инфекцияның басты
патогенетикалық ерекшелігі - бруцеллалардың жүкті жануарлардың жыныс мүшелеріне
және даму барысындағы ұрықтың тіндеріне жоғары органотроптылығы. Жыныс
жүйелерінде қоздырғыштың қарқынды көбеюі: ұрықтың өлуіне, түсік тастауға,
эндометриттің, маститтің дамуына әкеп соғады. Плацентамен, қағанақ суымен, жыныс
жолдарындағы бөлінділермен және ұрықпен бірге сыртқы ортаға өте көп мөлшерде
бруцеллалар шығады. 1 мл қағанақ суында бірнеше миллионнан миллиардқа дейін микроб
жасушалары болуы мүмкін. Бруцеллездің белсенді эпизоотия кезінде отарда ондаған,
кейде жүздеген мал түсік тастап, оның әркайсысы 1,5-2,0 л залалданған материал
бөлетінін ескерсек, онда бруцелллардың малшаруашылық мекемелерінде, жануарлардың
тұратын, су ішетін және жайылатын жерлерінде қоздырғыштың жайылу қарқындылығын
елестетуге болады. Мал түсік тастағаннан соң бір ай бойы бруцеллалар көп мөлшерде
бөлінеді, ал 2-3 айдан соң сау-тұрақты емес, ал 7 айдан соң тоқтайды. Мал төлдегеннен
соң бруцеллалар малдардың сүт безінде 5-8 ай, ал мастит болса 36-48 айға дейін
анықталады. Осыған байланысты адам малдың төлдеуіне көмектесуі кезінде және мал
төлдеген мезгілде малды қырқүға қатысу кезінде тікелей контакт болғанда бруцеллезді
жұқтыру қаупі жоғары. Шикізатты өңдеуге байланысты (ауру малды сою, терісін алу, етін
бөлшектеу, терісін өңдеу, жүнін өңдеу және басқа ауылшаруашалық жұмыстары)
өндірістік процестер залалдану механизмінде шешуші орын алады. Бұл кезде залалдану
жарақаттанған және сау тері арқылы жүзеге асады.
123
Достарыңызбен бөлісу: |