130
бруцеллезге қарсы оң реакциялары болған адамдағы осындай декомпенсация реинфекция
немесе суперинфекция деп бағаланбайды. Ол бұрынғы бруцеллездің асқынуы деп
есептелген соң, дәрегерлік көмекке келген көптеген науқастарда бруцеллез ұзақтығы өте
үлкен сияқты болып көрінеді (Н.Д.Беклемишев, 1975).
Х.А.Касымова (1979) бруцеллез бойынша эндемиялық аудандарда инфекция көзі,
берілу факторларымен тұрақты жанасқан 68 науқаста бруцеллездің супер- және
реинфекциясының клиникасын және иммунологиялық реакциялардың динамикасын
бақылаған. Инфекциялық және постинфекциялық иммунитет төмендеуі әсерінен,
екіншілік зақымдану біріншілік бруцеллезден 3-30 жыл өткен соң басталады. Қайталама
бруцеллез жедел немесе созылмалы түрде серологиялық реакция титрінің төмендеуімен
бірақ гиперсенсибилизациямен өтеді. Кейбір науқастарда аурудың жедел түрі
(реинфекция) ауыр сипатта және ағзалардың ерте зақымдануымен өтеді. Сонғы жылдары
кәсіптік топтарда қайталама бруцеллезбен ауыру көбейді.
Достарыңызбен бөлісу: