Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет142/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

 
кезінде
 
бұрын жедел бруцеллезбен ауырмаған 
науқаста созылмалы бруцеллездің клиникалық көріністері анықталады.
Бруцеллездің қалдықтары
кезінде организмде қоздырғыш жоқ, активті инфекцияның 
клиникалық көріністері жоқ, серологиялық реакциялар теріс, бірақ бұрын бруцеллалармен 
зақымданған ағзаларда анатомиялық дегенеративті деструктивті өзгерістер қалған – 
анкилоз, спондилез, деформация, атрофиялар, бедеулік және т.б.
Суперинфекция
созылмалы бруцеллезбен ауырып жүріп науқас бруцеллезды 
қайтадан жұқтырады.
Реинфекция 
бруцеллезден жазылғаннан кейін ауруды қайта жұқтырады. 
 Диагноздың мысалдары: 
1.
Латентті бруцеллез (Райт реакциясы 1:50, Хеддльсон реакциясы –айқын оң). 
2.
Жедел бруцеллез. Орташа ауыр ағымы. (Райт реакциясы 1:200, Хаддлсон 
реакциясы –айқын оң). 
3.
Жедел бруцеллез. Ауыр ағымы. Миокардит. Оң жақтық сакроилеит. (Райт 
реакциясы 1:800, Хеддльсон реакциясы –айқын оң). 
4.
Жеделдеу бруцеллез. Орташа ауыр ағымы. Сол жақ тобықтың артриті. (Райт 
реакциясы 1:400, Хеддльсон реакциясы –айқын оң). 
5.
Екіншілік-созылмалы 
бруцеллез. 
Декомпенсация 
сатысы. 
Увеонейрохориоретинит. Оң жақ шынтағының бурситі. (Райт реакциясы 1:100, Хеддльсон 
реакциясы –айқын оң). 
6.
Біріншілік-созылмалы 
бруцеллез. Декомпенсация сатысы. Жайылмалы 
остеохондроз. 
Вертебро-базилярлы 
жетіспеушілік. 
Гипертензионды 
синдром. 
Дисциркуляторлы энцефалопатия. Ми қантамырларының васкулиті. (бруцеллездік 
спецификалық антиген байланыстырушы лимфоциттердің оң нәтижесі, ИФА IgG). 
7.
Бруцеллездің қалдықты өзгерістері. Спондилез. Тізе буындарының артрозы.
8.
Жедел бруцеллез. Ауыр ағымы. Біріншілік созылмалы бруцеллез үстіне 
суперинфекция. Менингоэнцефалит. Сол жақ жанбас буының артрозы. Сегіз –көз-бел 
аймағының остеохондрозы. (Райт реакциясы 1: 200, Хеддльсон реакциясы –айқын оң). 
9.
Жеделдеу бруцеллез. Ауыр ағымы. Реинфекция. Екі-жақтық орхоэпидидимит. 
Солжақтық ахиллит. (Райт реакциясы 1:800, Хеддльсон реакциясы –айқын оң). 
Жедел бруцеллездің
жасырын кезеңі – 7-30 күн. Жиі бруцеллез жедел басталады. 
Клиникалық нышандары токсико-бактериемиялық, жайылмалы инфекциялық 
процестің 
көріністері 
болып 
табылады: 
қалтырау, 
қызу, 
терлеу, 
полиартронейромиалгиялар, лимфаденопатия, гепато- спленомегалия. 
Аурудың негізгі нышаны – қызба. Қызбаның сипаты ремиттерлеуші (танғы 
температурамен кешкі температураның айырмашылығы 1,5-2,0ºС). Дене қызуы тәүліктің 
екінші жартысында айқын қалтыраудан кейін жоғарлайды, сосын терлеумен сипатталып 


128 
төмендейді. Науқастың жалпы жағдайы қанағатты болады да, дәрігерлерге қаралмай жүре 
береді. Бірақ, бұл жағдай ұзаққа созылып (бір неше аптадан 3 айға дейін), науқас дене 
салмағын жоғалтады.
Екінші маңызды синдром - полиартронейромиалгиялар (сүйек, буын, бұлшық еттер, 
жүйке тамырлардың ауру сезімі пайда болады). Бұл кезде қабыну процестер дамымайды. 
Бруцеллездің қазіргі ағымының ерекшелігі- ағзалардың қабынуы ерте (3 айдан бұрын) 
қалыптасуы. Бұл адамдардың организмінің арнайы жоғары сезімталдылығының өршуінің 
белгісі. 
Науқасты тексеріп қарағанда ұлғайған барлық топтар лимфа түйіндерді (көбінесе 
жақ астылық, қолтық астылық, шаптық), бауырды, көк бауырды анықтауға болады. Лимфа 
түйіндердің көлемі майда, ауыр сезімсіз, қоршаған тіндерге жабыспаған. 
Жеделдеу бруцеллез
аурудың жедел сатысының жалғасы. Жедел бруцеллез кезіндегі 
көріністерге зақымданған ағзалардың қабыну процестері қосылады - артрит, неврит, орхит 
және т.б. 
Созылмалы бруцеллез 
кезінде
 
аурудың жалпы токсико - бактериемияның әсерінен 
пайда болған нышандар бәсеңдеіді. Бірінші орынға әртүрлі ағзалардың қабыну 
процестердің белгілері шығады. Бұл кезеңде дене қызуы қалыпты немесе субфебрилді, 
тершеңдік айқын емес болады. Бірақ лимфаденопатия, гепатомегалия сақталуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет