Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет147/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

 
 
Лабораторлық әдістер: 
1.
Бактериологиялық әдіс.
Бруцелла дақылын қаннан бөліп алу үшін Castaneda (1947) бифазды әдісімен қолдану 
қажет. Зерттеуханаға қан (5 мл) транспорртық ортаға (Т.А.Грушина, М.М.Ременцова, 1991)
салынып жеткізіледі. Осымен қатар, қоздырғышты лимфа түйіндердің, сүйек кемігінің 
пунктаттарынан, зақымдалған буынның синовиалді сұйықтықтан бөліп алуға болады. Бұл 
әдістің нәтижесі 30-45 күннен кейін дайын болады, себебі қоздырғыш қоректі ортада өте 
жай өседі. «Оң» гемокультура аурудың жедел кезеңінде - 17,5%, жеделдеу кезеңінде -4,4%, 
созылмалы кезеңінде –2,7-4,3% жағдайда анықталады (Құрманова К.Б., 1990).
2.
Серологялық реакциялар:
А) бруцеллезге қарсы түзелетін антиделерді анықтайтын реакциялар 
Райт реакциясы
– агглютинация реакциясы, диагностикалық титрі -1:200. Бұл 
әдістің нәтижесі 7-10 күннен бастап анықталады. Бірақ, соңғы кездерде Райт реакцияның 
титрлері төмен деңгейде анықталады -1:25, 1:50, 1:100, немесе теріс болып келеді: 3,5


жедел, 6,8% - жеделдеу, 45,1% - біріншілік-созылмалы, 32,8

- екіншілік-созылмалы 
бруцеллезде (Құрманова К.Б., 1990). 
Хеддльсон реакциясы
 
- агглютинация реакцияның сапалы түрі, әйнек үстінде 
өткізіледі. Бұл реакцияның сезімталдылығы жоғары, тез пайда болады, ұзаққа сақталады, 
бірақ спецификалық қасиеті төмен – себебі жиі жалған «оң» нәтиже беруі мүмкін (жүкті 
әйелдерде, ревматизммен ауыратын адамдарда, криоглобулинемия кезінде және т.б.). 
Тікелей емес гемагглютинация реакциясы 
(
 
ТГАР) 1:100 –жедел түрінде 90

кездеседі, бірақ созылмалы түрінде сиректеу анықталады. 
Роз-Бенгал тест (РБТ)
– сапалы реакция, өте сезімтал. 
Кумбс реакциясы (РК)
- 1:200, толық емес антиденелерді анықтайды, созылмалы 
бруцеллезді анықтауға ынғайлы 
Иммуноферментті анализ (ИФА)
- өте сезімтал 


134 
В) бруцеллезді антигенді анықтайтын реакциялар 
Жаңадан енгізлген 
бруцеллездік антигенді байланыстырушы лимфоциттерді 
анықтау
әдісі – иммундық диагностикаға жатады, жоғары сезімталдық пен арнайлығымен 
сипатталады. Жедел және жеделдеу бруцеллез кезінде 100% - оң нәтижеде, созылмалы 
бруцеллез кезінде - 78,3% (93% - декомпенсация сатысында, 92% - субкомпенсация и 
13,3% - компенсация) (Дүйсенова А.Қ., 2003 ж).
Полимеразды тізбелі реакция (
ПТР) 
3.
Терілік–аллергиялық сынама (Бюрне сынамасы) – теріге бруцеллездік 
сұйық аллерген енгізілгеннен 24-48 сағаттан кейін теріде жергілікті реакция пайда 
болады – папуланың көлемін өлшеп жауап береді
-
гипореактивтік (1 см дейін) 
-
нормореактивтік (1-3 см дейін) 
-
гиперреактивтік (3 см жоғары) 
Бруцеллез диагнозын анықтау үшін серологиялық реакциялардың комплексін 
пайдалану қажет. Біріншіден Райт және Хеддльсон реакцияларын, бактериологиялық 
әдісті. Бұл әдістер теріс нәтижеде болса, басқа әдістермен зерттеу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет