Қалыптастырушы бағалау арқылы оқушының білім деңгейін жетілдіру



бет1/11
Дата20.06.2018
өлшемі2,11 Mb.
#44022
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Кошкинбаева Меруерт Мухтархановна

Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қалыптастырушы бағалау арқылы оқушының білім деңгейін жетілдіру

Аңдатпа


Сапалы білім беруде бағалау үдерісін ұйымдастыру маңызды рөл алады. Жоба тақырыбы информатиканы оқыту әдістемесі мәселелеріне, оның ішінде оқушылар бойында 21 ғасыр дағдыларын қалыптастыру үшін, қалыптастырушы бағалаудың маңызына байланысты мәселелерді қарастырады. Жобада оқушылар мен мұғалімдерді тақырып бойынша оқу мақсатына жету үшін өз іс-әрекеттерін мақсатқа сай ұйымдастыруға бағыттайтын қалыптастырушы бағалау әдіс-тәсілдері, құралдары көрсетілген. Нәтижеде оқушының білім деңгейін нақты анықтайтын оқу критерийлері бойынша оқу мақсаттарына жету жолдары қарастырылған.
Аннотация
Для качественного преподавания организация процесса оценивания имеет важную роль. Тема проекта посвящена проблеме методики преподавания информатики, именно важность формирующего оценивания для развития навыков 21 века у учащихся. В проекте представлены различные методы, инструменты формирующего оценивания, которые направляют учителя и учащихся целенаправленно организовать свои действия для достижения целей обучения по теме. Указаны пути достижения целей обучения по критериям обучения, которые в результате определяют конкретный уровень знания учащихся.

Жоспар


  1. Қалыптастырушы бағалаудың ролі

  2. Бағалау стратегиясының дамуы

  3. Информатика сабағында қалыптастырушы бағалауды қолданудың нәтижесі




  1. Қалыптастырушы бағалаудың ролі

Оқушылардың білімі мен білім сапасын бағалаудың жаңа әдістерін енгізу өте қиын болып көрінуі мүмкін. Бірақ, бұдан қорқудың мүлдем қажеті жоқ. Қалып тастырушы бағалау үдерісін сабақ барысында тиімді енгізу – бұл дұрыс бағалаудың алғашқы қадамы болып табылады.

Қалыптастырушы бағалау дегеніміз не? Жаңа тақырыпты оқуға дейінгі және оқу барысында жүргізілетін бағалау түрлері қалыптастырушы бағалау болып табылады, өйткені ол оқу барысын түсінуді қалыптастыруға көмектеседі.

Қалыптастырушы бағалауды қай кезде қолдану керек? Қалыптастырушы бағалау – бұл оқытудың бір бөлігі, және ол оқушылар білімінің құрылымына енуі мүмкін. Сіз бұған дейін қалыптастырушы бағалау жүргізген де болуыңыз мүмкін. Мысалы, оған оқушыларды бақылау, оқушылардың жетістігі үшін мадақтау, оқушылардың жұмысын талдау. Қалыптастырушы бағалауды мұғалім де, оқушы да жүргізе алады. Оқушылар тарапынан өзін өзі бағалау арқылы және бірін бірі бағалау арқылы жүргізіледі.

Қалыптастырушы бағалауды не үшін қолдану керек? Қалыптастырушы бағалау білім сапасын жоғарылатады, өйткені мұғалім оқушының нені білетінін немесе білмейтінін анықтап, келесі іс-әрекетті жоспарлай алады. Оқушылардың білім дәрежесін нақты біле отырып, ары қарай дамыту үшін және оқу мен оқытудағы білім сапасын арттыру мақсатында мұғалім оқытудағы әдіс-тәсілдерін өзгерте алады. Сонымен қатар тиімді кері байланыс жасай алады.

Қалыптастырушы бағалауды дамыту жоспары

Берілген тақырып бойынша оқушылардың білім деңгейін дамыту мақсатында, бағалау арқылы қалай мұғалім алға қойған мақсатына жете алады?







  1. Оқушылардың білім алу үдерісін бақылау.

Оқушының білім алу үдерісінде үнемі талдау жасап, мотивация беріп отыру үшін, мұғалім оқушының жетістігі жайлы күнделік арнай алады.

  1. Кері байланыс орнату.

Мұғалім оқушылардың алған білімін формальді түрде бағалап, оларға кері байланыс беріп, дамуын үзіліссіз бақылай алады.

  1. Оқушылардың тапсырманы сапалы орындауына көмек беру.

Мұғалім оқушылардың тапсырманы сапалы орындауы үшін жетістік критерийлерін өзі ұсынады немесе өздеріне құрғыза алады (жетістік критерийлерін дұрыс құруына бағыт береді).

  1. Оқу материалын түсінгендігін тексеру.

Мұғалім оқушылардың тақырыпты түсінгенін білу үшін сұрақ қоюдың түрлі әдістерін қолдана алады.

  1. Оқушыларға тәуелсіз жұмыс жасауға үйрету.

Мұғалім тапсырманы орындау барысында оқушыларға еркіндік береді және өздігінен орындауына мүмкіндік орнатады (тапсырманы орындау барысында бір қағидамен шектелмеуі тиіс).

  1. Оқушылардың зерттеушілік қабілетін бақылау.

Мұғалім тапсырманы орындау барысында оқушылардың зерттеушілік қабілетін бақылайды, дұрыс бағыт береді (дұрыс дерек көздерді қолдануына көмектеседі).


  1. Бағалау стратегиясының дамуы

Дәстүрлі бағалау әдіс-тәсілдерінен жаңаша бағалау әдістеріне көшу қазіргі уақытта қойылған талаптардың негізгісі екені белгілі. Тиімді бағалау стратегиялыраның негізгі компоненттерін түсіну мақсатқа жетудің жолы болып табылады. Оқушылардың білім алу үдерісін дұрыс жолға қою үшін мұғалімдер белгілі бір мақсатқа ие бағалау стратегиясын қолданады, одан кейін нақты тақырыпқа және мақсатқа сай бағалау әдістерін таңдайды. Соңында, мұғалім оқушылардың оқу үдерісі жайлы қажетті ақпарат алу үшін бағалау құралдарын таңдайды немесе өзі құрастырады.

Бағалау мақсаттары.




Бағалау әдістері.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет