Оқушылардың өздігінен және бірлесе жұмыс жасауын мадақтау. Білім сапасын жүйелі түрде бағалау оқушыларда стратегиялық ойлауды қалыптастыратындығы анықталды. Нәтижесінде, оқушылар өздігінен немесе бірлесе жұмыс жасау дағдысын қалыптастыра отырып, алға мақсат қоюға және өз іс-әрекетін түзетіп отыруға алып келді. Мұғалім тарапынан оқушылардың жетістігін мадақтап, қолдап, кері байланыс орнатуы қалыптастырушы бағалаудың бір тәсілі болып табылады. Мысалы: 11 сынып оқушыларының сабақта бір біріне қолдау көрсетуі, топтық жұмыста кері байланыс беруі білім алу барысында өзін өзі жетілдіруге деген ынтасын арттырды.