Сыныпта талқылау. Оқушының өзіндік жұмысын сыныпқа жариялау, қорғау, сыныпта талқылау өз көзқарасын дәлелдеуге, жіберілген қателіктерді түзетуге, сонымен қатар білім алу бағытын дұрыстауға дағдыландырды. Оқушылар сыныптастарының, мұғалімнің пікірін ескере отырып, өзінің білім алу бағытын дұрыстап отырды. Мысалы: 11 сынып оқушылары берілген тақырыпты талқылап, өз көзқарастарын дәлелдеуі оқушының біліміне деген сенімділігін арттырды.
Өзін-өзі және бірін-бірі бағалау. Оқушы жұмысының нәтижесін жетістік критерийлері арқылы бағалау оқушының білімінің нақты дәрежесін бағалауға және сыныптасына пікір, ұсыныс айтуға көмектесті. Мұғалім оқушылардың өзін-өзі бағалауын, бірін-бірі бағалауын бақылай алады. Мысалы: Жоба қорғаған оқушының идеясын, пікір айтқан оқушының толықтыруларын бақылай отырып екі жақтама бағалайды.
Портфолио. Оқушылардың тақырып бойынша жасаған жұмыстарының нәтижесінің жиынтығы. Мысалы: Жоба жұмысы, бағалау парағы, жетістік критерийлері, презентация, қалыптастырушы бағалау тапсырмасы және т.б.
Информатика сабағында Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қолданылатын Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі бағалау критерийлеріне бағытталған екені белгілі. Оқушы бойында 21 ғасыр дағдыларын қалыптастыру қазіргі уақыттың негізгі талабы болып табылады. Бағалау критерийлерін Блум таксономиясының даму дағдыларына бағыттай отырып жасалынды.
Бағалау парағы, бағалау критерийлері. Бағалау парағына оқу жоспары бойынша оқу мақсаты анықталып, оған орай бағалау критерийлері құрастырылып отырды. Бағалау критерийлеріне сай оқушылар тапсырма орындады. Бағалау критерийлері арқылы оқушының нақты жетістігін бағалау қарастырылды.
Қалыптастырушы бағалау
Оқушының аты-жөні_______________________________________________ сыныбы ___________
|
Оқу мақсат-тары
|
Аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етудің байланысын білу
|
Жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің айырмашылығын білу
|
Бағалау критерийлері
|
Білу және түсіну
Hardware түсінігін біледі
Software түсінігін біледі
Бағдарламалық қамтамасыз етудің түрлерін біледі
|
Қолдану
Принтер жұмысын анықтайтын бағдарламаны анықтайды
Дисктегі қателіктерді анықтауға арналған бағдарламаны анықтайды
Компьютердің аппараттық және бағдарламалық бөліктерін байланыстыратын жүйені анықтайды
Операциялық жүйелермен жұмыс жасайтын бағдарламалар тобын анықтайды
|
Синтез
Компьютерлік құралдарды жіктейді (hardware және software)
|
Синтез
БҚ түрлеріне мысалдар келтіреді және оларды топтарға боледі
БҚ түрлерін атқаратын қызметіне қарай жіктейді
|
Талдау
Мысалы үшін таңдап алынған бағдарламаны талдайды
|
Бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар
|
Тапсырма№1
http://learningapps.org/1551575
(5 мин)
|
Тапсырма №2
Видео
материал
Конспект
|
Тапсырма №3
Тәжірибелік жұмыс
|
Тапсырма №4
http://learningapps.org/1203546
Тапсырмадан қателікті табыңыз
http://learningapps.org/1655275
|
Тапсырма №5
Топтық жұмыс
|
Жетті/ талпынды
(+/- қойыңыз)
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |