142
атаған. М.П. Чумаков науқастардан бөлінген қоздырғышты риккетсиялар тобына
жататынын анықтаған. Бұл ауруды зерттеуде Қазақстан ғалымдарының (Е.Н. Бартошевич,
И.Л.Касаткина, Н.Т.Ермуханова, Н.П.Петрова) үлесі зор.
Этиологиясы.
Аурудың қоздырғышы – Coxiella burnetii Rickettsiacea туыстығына
Coxiella тұқымдастығына жатады. Риккетсиялар грам «теріс» ұсақ кокк тәрзді немесе
таяқша тәрізді, көлемі 0,25-0,5 және 0,25-1,5 мкм микроорганизмдер. C. burnetii – жасуша
ішілік паразит, ол фаголизомолардың ішінде дамып, L-түрлерін түзуге бейім. Олар
бактериалді фильтр арқылы өтуге қабілетті. Басқа риккетсиялардан айырмашылығы -
сыртқы ортада, сондай-ақ әртүрлі физикалық және химиялық әсерлерге өте тұрақты.
Қоздырғыш етте – 30 күн, сүтте –125 күн, бөлме температурасында – 160 күн сақаталады.
90
С дейін қыздыруда олар 1 сағат бойы жойылмайды, тек қана 100ºС – тіршілігін жояды.
Құрғақ дақылда C. burnetii 5-10 жыл сақталады. C. burnetii құнарлы ортада өспейді. Ол
доксициклин мен левомицетинге сезімтал.
Достарыңызбен бөлісу: